9 Шілде 2013, 11:17
Қазақстан үшін өте маңызды шара, сондықтан да ол көрменің логотипін бірлесіп таңдауымых керек! Бұл туралы осынау ұлттық жобаның ресми сайты хабарлады. Кәсіби таңдау аяқталды, ендігі таңдауды қарапайым қазақстандықтар жасайды!
9-22 шілде аралығында «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбын ашатын және EXPO-2017 көрмесінің символы бола ататын логотип үшін дауыс беру өтеді, бұл туралы «EXPO-2017» Ұлттық компаниясы Коммуникациялар және маркетинг департаментінің директоры Әсел Қожақова хабарлады.
Қазақстандықтардың таңдауына логотиптің жеті нұсқасы ұсынылып отыр. Әсел Қожақованың айтуынша, оларды жасауға әлемнің 18 елінен 27 дизайнер атсалысқан. Мемлекеттік комиссия мүшелері 56 логотиптің ішінен жетеуін таңдап, соларды халықтың құзырына ұсынып отыр.
"Мысалы, «Жасыл энергия» деп аталатын бірінші жобада «Жаңа тіршілік пен орнықты дамудың символы саналатын «Өскін» мен энергияны бейнелейтін «Электр вилкасы» бір образға - "Жаңа энергияға» айналады. Бұл логотип замана символына – «Әлеуметтік желілерге» ұласып, Жасыл энергия «Энергетикалық әлеуметтік желіге» айналады», - делінген сайтта.
Ал «Пирамида» деп аталатын жобада күн батереясына ұқсас сызықтар мен формалар «А» әрпін және Астана сивволдарының бірі саналатын «Бейбітшілік пен келісім» сарайының сұлбасын бейнелейді.
Департамент басшысының айтуынша, бұл шараның мақсаты қазақстандықтарға логотипті таңдауға атсалысуға жағдай жасау болып табылады. «Біз EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысын ашық жүргізуге талпынып жатырмыз және бұл көпшіліктің құзырына ұсынылып отырған бірінші жоба, кейінірек біз шеберлік-жоспарлары бойынша барлық жұмыстарды таныстыратын боламыз», - деп түйіндеді өз сөзін Әсел Қожақова.
Baq.kz