Қазан қаласындағы Универсиадада сейсенбі күні еліміздің қоржыны 4 медальмен толықты. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Жеңіл атлет Маргарита Мұқашева 800 метр қашықтыққа жүгіруден ресейлік Екатерина Купина мен литвалық спортшы Эглу Балчунайтені шаң қаптырып, бас жүлдені еншіледі. Белбеумен күресте 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эскархан Осканов ақтық сында 0:4 есебімен ресейлік Ренат Ахметшинге жол беріп, күмісті місе тұтты.
Зілтемірші Карина Горичева (63 келі) жалпы есепте 227 келіні (102+125) бағындырып, екінші орынды иеленді. Ал ҚХДР өкілі Ен Ми Пьон 233 келі нәтижесімен жеңімпаз атанды. Жерлесіміз Евгений Эктов үш қарғып секіруден украиндық Виктор Кузнецов пен ресейлік Алексей Федоровқа есе жіберіп, қоланы қанағат тұтты.
Былғары қолғап шеберлері Ержан Жомарт (49 келі) және Нұрдәулет Жарманов (75 келі) жартылай финалда сүрініп, қола медаль тағынды. Рустам Рустамов (56 келі) және Жан Кособуцкий (+91) ақтық сынға жолдама алды.
Медальдар:
1.Ресей - 77 (39,16,22);
2. Оңтүстік Корея - 11 (6,3,2);
3. Жапония - 21 (5,8,8);
...
9. Қазақстан - 9 (2,4,3).
Еліміздің Қазандағы Универсиададағы 6-10 шілде арасындағы медальдары:
Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);
Күміс (4): Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Рустам Кұрбанов (семсерлесу);
Күміс (3): Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гульнур Ерболова (белбеумен күрес).
ҚазАқпарат.