Алаш ұлдарын алысқа қуған кеңестік зұлмат

9 Шілде 2013, 11:04

    Сталиндік зұлымдық қазақстан жерімен ғана шектеліп қалмай шет жұрттағы қандастарымыздың басына да ақырзаман әкелді. Мақала осы ойларды қытай жеріндегі зұлматтармен байланыстыра өрбітеді АЛАШ ҰЛДАРЫН АЛЫСҚА ҚУҒАН КЕҢЕСТІК ЗҰЛМАТ Шынжаң қазақтары өздері қоныстанған байтақ даланы ата-бабамыздан қалған ежелгі мекеніміз деп біледі. Сондықтанда болар ел басына ауыр күн туған қилы кезеңдерде Қазақстан жерінде қуғын-сүргін көрген қазақтардың көбі солай босты. Әсіресе кеңестер одағының орнауына байланысты қызыл империяның тіс-тырнағынан қашқан талай боздақ сондағы қандастарының бауырына паналады. 1916 жылы орыстардың (патшалық ресейдің) әскер алуына қарсы шыққан албан руы мен қырғыздар қарулы көтеріліс жасап қырғынға ұшырады. Бұл тарихта «Қарқара көтерілісі» немесе «Албан қырылған» деген аттармен белгілі. Қырғынға ұшырап, жан сауғалаған 200 мыңға тарта қазақ-қырғыз арт-артынан Шынжаңға қашып өтті. Албандар Іле өңірін мекендеді. Жүсіпбекқжожа Шайхысламұлы, Әсет Найманбайұлы секілді әйгілі ақындармыздың қытай жеріне қашып өтуі де осы жылдарға тұспа-тұс келеді. Осыдан кейінгі жерде 1917 – 1920 жылдар аралығындағы Кеңестер одағының орнауы мен азамат соғысының орын алуына байланысты ақтар мен қызылдардың қырқысы тұсында да талай қазақ ауылы босқындық күйге тап болды. Өткен тарихтың парақтарына үңілгенде Қытайдың Алтай жеріндегі керейлердің арасына барып қайтқан аға сұлтан Құнанбай: «Түбі біздің елдің бір тиянағы осы ел болар-ау» дейтін сөзін еске алсақ, Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), Міржақып Дулат(1885-1935), Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына барып қайқаны да тегін болмаса керек. Әсеттің осы бас қосуда шығарған «Алашқа» атты атақты өлең-толғауы сол тарихтың бір куәсі болып бізге жетіп отыр. Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) жазған «Қазақ» үнқағазының (газетінің) 1917 жылғы 6-желтоқсандағы №254 санында: Қазақстандағы 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болғанын, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан екендігін жазады. Ал, енді бір деректерде 1927-1953 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адамның қуғынға ұшырап, 25 мың адамның атылғаны, қазақтардың 42 пайызының аштықтан қырылғаны және бір милионға жақын адамның босып кеткені айтылады. Енді бір дерек көзінің мәліметінше 1930-1933 жылдары негізінен қазақтар тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігені сөз болады. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мыңға жеткені туралы да дерек бар. Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3 миллион 963 мың 300, 1939 жылғы санақ бойынша 3 миллион 100 мың 900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын-сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді» деп жазады. Демек аталған мәліметтерге негізделгенде Кеңестер одағы құрылғаннан кейінгі әр түрлі соғыс апаттары мен қуғын-сүргін салдарынан шетел асып кеткендердің жалпы саны 500 мың төңірегінде болса, соның ішінде тек қана 1917 жылдан кейінгі қытай асып кеткендерінің санының өзі 200 мыңнан асқан екен. Сталиннің билік басына шыққаннан кейін өзіне қарсылардың көзін құртып, партияны өзінің бағыты бойынша істеуге жұмылдыруымен жұмыс бастаған Ішкі Істер Халық Комиссариаты (НКВД) жазалаушы орган ретінде тарих сахнасына шыққан еді. Міне осындай қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған шағында Ф. Голощекиннің(1876-1941) 1925-1933 жылдар аралығында қазақстанда билік жүргізуі ұлт зиялыларының басына қаралы кезеңнің қарлы дауылын үйірді. 1925 жылы қыркүйекте Ф.И.Голощекиннiң Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшылығына келуi Республиканың қоғамдық-саяси өмiрiн күрт өзгертiп, қазақ халқын зор қайғы қасiретке ұшыратты. 1928 жылы 44 адам - «буржуазиялық-ұлтшылдар» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов бар бұрыңғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалса, 1930 жылы М. Тынышбаев, Х.Досмұхамбетов бар тағы да 40-қа жуық адам түрмеге жабылды.1937-1938 жылдары бұл үрдiс жаппай етек алды. Тiптi большевиктерге мүлде қарсы болмаған, сол үкіметтің сойылын соғысқан Т.Рысқұлов, О. Исаев, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгiров, С. Асфендияров, т.б. бастаған қазақтың бетке ұстар азаматтары да қуғын-сүргiнге ұшырап, барлығы да ату жазасына кесiлдi. Бұл зұлматтар аранын күн сайын аша түсіп, қазақ ұлтшылдарының қомақты бір тобы көктей орылып, жетпей жатып желкесінен қиылды. Қазақстандағы сұмдық ашаршылық жайында Сталинмен пiкiр алысқанда Ф.И.Голощекиннің: «Бiз Сталинге Қазақстандағы адам төзгiсiз ашаршылықтан бүкiл қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, “Ол сары пәлелерден тек сондай жолдармен ғана құтылуға болады”-деп жауап бердi» -дегенінің (Қазақ әдебиетi, 01.12.2006) өзі-ақ зұлматтың түп-төркінінің қайда жатқанын айқын аңғартса керек. Осындай жантүршігерлік тәсілмен жүргізілген тәркілеу, Алаш қозғалысы жетекшілерін жаппай қудалау, тұтқындау, жер аудару және ауылшаруашылығын зорлап ұжымдастыру, күштеп отырықшыландыру, қолдан жасалған аштық секілді зұлматтар салдарынан елі үшін, жері үшін еңбек етіп жүрген талай ұлт зиялысы шет жұртқа бас сауғалауға мәжбүр болды. Қазақстан жеріндегі көптеген қазақ ауылдары арт-артынан Шынжаңға қашып барды. Қытай асқандардың көп бөлімі Іле, Тарбағатай, Алтай өңіріндегі бұрыннан бар қазақ бауырларына барып паналады. Айталық 1929 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан жерінен Әбдікәрім болыс өз балалары Қамбар, Шабдан, күйеу баласы Ғазез Қалбанов және Ысқақ Изетұлы, Тіленші, Әбдіразақ, Қабдыраш, Мәметек бидің немерелері Айдархан, Мұхтархан бастаған бір топ адаммен Қытай аумағына қарасты Алтай аймағына қашып өткен. Әбдікерім Ережепұлы болса Санкт-Петербург орман шаруашылығы инситутында оқыған, Мемлекеттік Думаға делегат ретінде екі дүркін қатысқан, 28 жыл бойы Семей губерниясының Өскемен-Зайсан уезінің Шыңғыстай болысын басқарған, Алаш партиясының программасын жасаушылардың бірі еді. Өз кезінде Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Солтанмахмұт Торайғыровтармен де жақын өткен. Ал балалары Қамбар Санкт-Петербургтен заңгер мамандығы бойынша университет тауысса, Шабдан Мәскеу коммерциялық инситутын бітірген болатын. Ал күйеу баласы Ғазез Қалбанов Санкт-Петербург университетінің заң факултетінен оқып, прокрор, сот, адвокат жұмыстарын атқарған еді. Олар Алтайға барғаннан кейін абақ керейдің төрт биінің бірінің мұрагерлік орнындағы Қанапия Мәмиұлының ауылын паналап, барған елінің мәдениет істеріне де өзіндік үлестерін қосты. Сталиндік зұлматтың қанды құрығы 1937 жылы Шынжаң жеріне дейін жетіп, Қамбар, Шабдан, Ғазез, Тіленші, Ысқақ, Айдархан, Мұхтархан, Сәлім Жаназаров бастаған бір топ адамды Шың Сысай арқылы тұтқындап Нобосибриски түрмесінде өлтірген екен. Сталиндік қуғын-сүргін кеңес одағы жерімен шектеліп қалмай жат жұртқа кеткен қазақтар басына да ақыр заман келтіріп отырған. Шынжаңда Шың Сысай билік құрған дәуірде бұл зұлмат мейлінше қанат жайып, қазақтардың қуғындалуы мен түрмеленіп-өлтірілуі ең жоғарғыы деңгейге жеткен. 1917 жылдан 1958 жылға дейінгі Шынжаңда жүрілген көптеген саяси қозғалыстар мен қырғындауларға кеңес одағы тікелей әсер етіп отырған. Қуғын-сүргін салдарынан Қытай жеріне қашып өткен ендігі бір топ Шәкерім қажы ауылының адамдары еді. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкерім қажы Қарасартов жағынан жазықсыз атылған соң, Зият Шәкәрімұлы, Бердеш Әзімбайұлы Тәкежанов, Мәнәкеш Әзімбайұлы, Қожақапан, Төлеуқазы қатарлылар әуелі Тарбағатайға, онан соң Алтайға қашып барады. Өкінішке орай, Зиятта 1938 жылы Сталиндік бұйрықтың құлы болған Шың Сысай жағынан қолға алынып, із-тозсыз жоғалтылды. Бердеш Әзімбайұлы кеңес одағы мен қытай арасындағы достық тұсында яғный 1956 жылы Зияттыңұлы Мерекені ертіп, қазақстанға оралды. Бұдан басқа ілгерінді-кейінді болып Алтайға жан сауғалап барған Сейітқазы Нұртаев, Кәрім Дүйсебай, Сәлім Жаназаров, Мырзахмет, Құсайын, Ахметқали Жайсаңбаев, Жұптыбай Сағындықов Алтайдан басқа жерлерді паналаған Райымжан Мәрсеков қатарлы асылдың қиықтары бар еді. Олардың да алды болыс болса, арты университет тауысқан асыл текті тұқымнан тараған аса білімді жандар болған. Бұлардан сырт Мұстафа Шоқай бастаған алыс-жуық шетелдерге бас сауғалаған қазақ зиялылары да аз болған жоқ. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тентіреп кеткен Мәжит Айтбаев сияқты тұлғалар отанына орала алмай өмірбақи зарлап өтті. Аты аталғандар ғана емес, ілгерінді кейінді Кеңестер Одағы өзіне қарсы оқ атқан немесе қашып кеткен әр пенденің сары ізіне шөп салып, 1938, 1939, 1940 жылдары барған елдерінде арт-артынан қолға алдырды, қырғындады. Бұл қанды жазалау Моңғол жеріндегі қазақтар арасында да жалғасын тапты. Жоғарыда айтылған қуғын-сүргін құрбандарының бірі Ахметқали Жайсаңбаевқа азырақ тоқталар болсақ, әкесі Жайсаңбай аса сауатты, бай кісі болып, қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде 12 жыл болыс болған екен. Ахметқали «бай, кулак, халық жауы» секілді жалалармен қолға алынып Өскемен түбіндегі «Крепость» түрмесіне түседі. Түрмеден қашып шығып, олда Өл Алтай жеріне тартады. Онда барған соң Халифа Алтайдың ұстазы болып «Алтайдан Анадолыға» босқан елмен бірге кетеді. 1943 жылы Пакстанның Дир аймағының Жандул деген жерінде аурудан қайтыс болды. Балалары Қазақстан, Қытай, Түркия үш елге шашылып, торғайдай тозды. Бұл арада Ахметқалиға орай айта кетерлік бір жағдай бүгінгі Еуропа қазақтарының қалыптасуына себеп болған Түркияға қарай көшу – шын мәнінде кеңес қызылдарынан қашудан басталған болатын. Сол кездегі қытай қазақтары туралы айтар болсақ, мұсылман елдерін, түркі халқын бетке алып қызыл империядан құтылатын жалғыз есік – Үндістан, Пакстан, Ауғанстан арқылы Түркияға өту болған. Демек, кеңес одағы териториясында отырған қазақтар ғана емес, дүниені жалмаған қызыл тасқыннан қашқан шалғайдағы қазақтарда де жер шарының түкпір-түкпіріне тарыдай шашылды. Осының бәрін айтып, азда болса жеке адамдар тағдырына тоқталуымыз кеңестік зұлматтың кесірлерінің қандай болғанын көрсету еді. Қазақ сынды қайсар халық тағдырдың қиын сынағына көбірек түсіп, өзінің ерлік рухын дәлелдеу үшін орыс және қытай сынды екі алпауыт елдің арасында әдейі өмір сүріп жатқан сияқты. Бұл халықты жер бетінен құртып жібермекші болған әлемнің қожасына айналмақ болған кеңестік билік те өз түбіне өзі жетіп, түп-тамырымен қопарыла құлады. Тарихтың жеңілісіне ұшырады. Тарыдай шашылған қанды тарихымыздың қайталамауын тілесек те, тасқа басылған ерлігімізді ешкімнің өшіре алмайтынына мақтанғымыз келетінінде де шүбә жоқ! Өйткені біз комунизимнің қып-қызыл өртіне керілген қыл көпірден сүрінбей өтіп, империялардың әріптесіне айлалған ҚАЗАҚ деген халықпыз.  Жәди ШӘКЕН      

 

 

Сталиндік зұлымдық қазақстан жерімен ғана шектеліп қалмай шет жұрттағы қандастарымыздың басына да ақырзаман әкелді. Мақала осы ойларды қытай жеріндегі зұлматтармен байланыстыра өрбітеді

АЛАШ ҰЛДАРЫН АЛЫСҚА ҚУҒАН КЕҢЕСТІК ЗҰЛМАТ Шынжаң қазақтары өздері қоныстанған байтақ даланы ата-бабамыздан қалған ежелгі мекеніміз деп біледі. Сондықтанда болар ел басына ауыр күн туған қилы кезеңдерде Қазақстан жерінде қуғын-сүргін көрген қазақтардың көбі солай босты. Әсіресе кеңестер одағының орнауына байланысты қызыл империяның тіс-тырнағынан қашқан талай боздақ сондағы қандастарының бауырына паналады. 1916 жылы орыстардың (патшалық ресейдің) әскер алуына қарсы шыққан албан руы мен қырғыздар қарулы көтеріліс жасап қырғынға ұшырады. Бұл тарихта «Қарқара көтерілісі» немесе «Албан қырылған» деген аттармен белгілі. Қырғынға ұшырап, жан сауғалаған 200 мыңға тарта қазақ-қырғыз арт-артынан Шынжаңға қашып өтті. Албандар Іле өңірін мекендеді. Жүсіпбекқжожа Шайхысламұлы, Әсет Найманбайұлы секілді әйгілі ақындармыздың қытай жеріне қашып өтуі де осы жылдарға тұспа-тұс келеді. Осыдан кейінгі жерде 1917 – 1920 жылдар аралығындағы Кеңестер одағының орнауы мен азамат соғысының орын алуына байланысты ақтар мен қызылдардың қырқысы тұсында да талай қазақ ауылы босқындық күйге тап болды. Өткен тарихтың парақтарына үңілгенде Қытайдың Алтай жеріндегі керейлердің арасына барып қайтқан аға сұлтан Құнанбай: «Түбі біздің елдің бір тиянағы осы ел болар-ау» дейтін сөзін еске алсақ, Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), Міржақып Дулат(1885-1935), Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына барып қайқаны да тегін болмаса керек. Әсеттің осы бас қосуда шығарған «Алашқа» атты атақты өлең-толғауы сол тарихтың бір куәсі болып бізге жетіп отыр. Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) жазған «Қазақ» үнқағазының (газетінің) 1917 жылғы 6-желтоқсандағы №254 санында: Қазақстандағы 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болғанын, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан екендігін жазады. Ал, енді бір деректерде 1927-1953 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адамның қуғынға ұшырап, 25 мың адамның атылғаны, қазақтардың 42 пайызының аштықтан қырылғаны және бір милионға жақын адамның босып кеткені айтылады. Енді бір дерек көзінің мәліметінше 1930-1933 жылдары негізінен қазақтар тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігені сөз болады. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мыңға жеткені туралы да дерек бар. Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3 миллион 963 мың 300, 1939 жылғы санақ бойынша 3 миллион 100 мың 900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын-сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді» деп жазады. Демек аталған мәліметтерге негізделгенде Кеңестер одағы құрылғаннан кейінгі әр түрлі соғыс апаттары мен қуғын-сүргін салдарынан шетел асып кеткендердің жалпы саны 500 мың төңірегінде болса, соның ішінде тек қана 1917 жылдан кейінгі қытай асып кеткендерінің санының өзі 200 мыңнан асқан екен. Сталиннің билік басына шыққаннан кейін өзіне қарсылардың көзін құртып, партияны өзінің бағыты бойынша істеуге жұмылдыруымен жұмыс бастаған Ішкі Істер Халық Комиссариаты (НКВД) жазалаушы орган ретінде тарих сахнасына шыққан еді. Міне осындай қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған шағында Ф. Голощекиннің(1876-1941) 1925-1933 жылдар аралығында қазақстанда билік жүргізуі ұлт зиялыларының басына қаралы кезеңнің қарлы дауылын үйірді. 1925 жылы қыркүйекте Ф.И.Голощекиннiң Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшылығына келуi Республиканың қоғамдық-саяси өмiрiн күрт өзгертiп, қазақ халқын зор қайғы қасiретке ұшыратты. 1928 жылы 44 адам - «буржуазиялық-ұлтшылдар» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов бар бұрыңғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалса, 1930 жылы М. Тынышбаев, Х.Досмұхамбетов бар тағы да 40-қа жуық адам түрмеге жабылды.1937-1938 жылдары бұл үрдiс жаппай етек алды. Тiптi большевиктерге мүлде қарсы болмаған, сол үкіметтің сойылын соғысқан Т.Рысқұлов, О. Исаев, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгiров, С. Асфендияров, т.б. бастаған қазақтың бетке ұстар азаматтары да қуғын-сүргiнге ұшырап, барлығы да ату жазасына кесiлдi. Бұл зұлматтар аранын күн сайын аша түсіп, қазақ ұлтшылдарының қомақты бір тобы көктей орылып, жетпей жатып желкесінен қиылды. Қазақстандағы сұмдық ашаршылық жайында Сталинмен пiкiр алысқанда Ф.И.Голощекиннің: «Бiз Сталинге Қазақстандағы адам төзгiсiз ашаршылықтан бүкiл қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, “Ол сары пәлелерден тек сондай жолдармен ғана құтылуға болады”-деп жауап бердi» -дегенінің (Қазақ әдебиетi, 01.12.2006) өзі-ақ зұлматтың түп-төркінінің қайда жатқанын айқын аңғартса керек. Осындай жантүршігерлік тәсілмен жүргізілген тәркілеу, Алаш қозғалысы жетекшілерін жаппай қудалау, тұтқындау, жер аудару және ауылшаруашылығын зорлап ұжымдастыру, күштеп отырықшыландыру, қолдан жасалған аштық секілді зұлматтар салдарынан елі үшін, жері үшін еңбек етіп жүрген талай ұлт зиялысы шет жұртқа бас сауғалауға мәжбүр болды. Қазақстан жеріндегі көптеген қазақ ауылдары арт-артынан Шынжаңға қашып барды. Қытай асқандардың көп бөлімі Іле, Тарбағатай, Алтай өңіріндегі бұрыннан бар қазақ бауырларына барып паналады. Айталық 1929 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан жерінен Әбдікәрім болыс өз балалары Қамбар, Шабдан, күйеу баласы Ғазез Қалбанов және Ысқақ Изетұлы, Тіленші, Әбдіразақ, Қабдыраш, Мәметек бидің немерелері Айдархан, Мұхтархан бастаған бір топ адаммен Қытай аумағына қарасты Алтай аймағына қашып өткен. Әбдікерім Ережепұлы болса Санкт-Петербург орман шаруашылығы инситутында оқыған, Мемлекеттік Думаға делегат ретінде екі дүркін қатысқан, 28 жыл бойы Семей губерниясының Өскемен-Зайсан уезінің Шыңғыстай болысын басқарған, Алаш партиясының программасын жасаушылардың бірі еді. Өз кезінде Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Солтанмахмұт Торайғыровтармен де жақын өткен. Ал балалары Қамбар Санкт-Петербургтен заңгер мамандығы бойынша университет тауысса, Шабдан Мәскеу коммерциялық инситутын бітірген болатын. Ал күйеу баласы Ғазез Қалбанов Санкт-Петербург университетінің заң факултетінен оқып, прокрор, сот, адвокат жұмыстарын атқарған еді. Олар Алтайға барғаннан кейін абақ керейдің төрт биінің бірінің мұрагерлік орнындағы Қанапия Мәмиұлының ауылын паналап, барған елінің мәдениет істеріне де өзіндік үлестерін қосты. Сталиндік зұлматтың қанды құрығы 1937 жылы Шынжаң жеріне дейін жетіп, Қамбар, Шабдан, Ғазез, Тіленші, Ысқақ, Айдархан, Мұхтархан, Сәлім Жаназаров бастаған бір топ адамды Шың Сысай арқылы тұтқындап Нобосибриски түрмесінде өлтірген екен. Сталиндік қуғын-сүргін кеңес одағы жерімен шектеліп қалмай жат жұртқа кеткен қазақтар басына да ақыр заман келтіріп отырған. Шынжаңда Шың Сысай билік құрған дәуірде бұл зұлмат мейлінше қанат жайып, қазақтардың қуғындалуы мен түрмеленіп-өлтірілуі ең жоғарғыы деңгейге жеткен. 1917 жылдан 1958 жылға дейінгі Шынжаңда жүрілген көптеген саяси қозғалыстар мен қырғындауларға кеңес одағы тікелей әсер етіп отырған. Қуғын-сүргін салдарынан Қытай жеріне қашып өткен ендігі бір топ Шәкерім қажы ауылының адамдары еді. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкерім қажы Қарасартов жағынан жазықсыз атылған соң, Зият Шәкәрімұлы, Бердеш Әзімбайұлы Тәкежанов, Мәнәкеш Әзімбайұлы, Қожақапан, Төлеуқазы қатарлылар әуелі Тарбағатайға, онан соң Алтайға қашып барады. Өкінішке орай, Зиятта 1938 жылы Сталиндік бұйрықтың құлы болған Шың Сысай жағынан қолға алынып, із-тозсыз жоғалтылды. Бердеш Әзімбайұлы кеңес одағы мен қытай арасындағы достық тұсында яғный 1956 жылы Зияттыңұлы Мерекені ертіп, қазақстанға оралды. Бұдан басқа ілгерінді-кейінді болып Алтайға жан сауғалап барған Сейітқазы Нұртаев, Кәрім Дүйсебай, Сәлім Жаназаров, Мырзахмет, Құсайын, Ахметқали Жайсаңбаев, Жұптыбай Сағындықов Алтайдан басқа жерлерді паналаған Райымжан Мәрсеков қатарлы асылдың қиықтары бар еді. Олардың да алды болыс болса, арты университет тауысқан асыл текті тұқымнан тараған аса білімді жандар болған. Бұлардан сырт Мұстафа Шоқай бастаған алыс-жуық шетелдерге бас сауғалаған қазақ зиялылары да аз болған жоқ. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тентіреп кеткен Мәжит Айтбаев сияқты тұлғалар отанына орала алмай өмірбақи зарлап өтті. Аты аталғандар ғана емес, ілгерінді кейінді Кеңестер Одағы өзіне қарсы оқ атқан немесе қашып кеткен әр пенденің сары ізіне шөп салып, 1938, 1939, 1940 жылдары барған елдерінде арт-артынан қолға алдырды, қырғындады. Бұл қанды жазалау Моңғол жеріндегі қазақтар арасында да жалғасын тапты. Жоғарыда айтылған қуғын-сүргін құрбандарының бірі Ахметқали Жайсаңбаевқа азырақ тоқталар болсақ, әкесі Жайсаңбай аса сауатты, бай кісі болып, қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде 12 жыл болыс болған екен. Ахметқали «бай, кулак, халық жауы» секілді жалалармен қолға алынып Өскемен түбіндегі «Крепость» түрмесіне түседі. Түрмеден қашып шығып, олда Өл Алтай жеріне тартады. Онда барған соң Халифа Алтайдың ұстазы болып «Алтайдан Анадолыға» босқан елмен бірге кетеді. 1943 жылы Пакстанның Дир аймағының Жандул деген жерінде аурудан қайтыс болды. Балалары Қазақстан, Қытай, Түркия үш елге шашылып, торғайдай тозды. Бұл арада Ахметқалиға орай айта кетерлік бір жағдай бүгінгі Еуропа қазақтарының қалыптасуына себеп болған Түркияға қарай көшу – шын мәнінде кеңес қызылдарынан қашудан басталған болатын. Сол кездегі қытай қазақтары туралы айтар болсақ, мұсылман елдерін, түркі халқын бетке алып қызыл империядан құтылатын жалғыз есік – Үндістан, Пакстан, Ауғанстан арқылы Түркияға өту болған. Демек, кеңес одағы териториясында отырған қазақтар ғана емес, дүниені жалмаған қызыл тасқыннан қашқан шалғайдағы қазақтарда де жер шарының түкпір-түкпіріне тарыдай шашылды. Осының бәрін айтып, азда болса жеке адамдар тағдырына тоқталуымыз кеңестік зұлматтың кесірлерінің қандай болғанын көрсету еді. Қазақ сынды қайсар халық тағдырдың қиын сынағына көбірек түсіп, өзінің ерлік рухын дәлелдеу үшін орыс және қытай сынды екі алпауыт елдің арасында әдейі өмір сүріп жатқан сияқты. Бұл халықты жер бетінен құртып жібермекші болған әлемнің қожасына айналмақ болған кеңестік билік те өз түбіне өзі жетіп, түп-тамырымен қопарыла құлады. Тарихтың жеңілісіне ұшырады. Тарыдай шашылған қанды тарихымыздың қайталамауын тілесек те, тасқа басылған ерлігімізді ешкімнің өшіре алмайтынына мақтанғымыз келетінінде де шүбә жоқ! Өйткені біз комунизимнің қып-қызыл өртіне керілген қыл көпірден сүрінбей өтіп, империялардың әріптесіне айлалған ҚАЗАҚ деген халықпыз.

 Жәди ШӘКЕН

 

 

 

Бөлісу: