Астанада көшелердегі жарнама павильондары біріздендіріледі

10 Шілде 2013, 09:57

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астананы одан әрі дамытуға байланысты қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы елорда аумағындағы жарнама мен көрнекті ақпараттардың, газет және гүл павильондарының салынуы мен орналасуы ережелеріне өзгерістер әзірледі. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды. «Кеше қалалық сесияда оны Астана қаласының Мәслихаты депутаттары бұл бас қаламыздың әсем келбетін одан да жақсартуға әсер ететін жақсы идея екендіні мақұлдап, бірауыздан қолдады. Енді жарнама полотнолар орнастырылатын орындарына байланысты белгілі бір көлемде болады»,-деп жазылған хабарламада. Бұл газет және гүл павильондарына да қатысты болады. Сәулет және қала құрылысы басқармасы газет және гүл дүңгіршектерінің біріздендірілген эстетикалық үлгісін әзірлеуде. «Астана қаласында жарнамалық құрылымдарды орналастыру Мәслихатта бекітілген келесі сызбаларды қатаң сақтай отырып: жарнамалық-ақпараттық нысандарды жарнамалық-ақпараттық алаңда орналастыру сызбасы - аудандық маңыздағы магистральдарда 2-ден 5 шаршы метрге дейін; қалалық маңыздағы магистральдарда 12-ден 18 шаршы метрге дейін; үшінші сызба - жарнамалық-ақпараттық алаңы 18-ден 72 шаршы метрге дейін ақпараттық жарнамалық нысандар - айналма жолдарда, қалаға кірер магистральдарда жүзеге асыру ұсынылады», - деді сессия барысында қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Виталий Силецкий. Сыртқы жарнама да бір көргенде көз тартарлықтай әдемі, көшенің сәніне үйлесетіндей тартымды болып, сауатты жазылуы қажет. «Жарнама тасығыштар көлемімен нысандарды жауып кетпейтіндей, заман үлгісі мен қала құрылысының талаптарына сәйкес болуы қажет деген шешім қабылдадық. Мұнымен меншік иелері түгелге дерлік келісті. Алдағы уақытта жаңа құрылымдар жасалып, бұл қызмет ретке келтіріледі. Тек жарнама берушілермен шектеліп қана қалмаймыз. Газет дүңгіршектері мен гүл павиольондарын да қалада бір үлгіде жөнге келтіреміз. Біз қазір әлем назарын аударған заманауи қала тұрғызудамыз. Сондықтан жарнамалар да қазіргі технологияларға сәйкес болуы керек. Бұл бағытта біз жүйелі жұмыс жүргізіп, жаңа нысандардың талапқа сай болуына күш саламыз. Менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім!» - деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астананы одан әрі дамытуға байланысты қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы елорда аумағындағы жарнама мен көрнекті ақпараттардың, газет және гүл павильондарының салынуы мен орналасуы ережелеріне өзгерістер әзірледі. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды.

«Кеше қалалық сесияда оны Астана қаласының Мәслихаты депутаттары бұл бас қаламыздың әсем келбетін одан да жақсартуға әсер ететін жақсы идея екендіні мақұлдап, бірауыздан қолдады. Енді жарнама полотнолар орнастырылатын орындарына байланысты белгілі бір көлемде болады»,-деп жазылған хабарламада.

Бұл газет және гүл павильондарына да қатысты болады. Сәулет және қала құрылысы басқармасы газет және гүл дүңгіршектерінің біріздендірілген эстетикалық үлгісін әзірлеуде.

«Астана қаласында жарнамалық құрылымдарды орналастыру Мәслихатта бекітілген келесі сызбаларды қатаң сақтай отырып: жарнамалық-ақпараттық нысандарды жарнамалық-ақпараттық алаңда орналастыру сызбасы - аудандық маңыздағы магистральдарда 2-ден 5 шаршы метрге дейін; қалалық маңыздағы магистральдарда 12-ден 18 шаршы метрге дейін; үшінші сызба - жарнамалық-ақпараттық алаңы 18-ден 72 шаршы метрге дейін ақпараттық жарнамалық нысандар - айналма жолдарда, қалаға кірер магистральдарда жүзеге асыру ұсынылады», - деді сессия барысында қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Виталий Силецкий.

Сыртқы жарнама да бір көргенде көз тартарлықтай әдемі, көшенің сәніне үйлесетіндей тартымды болып, сауатты жазылуы қажет. «Жарнама тасығыштар көлемімен нысандарды жауып кетпейтіндей, заман үлгісі мен қала құрылысының талаптарына сәйкес болуы қажет деген шешім қабылдадық. Мұнымен меншік иелері түгелге дерлік келісті. Алдағы уақытта жаңа құрылымдар жасалып, бұл қызмет ретке келтіріледі. Тек жарнама берушілермен шектеліп қана қалмаймыз. Газет дүңгіршектері мен гүл павиольондарын да қалада бір үлгіде жөнге келтіреміз. Біз қазір әлем назарын аударған заманауи қала тұрғызудамыз. Сондықтан жарнамалар да қазіргі технологияларға сәйкес болуы керек. Бұл бағытта біз жүйелі жұмыс жүргізіп, жаңа нысандардың талапқа сай болуына күш саламыз. Менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім!» - деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов. 

Бөлісу: