Астана - қарқынды дамып келе жатқан қала. 15 жылда қаланың әрбір саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді.
Оған осы жылдар ішіндегі елорданың өндірістік кәсіпорындары санының 1,7 есеге өскендігі толық дәлел, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық Статистика департаментіне сілтеме жасап.
15 жылда керемет өзгерістер болды. Егер 1998 жылы құрылыс пен өнеркәсіптің үлесі сәйкесінше 19,2 және 14,7 пайызды көрсетсе, 2012 жылы бұл сектордағы экономиканың үлесі 10,3 және 3,6 пайызға жеткен. Өнеркәсіп өндірісі үлесінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіп көлемі айтарлықтай өсіп отыр.
«Бұл кезеңде өнеркәсіп өндірісі саны (қала өнеркәсібі негізінен өңдеуші, электрмен жабдықтаушы, газ бен бу беруші, ауа баптағыштар, сумен қамту және кәріз жүйесі мен қалдықтарды бөлуші кәсіпорындары болып келеді) 1,7 есеге артқан»,- деп атап көрсетеді ведомство.
Астанада дизель локомотивін, жолаушы вагондарын, сұйықты компрессормен айдау және құрғату сорғыларын шығару, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру жолға қойылды. Құрылыс материалдарын өндіру 17,1-ден 22,9 пайызға дейін өсті.
Өндірістегі еңбек ететін адамдар саны да өзгерді. Атап айтқанда, 2012 жылы 17,4-тен 23,5 мың адамға дейін, құрылыста 16,9-дан 57,6 мың адамға дейін өсті. Елорданың жағымды экономикалық қарқыны кәсіпкерлікке әлеуетті мүмкіндіктер туғызды. Егер 1999 жылы тіркелген заңды тұлғалардың саны 5 782-і болса, 2012 жылдың аяғында ол 36 702-ге жетті.
ҚазАқпарат.