Үстіміздегі жылдың 9-10 шілдесі күндері ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Германияға жұмыс сапары өтті.
Берлин қаласында болу бағдарламасы шеңберінде Германияның Сыртқы істер министрлігінің Статс-хатшысы Эмилия Хабермен, Федералдық экономика және технологиялар министрінің орынбасары Карл-Эрнст Браунермен, «GIZ Agenz» нарықтық шешімдер агенттігінің атқарушы директоры Андреас фон Шуманмен, «Deutsche Messe» компаниясының басқарушы кеңесінің мүшесі Андрей Гросспен және шетелдік инвесторлармен келіссөздер өткізілді.
Германияның сыртқы саяси мекемесіндегі кездесуде екіжақты және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасу болды. Екі тарап тұрақты саяси пікір алмасумен, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюімен және нығаюмен, қомақты құқықтық-шарттық базамен, ұлғайған мәдени-гуманитарлық байланыспен бейнеленген екіжақты серпінді әрі табысты өзара ықпалдасудың жоғары деңгейін атап өтті.
Келіссөздер барысында Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы ахуалдың реттелуіне, лаңкестікпен және экстремизммен күресуге, Еуропадағы дағдарысқа, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, технологиялар трансферті саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылуы, қазақстандық «KazAID» халықаралық көмек және техникалық жәрдемдесу агенттігін құру, ҚР білім берудің «қосарлы жүйесін» дамыту, сондай-ақ 2017 жылы Астана қаласында 22-ші Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізу туралы қазақстандық ұсынысқа қолдау көрсету сынды маңызды мәселелер талқыға салынды.
ГФР Федералдық экономика және технологиялар министрлігі басшылығымен өткен кездесу барысында, тараптар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ГФР Федералдық канцлері А.Меркель арасындағы 2012 ж. ақпан айында Берлинде өткен кездесулері нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тәжірибелі тұрғыдағы іске асырылуымен байланысты, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, неміс тарапы Үкіметаралық шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық әріптестік туралы Келісімді Германия мазмұнды толықтыруға мүдделі екендігі жөнінде мәлімдеді, сондай-ақ оның осы бағытта қабылданып жатқан қадамдары туралы хабардар етті. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу шеңберіндегі болашақ энергиясын дамыту саласындағы қазақ-герман ынтымақтастығын дамытуға және Астанада ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге әзірлігіне ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты, Федералдық экономика және технологиялар министрінің орынбасары Карл-Эрнст Браунер, құрылыс саласындағы ең үздік технологиялық жетістіктер бойынша Германияның көрме аумағында өз павильонын салу бойынша жоспарлары туралы, сондай-ақ осы үдерісті жоба шеңберінде жаңартпалы қуаттың баламалы көздері кеңінен қолданылатыны туралы мәлім етті.
«GIZ Agenz» нарықтық шешімдер агенттігінің атқарушы директоры Андреас фон Шуман және «Deutsche Messe» компаниясының басқарушы кеңесінің мүшесі Андрей Гросс өздерінің ұйымдарының Астанада ЕХРО-2017 дайындауға қатысуға мүдделі екендерін растап, бүкіл әлем бойынша ірі масштабты халықаралық көрмелік шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша үздік білімдерін және технологияларын Қазақстанға табыс етуге дайындықтарын білдірді. Кездесулер нәтижесінде көрсетілген мақсатпен ынтымақтастықты тереңдету туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Шетелдік инвесторлармен өткен келіссөздерде Астанада Халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға шетелдік инвестициялар тарту сұрақтары қарастырылды.
Германия астанасында өткізілген барлық кездесулер мен келісөздер барысында кабылдаушы тарап Астананың «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізетін орын ретінде таңдалуы Қазақстанның мемлекеттік құрылыс және бәсекелестікке қабілетті экономиканы дамыту салаларындағы жетістіктерін мойындаудың айғағы болып отырғанын көп мәрте қайталады. Неміс тарапының пікірінше, алдағы көрме үшін «Болашақ энергиясы» тақырыбының таңдалуы ерекше құрметке ие, сондай-ақ бұл қадам табиғи ресурстарға бай ел басшылығының келешек ұрпақтар алдындағы саналы жауапкершілігінің нақты көрінісі болып есептеледі.
ҚазАқпарат.