Алаш арыстарының ұлттық идеяға адалдығы мен қайсарлығы хақында

9 Шілде 2013, 10:59

1927-1930 жылдары ұлт басына төнген қауiптi жан-тәнiмен сезiнген алаш көсемдерi халықты төнiп келе жатқан ашаршылық пен ұлттық ыдыраудан құтқарудың жолдарын барынша жанталаса қарастырды. Мұны қас қақпай бақылап отырған Кеңес орындары дереу "Кеңес өкiметiн қарулы көтерiлiс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан "Алашорда" қайраткерлерiнiң контрреволюциялық, террористiк астыртын құпия ұйымын әшкерелеу" туралы қылмыстық iз қозғады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Е.Омаров, М.Есполов, Х.Болғанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев бастатқан бiрiншi топтағы 41 адамның тергеу iсi 1927-1930 жылдары арасында жүргiзiлiп, үкiм шығарылған соң, Мұхамеджан Тынышбаев бастаған "ұлы құрбандықтың" екiншi легi, 30 адам түрменiң торына: Ермеков Әлiмхан - 6/Х. 30 ж.; Тынышбаев Мұхамеджан - 4/ VIII - 30 ж.; Досмұхамедов Халел - 14/IХ - 30 ж.; Досмұхамедов Жаhанша - 31/Х - 30 ж.; Қожамқұлов Нашир - 20/Х - 30 ж.; Сүлеев Бiләл - 27/IХ - 30 ж.; Кеменгеров Қошмұхамед - 17/IХ - 30 ж.; Әуезов Мұхтар - 17/IХ - 30 ж.; Омаров Әшiм - 14/IХ - 30 ж.; Күдерин Жұмақан - 17/IХ -30 ж.; Бұралқиев Мұстафа - 17/IХ - 30 ж.; Ақбаев Әбдухамид - 14/VIII - 30 ж.; Ақбаев Жақып - 8/VIII - 30 ж.; Қадырбаев Сейдазым - 14/IХ - 30 ж.; Тiлеулин Жұмағали - 2/VII - 30 ж.; Мұрзин Мұхтар - 14/IХ - 30 ж.; Омаров Уәлихан 30/III - 31 ж.; Үмбетбаев Алдарбек - 8/VIII - 31 ж.; Искаков Кәкiтайұлы Даниал - 29/III - 31 ж.; Мұңайтпасов Әбдiрахман - 23/IХ - 31 ж." - күндерi түстi. Осы тергеу iсiндегi басты нысаналы тұлға болып қарауылға алынған М.Тынышбаев туралы Қазақ ССР Мемлекеттiк Қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары А.Тiлеулиевтiң 1972 жылы 18 ақпандағы Партия институтының директоры С.Б.Бейсембаевқа жолдаған құпия хатында: "Тынышбаев Мұхамеджан, 1887 жылы туған, қазақ, партияда жоқ, мамандығы инженер. Қазақстандағы бұрынғы ОГПУ мекемесi оны: "Алаш" партиясын құрушылардың бiрi, Мемлекеттiк Думаның мүшесi, "Алашорда" үкiметiнiң мүшесi, Уақытша үкiметтiң комиссары ретiнде 1930 жылы 3 тамызда тұтқынға алған. 1932 жылы 20 көкекте сотталған", - деп көрсеткен. Демек, М.Тынышбаевқа астыртын ұйым, басмашылармен байланыс, контрреволюциялық әрекеттер туралы тағылған айыптың қолдан жасалғанын құпия мекемелердiң өздерi де мойындап, жалтара жауап берген. Сонда алаш ардагерлерiн қандай "айыптары үшiн" жаппай қамаққа алған? Әрине, алаш идеясы мен оның бағдарлы нысанасы үшiн жазаға тартылды. Өйткенi сол қарсаңда жаппай "мойынсерiктендiру", байлар мен орташаларды тәркiлеу, "қазақ даласына жұмысшы, шаруаларды жаппай қоныстандыру" (алғашқы лекте Ресей мен Украиинадан 240-360 мың адам көшiру жоспарланған), ұлттық идеяны пролетариаттық идеяға толықтай алмастыру, түрi ұлттық, мазмұны социалистiк мәдениеттiң негiзiн қалау, сөйтiп, тегiн ұмытып, табы мен партиялық идеологияның "жасасындатқан" (М.Әуезов) жалаңтөстерiне айналдыру науқаны шұғыл әрi шеңгелдей жүргiзiлiп жатқан. Ұлтты аздырып, рухани тоздыратын, жерiн телiмдететiн мұндай саясат алаш идеясымен еш қабыспайтын. Соның iшiнде жер мен мәдениет мәселесi алаш қайраткерлерiн ерекше алаңдатты. Әсiресе, жер телiмi мен қоныстандыру, тәуелсiз экономика, мемлекеттiк тiл, тәуелсiз ғылым мәселесiнде ұлт зиялылары ашық күрестi. Тергеу iсiнiң "Айыптау қорытындысының" "Ұлтшыл контрреволюциялық қастандықтар" атты екiншi бөлiмiндегi "Жер мәселесi туралы" тарауында бұл ұстанымдар былай баяндалған: "Астыртын ұйымының негiзгi мақсатты бағдарламасының бiрi - жер мәселесi болды, мұны шешу арқылы олар "Алаш" партиясының ауыл шаруашылығы жөнiндегi бағдарламасын, яғни, жердi ең алдымен бұратана тұрғындарға (иә, Кеңес өкiметi үшiн қазақтар тек қана "бұратана" болып қалды - Т. Ж.) ешқандай кесiмсiз қажетiнше бөлiп беруге және ру-руымен қоныстандыруды жүзеге асыруға тырысты. Бұл бағдарлама бойынша, жергiлiктi тұрғындар толықтай жермен қамтамасыз етiлгеннен соң ғана Қазақстанға сырттан келген қоныстанушыларды орналастыруға болады, ал қазақ жерiне бұрыннан орналасып қалған қоныс аударушылар ол жердi қазақтарға керi қайтарып беруге тиiстi едi. (...) Ташкент қаласында, Түркiстан Атқару комитетiнде, ауыл шаруашылығы факультетiнiң үйiнде өткен Жер мәселесi жөнiндегi ұйымның мәжiлiсiне Досмұхамедов, Тынышбаев, тағы да басқа адамдар қатысып, жоғарыдағыдай көзқарас бiлдiрген және Жер реформасын жүргiзетiн өкiлдiктiң құрамына өз адамдарын кiргiзудi ұйғарған (№5417 - iс, Тынышбаевтың жауабы, №2370-iс, 275-бет). Айыпкер Тынышбаев бұл жөнiнде мынадай куәлiк бердi: "1923 жылы, Мемлекеттiк университеттiң үйiнде профессор Қожанов жерге қоныстандыру мәселесi туралы баяндама жасады. Бұл жиналыста бiздiң ұйымнан: мен, Есполов және Досмұхамедов Халел сөйледi. Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан бiз, өзiмiздiң бағдарламамызға орай, жерге ең алдымен негiзгi тұрғындар орналастырлсын деген пiкiрдi қорғадық" (Тынышбаевтiң 1930 ж. IХ. 3. күнгi жауабынан № 2370-iс, 1 т. 4-парақ). "1923 жылғы Жетiсу губерниясындағы жер реформасы кезiнде, Жер жөнiндегi халық комиссарының мiндетiн атқарушы Есполов жетекшiлiк еткен техникалық кеңестiң құрамына - мен және Қожықов мүше боп кiргеннен кейiн, бiздiң ұйымымыздың жер мәселесi жөнiндегi бағдарламасын кеңiнен жүзеге асыруға мүмкiндiк туды. Соның нәтижесiнде, Талдықорған ауданының Шұбар селосында жаппай наразылық туды" (сонда, 4-парақ. Тынышбаевтiң 1930 ж. IХ. 3 күнгi жауабынан). "Тысқары жерден Қазақстанға келiмсектердi орналастыруға бұрын да қарсы тұрдық және ұлтшыл ұйымның мүшесi ретiнде қазiр де келiмсектерге қарсымыз. Бұл өзi ежелден келе жатқан бiздiң ұйымымызбен тiкелей тарихи байланысы бар мәселе" (№ 2370-iс, 1 т., 125-парақ, Тынышбаевтың 1930. IХ. 3 күнгi жауабынан). "Жер мәселесiне бiз қатты мүдделi болдық және жерге қоныстандыру мәселесi бiздiң ұйымымыздың мүддесiне сай жүргiзiлуiн қаладық. Бұл мақсатқа бiз Жер жөнiндегi комиссариаттағы бiздiң ұйымымыздың мүшелерi арқылы, оның iшiнде - Есполов пен Тынышбаев арқылы қол жеткiздiк" (№ 2370-iс, 1 т., 205-парақ. Досмұхамедовтiң 30 ж. IХ. 12 күнгi жауабынан). "Қазақстанға келiмсектердi жолатпауға тырысып, бұны патшалық отарлау саясатының жалғасы ретiнде көрсеттi, ұйым жердi жергiлiктi тұрғындарға бекiтiп берудi, сөйтiп Қазақстанда басы артық жер жоқ екендiгiн дәлелдеуге ұмтылды" (№541784-iс, 1 т., 98-102, 220-222-парақтар). Жерге қоныстандыруды осындай кезек сақтай отырып жүргiзудi және жер бөлiп берудi дәл осы негiзде жүзеге асыруды қамтамасыз етуi үшiн ұйымның бұрынғы мүшелерi жер кесiмiнiң мөлшерiн ғылыми тұрғыдан тиянақтауды талап еттi. Осы мақсатқа жету үшiн Бөкейхановтың тiкелей ұйымдастыруымен Ғылым академиясының арнайы экспедициясы жасақталды, оны Бөкейхановтың С-Р-дағы (социал-революциялық партияның - эсердiң мүшесi - Т.Ж.) пiкiрлесi профессор Швецов басқарды; экспедиция мүшелерi Жер жөнiндегi комиссариаттың жауапты қызметкерлерi Қаратiлеуов пен айыпкер Мұрзин Мұхтардың iрiктеуi бойынша тек қазақ шәкiрттерiнен құрылды. Экспедиция өзiнiң ғылыми жұмысын: жерге қоныстандырудың ғылыми тұжырымын негiздеу және Қазақстанда басы артық жер жоқ деген пiкiрдi дәлелдеу бағытында жүргiздi" (№ 541784-iс, 1 т., 103-111-парақтар). Швецовтың экспедициясының жұмысына экспедиция жетекшiсiнiң орынбасары ретiнде Ә.Бөкейханов та қатысты, сөйтiп, ол "Қазақстан - қазақтар үшiн ғана!" деген ұранды заң жүзiнде бекiтуге ұмтылды, сондай-ақ, Ташкенттегi жоғары оқу орнының профессоры Успенскийге КССР-дiң Жер туралы кодексiн жасауға тапсырма бердi, ол ұсыныс 1927 жылы Өлкетану бюросының жиналысында жауапқа тартылған Бұралқиев Мұстафа мен Омаровтың, тағы да басқалардың қатысуымен қабылданды (№ 541784-iс, 1 т., 10-парақ)", - деп жазылды. Екiншi лекке жер мәселесi жөнiндегi тағылған айыптың ұзын-ырғасы осындай. Бiз жоғарыда тергеушiлер айғақ ретiнде келтiрген жауаптарды талдап жатпаймыз. Мұның себебi: ол көрсетiндiлер айыпкерлердiң өз қолымен жазылды ма, жоқ, хаттама арқылы тергеушi толтырды ма? - деген сұраққа сенiмдi түрде жауап беру қиын, iшкi астары көп, шырғалаңы мол мәселе. Әрине, "Алашорда" үкiметi мен "Алаш" партиясының жерге қоныстану жөнiндегi бағдарламасын басшылыққа алғаны рас. Бұл - қазақ ұлтын отарлық бұғаудан құтқарып, отанды тәуелсiз жолға түсiрудiң бiрден-бiр бағыты болатын. Бұл пiкiрдi баспасөз беттерiнде ашық бiлдiрдi де. Ал, астыртын ұйымның жайына келетiн болсақ, ондай ұйым ресми түрде өмiр сүрмеген. Тек әр жерде бастары қосылған, оңаша пiкiр алысқан. Туған халқының болашақтағы тағдырын талқылаған. Қандай талқыға түспесiн Жер жөнiнде олардың үндемей қалуға қақысы жоқ едi. "Коммунистiк-колонизаторлық" саясат бұл қитұрқылы әрекеттi отыз жылдан кейiн "тың игеру" деген дақпыртпен жүзеге асырды. Оған дейiн де қазақ ұлты үш рет зауалға ұшырады. 1931-1932 жылғы аштықтан, отыз жетi-отыз сегiзiншi жылғы жазалау науқанынан, Ұлы Отан соғысындағы қантөгiстен соң 1913 жылы 6 миллионға жеткен қазақ ұлтының саны 1948 жылы 1 миллион 400 мыңға дейiн құлдырады. Қырып-жоюдың мұндай қасiретiн басынан кешкен ұлт әлемде некен-саяқ қана. Адамның сүйегi ғана қалған иесiз даланы ың-шыңсыз игерудiң бұдан асқан аярлық жолының болуы да мүмкiн емес. Аштан қырылған қазақтың тәнi мен сүйегi құнарланған топыраққа өсiп-өнген астық мұқым кеңес өкiметiн асырады. Мұндай "коммунистiк-колонизаторлыққа" кеңес өкiметiнiң тiзгiнiн ұстаған Смағұл Сәдуақасов, Ыдырыс Мұстамбаев, Нығымет Нұрмақов, Жалау Мыңбаев, Ораз Жандосов сияқты өжет мiнездi қайраткерлер ашық қарсы шықты. Мысалы, Ақтөбенiң Елек ауданын Орынбор облысына беру туралы шешiмге орай Қазақ Автономиялы республикасының Халық комиссарлары кеңесiнiң төрағасы Нығымет Нұрмақов: "Егер орталық жеке аудандардың тағдырын осылай шеше беретiн болса, онда келешекте Қазақ республикасының сақталып қалуы мүмкiн емес", - дедi. Ал Орталық атқару комитетiнiң төрағасы Жалау Мыңбаев: "Сөз әзiрге бiз ұға қоймаған, бiрақ болашақта алдымыздан шығатын мәселе туралы болып отыр... Мен өзiм орталық мекемелердiң тек орыс шаруаларының мүддесiне деген ерекше қамқорлығын бiрнеше рет байқадым... Ендеше, неге сiздер қазақ шаруалары Қазақстан өкiметiне талап қоя алмайды деп ойлайсыздар? Егер бiлгiлерiңiз келсе, айтайын, қазақтардың жағдайы күн сайын нашарлап барады. Олар: "Бiздiң жерiмiздi неге алып жатыр?", - деп сұрайтыны анық. Бiз болсақ: "Ол жердiң тұрғындарының басым көпшiлiгi орыстар" деймiз. Оған олар: "Патшалық Ресейдiң бiздiң жерiмiздi тартып алып, оған өзiнiң отаршылдарын қоныстандыр деп кiм сұрапты?", - десе, не деймiз... Қазiр ел арасында: "Қазақстанда кiм бұқараның жағдайын көтеруге қатты күш салса, сол адам өкiмет басында көп тұрмайды",- деген қауесет сөз бар. Бұл, әрине, қазақ қызметкерлерiне қатысты айтылған. Мейлi, солай-ақ болсын дер едiк, бiрақ қазақ бұқарасының алдында масқара болып қалар жайымыз жоқ. Осында Боярский жолдас менен: "Сiздiң басыңыз ауырды ма?",- деп сұрайды. Мен: "Жоқ, басым емес, жаным ауырады", - деймiн. Шынымен де ауыратындай себеп жеткiлiктi", - деп күйiне айтты. БКП(б) Қазақ өлкелiк комитетiнiң екiншi хатшысы Сұлтанбек Қожанов: "...Бiздiң республикамыздың тұла бойы тұнған ұлттық проблема (мәселе) ... Мәселенiң ұлттық тұрғыдан қойылуынан тайсақтап, ең құнарлы экономикалық аудандардан айырылып отыра бергiмiз келмейдi. Қазiргi кезде қоныстандырудың қарқынды жүргiзiлiп жатқаны байқалады... Менiң пiкiрiмше, Қазақ республикасын бiр өлке немесе Ресейдiң бiр ауданы есебiнде емес, өзiнше мемлекет ретiнде сақтап қалу және оны одан әрi нығайту тұрғысынан келу қажет... Кейбiр жолдастарға ерiк берсек, олар бұл республиканы таратып жiберуге құлшынып отырған сияқты", - дедi (Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. А. 2004, 268-бет). 1927 жылы ақпанда БКП(б) саяси бюросының мәжiлiсiнде "Қазақстандағы байларды тәркiлеу науқанын жүргiзудiң жоспары" арнайы талқыланды. Оған Сталиннiң өзi төрағалық еттi. Қазақ Өлкелiк Халық Комиссарлар кеңесiнiң төрағасы Нығымет Нұрмақов бұған үзiлдi-кесiлдi қарсы шықты. Ф.И. Голощекин мен оның идеологиялық қолбаласы О.Исаев бұған қатты "намыстанып", өздерiнiң әрiптестерiн "байлардың құйыршығы" деп айып тақты. Қазақ байларын тәркiлеу туралы өкiметтiң қаулысы мұқым дала тұрғындарының ашу-ызасын қоздырып, тұс-тұстан ашық наразылық туып, әр жерде қарулы көтерiлiстер бұрқ ете қалды. Мұның өзi ұлт қайраткерлерiне қосымша айып тағылып, "қылмысын" ауырлатты. Кеңес үкiметiнiң ауыл шаруашылығы жөнiндегi "асыра сiлтеулерi" мен қателiктерiн "ұлтшыл-буржуазияшыл алашордашылардың" мойнына "қарғыс қамыты" ретiнде кигiзуге сылтау болды. Сондықтан да, үкiм де соған сай шығарылды. Мәскеу мен Алматының "ең үздiк" тергеушiлерi өздерiнiң "контрреволюциялық астыртын ұйымның қылмысты қастандықтарын әшкерелеу" бағытындағы бес жыл бойы жүргiзген тергеу iсiнiң "нәтижесiнде" тәркiлеу науқанына байланысты "Алашорда" азаматтарына мынадай айып тақты. "3. 1928 жылғы байлардың мал-мүлкiн тәркiлеу науқанына қарсы жүргiзiлген әрекеттер. Жер мәселесi жөнiндегi өздерiнiң негiзгi мiндеттерiн шешуге ұмтылған астыртын ұйымның мүшелерi Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзге де кеңестiк науқандар мен түрлi шаралардың мән-мазмұнын бұрмалап көрсетуге тырысты. 1928 жылы байлардың мал-мүлкiн тәркiлеу науқанына дайындық жүргiзу барысында олар байлардың тәркiленуге тиiстi мал мен мүлкiнiң мөлшерiн (нормасын) неғұрлым көтерiп көрсетуге (мысалы: тәркiленуге жататын мал санының кесiмдi мөлшерiн белгiлi бiр дәрежеден төмендетпеу керек. 50-60 қойы бар қазақты байлардың қатарына қоспау керек деген ұсынысты айтып отыр - Т.Ж.) тырысты, сөйтiп, белгiленген мөлшерден көп мал мен мүлкi бар байлардың шаруашылығын жоюға қарсы шықты. Ұйымның жекелеген мүшелерi өзара хат арқылы пiкiр алысып, бұл мәселе жөнiнде қоғамдық пiкiр қалыптастырды және ұйым мүшелерiмен байланысы бар, осы науқанның дайындық жұмысына тiкелей қатысып отырған ұлтшыл кеңес қызметкерлерiн өз мүдделерiне пайдаланды, ал үкiметтiң жоспарлау мекемелерiндегi ұйым мүшелерi бұған тiкелей ықпал еттi. Ташкент қаласында тұрған айыпкер Ә. Ермеков 1928 жылы ақпан айында осы ұйымның мүшесi, Ленинград қаласындағы М. Әуезовке: "Жердi тағы да бөлiске салу, жерге орналастырудағы теңгермелi мөлшердi сақтау - өз жерiңнен өзiң қарақшылықпен қуылған (экспропирация) бұрынғы тәжiрибенi еске салып, бақытсыз халықтың тағдыры үшiн жүрегiңдi қансыратады. Мұндай тәжiрибеге даламыз ендi көне алмайды",- деп жазды (№ 541784-iс, 5 т., 192-парақ). Ал М.Тынышбаев: "1928 жылы Қазақстанның үкiмет орындары байлардың мал-мүлкiн тәркiлеу науқанына дайындық жүргiзiп жатқан кезде, мал-мүлкi тәркiленiп өздерi жер аударылуға кесiлетiн байлардың санын азайту үшiн бiз тәркiленуге жататын шаруашылықтың мал санының мөлшерiн неғұрлым жоғары белгiлеу туралы қоғамдық пiкiр қалыптастырдық... Мұның барлығы Мемлекеттiк жоспарлау мекемесi мен Жер жөнiндегi комиссариатқа тiкелей байланысты едi. Ол кезде Мемлекеттiк жоспарлау мекемесiнде бiздiң ұйымның мүшесi Ғаббасов Халел қызмет iстейтiн, ол бiздiң мақсатымызды жүзеге асыруға тырысты, ал бiздiң ұйымның ықпалында болған, бiздiң ұйымымызбен кездесiп, келiссөз жүргiзген Сұлтанбеков Жер жөнiндегi комиссариатта жұмыс iстейтiн", - деп көрсеттi (Тынышбаевтiң 1930 ж. Х. 4 күнгi жауабынан. № 2370-iс, 1 т., 313-парақ). Сонымен қатар, аса iрi байлардың шаруашылығын жою туралы қаулыдағы тәркiленуге тиiстi байлардың тiзiмiн алдын-ала бiлiп алған ұйым мүшелерi аудандарды аралап, алдағы жүргiзiлетiн науқанға кесiрiн тигiздi, жалған мал шаруашылығының мойынсерiктерiн құрды, iрi шаруашылықтарды ыдыратты, сондай-ақ бұл iске байлардың туыстық, рулық жақындығы бар ауылнайлар мен аудандық әкiмшiлiктiң қызметкерлерiн тартты (№ 2370-iс, 1 т., 313-парақ). Куәгер Байсеңгiров: "Мiржақып Дулатов Мерке ауданында болған кезде өзiнiң маңына жиналған осы ауданның байларына ол тәркiлеу науқанына қатысты мәселелер жөнiнде науқанның мақсатына қарсы бағытталған бiрнеше нұсқаулар бердi" - деп көрсеттi (Байсеңгiровтiң 1928 ж. IХ. 25 күнгi жауабынан. №2370-iс, 2 т., 888-890-парақ). "Бiз, ұйым мүшелерi, байлардың жер аударылуына және олардың мал-мүлкiнiң тәркiленуiне қарсы шара қолданып, оларға алдын-ала ескертiп отырдық, сөйтiп науқанның жүргiзiлуiне бөгет жасадық. Соның iшiнде, менiң өзiм бiреулер арқылы Тұрысбековтерге, Тәңiрбергеновтерге және Есенқұлға және басқаларға, сонымен қатар Лепсi уезiндегi өзiм шыққан "найман" руының байларына хабар бердiм (Тынышбаевтiң жауабынан, № 2370-iс, 1 т., 125-парақ және Х. Досмұхамедовтiң жауабынан, 207-парақ)". Мемлекеттiк жазалау құрылымының барлық күшiн сарқа жұмылдырып, бес жыл бойы жанталастырғандағы айыптау қорытындысының ұсқыны осындай. Үкiмет басында кiлең жартылай сауатты адамдар отырғандықтан да, ең болмаса, қиыстырып, баптардың басын иiп, жалған да болсын "дұрыстап" айып таға алатындай тергеушiлердiң табылмауы заңды да. Чадааевтiң: "Қайран, Ресей! Адамды бақытты қылу қолыңнан келмегенi айып емес, тым құрыса дұрыстап өлтiрудi де үйiренбедiң-ау!",- деген сөзi осындайдан барып айтылса керек. (Жалғасы бар).   Алаш арыстарының ұлттық идеяға адалдығы мен қайсарлығы хақында 2 Мемлекет те, сот та жазалау саясатының басты құралы ретiнде орыстың балтасын пайдаланды. Ал, шовинистер мен отарлаушының, оның iшiнде можантопай мұжық пен "елiрме сiңбелердiң", сауатсыз да сарамес жендеттiң қолындағы балта - iндеттен де қауiптi. Егер де сол "балта" мұқым мемлекеттiң жазалау құралына айналса, онда сол мемлекеттiң даму жолы адамдардың бас сүйегiнен төселген баспалдақтардан тұрады деген сөз. Кеңес өкiметi дәл осы жолды таңдап алды. Мұндай дүлей күшке таза ақыл мен парасатты қарсы қойып күресу мүмкiн емес едi. Мұны қазақтың ардагер азаматтары - Мұхамеджан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедов те жақсы түсiндi. Тән мен жан жазасынан құтылу үшiн олар өзiнiң "айыптарын" сырт қарағанда мойындағандай көрiнiп, бiрақ әр жауабының астарына Сервантестiң қаламына лайық уытты кекесiндi сiңiрiп отырды. Қарапайым адамның өзi күле қарап, сенбейтiн "қырық өтiрiктi" қиыннан қиыстырып, баяндап бердi. Можантопай тергеушiлердiң ой-өрiсiнiң тарлығы мен таяздығы сондай, оған тiптi назар да аударған жоқ. Шындығын айтсақ, мұның оларға қажетi де шамалы-тын. Қалайда қаралауға iлiк тапса, көңiлi тыныш табатын. "Астыртын контрреволюциялық ұйымның қастандық әрекеттерiн" әшкерелеу үшiн Голощекиннiң "кiшi октябрь" науқанында кеткен асыра сiлтеулердiң барлығын "астыртын ұйымның мүшелерiне" айып етiп тақты. Соның бiрi - коллективтендiру, яғни, қазақша айтқанда, "мойынсерiк" құру науқаны. Мұның көшпелi қазақ ұлты үшiн зауалмен аяқталатынын экономика мен қазақтың өмiр сүру тәсiлiнен хабары бар зерде иесiнiң бәрi де түсiндi. Бiрақ оған ешкiм назар салмады. Қайта, денi дұрыс пiкiрдi "астыртын ұйымның" қастандық әрекетiне жатқызды. "Айыптау қорытындысынан": "4. Шаруашылықтарды коллективтендiру науқанындағы бұрмалаушылық әрекеттер Сондай-ақ, астыртын ұйымның мүшелерiнiң жат пиғылдары шаруашылықтарды коллективтендiру науқаны тұсындағы бұрмалаушылықтарынан, оны болдырмауға тырысып баққан әрекеттерiнен байқалды. Коллективтендiрудiң жүзеге аспай қоймайтынына, бұл шараларға тұрғындардың ерекше белсендiлiк танытып отырғанына көздерi жеткен соң, олар жарым-жартылай рулық негiзде құрылған колхоздарды ұйымдастыруға күш салды. Айыпкер Тынышбаевтiң көрсетуi: "Бiз, ұйым мүшелерi - мен, Ермеков және Досмұхамедов үшеумiз колхоз құрылысы туралы өзара пiкiр алыстық, бiрақ та колхоздарды ұйымдастыру науқанына тосқауыл қоя алмайтын болғандықтан да: қазақ ауылдарындағы колхоздарды шағындап қана рулық жүйемен құру керек - деген тұжырымға келдiк. Мұның басты себебi: қазақ қоғамындағы рулық құрылым әлi де күштi сақталып қалған, сондықтан да бар мүлiктi жекеменшiк иелерiнiң қолында сақтай отырып, шағын-шағын жарым-жартылай ортақтастырылған шаруашылқтарды ұйымдастыру қазақ үшiн қолайлы деп есептедiк. Бұл бiздiң ұйымның мүшелерiнiң ортақ пiкiрi едi және арамызда ешқандай көзқарас алшақтығы болған жоқ, оның үстiне бiз бұл туралы Бөкейхановтың және басқалардың дәл осындай пiкiрде екендiгiн бiлетiнбiз. Бiз: "Кедейлердiң басы бiрiкпейдi, олар өзiне рулас байлардың ықпалынан шыққысы келмейдi, өйткенi рулық туысқандық сезiмi қазақ арасында әлi де күштi", - деп есептедiк. Бiз бұл жөнiнде партияда жоқ көптеген қызметкерлермен, коммунистермен әңгiмелестiк, олар да iстi дәл солай жүргiзсе, көптеген қиындықтарды жеңуге болатынына сендiк. Сөйтiп, бiз бұл әрекеттерiмiз арқылы кедейлердiң бiрiгуiне (таптық) бөгет жасап, рулық құрылымды сақтап қалуға тырыстық. Бұл идеямызды iске асыру үшiн бiздiң көзқарасымызды қолдайтын Бұралқиев, Күдерин сияқты тағы да басқаларды пайдаландық, сондай-ақ бiзден ақыл сұрап келген қазақтардың барлығына да дәл осындай колхоз құрыңдар деп кеңес бердiк, бұл идеяны сол колхоз құрылысын ұйымдастырып және басқарып жүрген қазақ қызметкерлерiнiң бәрiнiң миына сiңiруге тырыстық. 1928 жылы Iле өзенiнiң арғы бетiнде зерттеу-барлау (темiр жол салу үшiн - Т. Ж.) жұмыстарын жүргiзген кезiмде қазақтардың бәрiне өз көзқарасымды түсiндiрiп бердiм және колхоздарды мен айтқандай үлгiмен құруға шақырдым" (№ 2370-iс, 1 т., 141-парақ. Тынышбаевтың 1930 ж. IХ. 6-күнгi жауабынан)". Бiр адамның кекесiн араластырып жазып берген осы жауабы арқылы 71 адамға үкiм шығарды. Әрине, 14 томнан асатын тергеу iсiнде Тынышбаевтiң көрсетуiнен әлдеқайда "кең қамтылған" куәлiктер бар. Тергеушiлердiң М.Тынышбаевтың жауабын қайта-қайта алдыға тарта беруiне қарағанда, "Алаш" партиясының көсемдерiнiң бiрi, "Алашорда" үкiметiнiң мүшесi, Уақытша үкiметтiң Жетiсу өлкесiндегi комиссары, Қоқан Автономиялы республикасының премьер-министрi Мұхамеджан Тынышбаевты қалайда жазаға тартудың амалын қарастырса керек. Бұдан кейiнгi айыптаулардың тақырыбы - "Ет дайындауға жасалған қастандықтар", "Бандылық қарақшылықтар" деп аталады. Ал нағыз "бандылық қарақшылық" қылмысты Кеңес өкiметiнiң өзi жасап жатқан едi. Жер мен тәркiлеу, колхоздастыру саясатының кесiрiнен 2 миллионға жуық қазақ аштан қырылды. Қазақ жерiнiң құты - Сарыарқа қаңырап бос қалды. Елдi "естен тандырған" ессiз өкiметтiң есiн ақсүйек ашаршылық та жыйдырмады. Тура сол кезде Кереку, Қызылжар, Омбы қалаларының су айлақтары мен вокзалдарында мал етi иiстенiп, айдалаға апарылып өртелiп жатты. Қазақ ұлтының аштан қырылып қалғанын бiле тұра Сталин мен Молотов Қужақты қуырдақтай қуырып, "бер, бердiң" астына алды. Бiр республиканың басына қаралы күн туғанда да оның тағдырына пысқырып қарамады. "Сенiп тапсырылған өлкенi" зауалға ұшыратып, баясы шыққан Шаяға - Голощекин мен Исаевқа: КСРО Халық Комиссарлары Кеңесiнiң төрағасы В.Молотов пен БКП (б) Орталық Комитетiнiң бас хатшысы И. Сталин 1932 жылы 8 қараша күнi: "ХКК мен ОК-тiң (Халық комиссарлары кеңесi мен Орталық Комитеттiң - Т. Ж.) ескертуiне қарамастан республикадағы астық даярлау қарқыны төмендеп барады. Белгiленген жоспардың орындалмауының себебiн астықтың түсiмiнiң төмендiгiмен түсiндiрген сылтауды Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi назарына да iлмейдi, өйткенi бұл көрсеткiш қасақана төмендетiлген және мемлекеттi алдау ниетiнен туған. Сiздердiң артта қалған аудан хатшылары мен атқару комитеттерiнiң төрағаларының атын атап қана өтiп, тек артта қалуды жоюдың шараларын көрсеткен мәлiметтерiңiздi Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесiне хабарламай, сырғақтай берулерiңiздi Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi: партиялық басшылыққа лайықсыз қылық - деп бағалайды. Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi сiздерге мынаны ескертедi: Егер де қысқа мерзiм iшiнде республикадағы астық тапсыру iсiне нақты өзгерiстер енгiзу мәселесi ұйымдастырылмаса, онда бiз солтүстiк Кавказдағы тәрiздi жазалау шараларын қолдануға мәжбүр боламыз. Қолданылған жазалау шаралары туралы сiздiң толық түсiнiктерiңiз болуы үшiн БКП(б) Орталық Комитетiнiң нұсқауы бойынша қабылданған Солтүстiк Кавказ өлкелiк комитетiнiң қаулысын жолдап отырмыз. Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi бұл қаулыны сiздердiң жеделхаттарыңызда аттары аталып көрсетiлген артта қалған аудандардың хатшыларымен таныстыру мiндетiн сiздерге жүктейдi. Егер де олар астық дайындаудың көлемiн өсiруге жеделшара қолданбайтын болса және одан әрi осылай жалғаса беретiн болса, Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi қараша айының бiрiншi жартысында оларды партия қатарынан шығару туралы мәселе қоюға мәжбүр болады", - деген үрейлi жеделхат жолдады. Шындығына көшсек, ол кезде Голощекин мен Исаевтың бұл жеделхатқа жауап беретiндей мұршалары да жоқ болатын. Егiннiң орынына адамның сүйегiн егiп, "тәнтiбайбеттенiп" отыр едi. Елiре-елiре сөйлеп, ауызы ақкөбiктенген Голощекин мен оған көпшiктi қоя-қоя қоялары шыққан Исаев пен Құрамысовтың, Құлымбетов пен Ерназаровтың, Қабылов пен Тоғжановтың, Беккердiң, тағы да басқа идеологтардың жақтары қарысты. Елдi де, өздерiн де "есеңгiреттi". Шегiнетiн жерлерi де жоқ болатын. Сасқанынан сүйек пен тұяқ, жылқының жал-құйрығы мен сиырдың мүйiзiн жинау туралы жарлық шығарды. Ал бұл кезде адамның сүйегi болмаса қазақ даласында малдың сүйегi де, оны жинайтын адам да қалмап едi. 1931-1932 жылы ашаршылық кезiнде 1921-1922 жылғы аштықтан аман қалған 4 миллион 120 мың қазақтың 2 миллион 200 мыңы, яғни, жалпы ұлттың 49 процентi "кiшi октябрь" мен "естен тандыру" саясатының құрбандығына шалынды. Құрамысов пен Беккер: "Халықаралық пролетариаттың мүддесi үшiн... бүкiл қазақ халқын құрбан етуге даярмыз!" - деген "армандарына" жеттi. Ал ұлтының осынша қорлық өлiмге душар болғанына күйiнген "бестiң тобы" - Ғ.Мүсiрепов, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев, М.Ғатауллин 1932 жылдың шiлде айында Сталин мен Молотовқа наразылық хатын жолдады. 1937 жылы Қарқаралы округiнiң басшыларын жаппай атуға бұйырған кезде Мансұр Ғатауллин өзiнiң соңғы сөзiнде айып орындығында отырған әрiптестерiн қолымен нұсқап: " - Мыналар "халық жауы" емес. Жау - менмiн. Сондықтан менiң өзiмдi ғана соттаңдар. Тек, менi ғана. Бiрақ мен де "халық жауы" емеспiн, керiсiнше, халықтың жауының "жауымын". Ал мен 1932 жылы, Кент қаласына iссапармен келген кезден бастап "халық жауы" болдым... Көлiктен сыртқа шықсам, айналамда адам да, мал да жоқ, тек қана ұзын созылған мал қорасы тұр. Есiктi ашып қалып едiм, өлi адамның денелерi көрiндi. Соншама үлкен қораның iшi лық толған адамның мәйiтi. Кейбiреулерiнiң көзi ашық, кiрпiктерi әрең қимылдайды, бiрақ кiрпiк қаққанша жантәсiлiм беретiнi сөзсiз. Сыртқа атып шықтым. Даладан айқай-шу шықты. Есiнен адасқан әйелдер қолдарындағы пышақтарын жалаңдатып менiң жүргiзушiме тап бердi, ойлары оны сойып жемек. Мен аспанға оқ атып едiм, олар жан-жаққа қаша жөнелдi. Жан-жағыма қарасам, анадай жерде үлкен қазан-ошақ тұр екен, астында от жанып жатыр. Әлде не пiсiп жатыр. Қақпағын ашып кеп жiберiп, қарасам, бұрқ-сарқ қайнаған сумен бiрге қазанның бетiне бiрде баланың аяғы, бiрде қолы, бiрде өкшесi бүлiк-бүлiк етiп шығып жатыр... Мiне, мен тура сол күннен бастап "халық жауы" болдым", - дептi (В. Михаилов, "Ұлы жұттың шежiресi"). Мұндай ерлiк "ақ жүректер" мен Қуажақтың қуыршақтарының қолынан қайдан келсiн. Халықтан кешiрiм сұрап, иман iздеудiң орынына, сондай бетбақтықпен ұлтының бес азаматын "бестiң тобы", "халықтың жауы" деп жариялады. Сонда бұлардың қызғыштай қорғап жүрген халқы - қай халық? Олар халықтың бағын емес, өздерiнiң астындағы тағын қорғап жүрген баққұмар сiмпiстер едi. Өзегi үзiлген халық мұны көрiп-бiлмей отырғандай-ақ, асқан аярлықпен өздерiнiң күнәсiн "ұлтшыл-буржуазияшыл контрреволюционерлерге", "Алаштың" ардагерлерiне жапты. Бес жыл бойы дәлелденбеген "қылмыстарын" ұрып-соғудың нәтижесiнде мойындаттырып, ұялмастан: "Қылмыстарын мойнына алды! Аттық! Астық! Жер аудардық! Кеңес өкiметiнiң саясатына қарсы шығып, елдi ашаршылыққа ұшыратқан солар! Ендi көздерiң ашылатын болды!", - деп өздерi қырып салған халықтан сүйiншi сұрады! Шiркiн, данышпан Абайдың: "Жамантайдың баласы Көжек деген, Екi үйдiң арасына безектеген. Досын келiп досына жамандайды, Шiркiнде ес болсайшы сезед деген!," - сөзiн әлгi кеңестiң кеңкелес мәңгүрттерi түсiнбедi. "Голщекиндiк националдар" Сталин мен Молотовтан жаңағыдай нұсқау алған соң тағы да жанталаса жанықты. Ашаршылықтың зардабын саяси сахнадан ысырылуға тақап қалған Қужаққа - Голощекинге жапты да, мүләйiмсiп-мәймөңкелеп шыға келдi. Республика үшiн, оның iшiнде жеке адамдарға және белгiлi бiр мәселелердi шешуде кәдiмгiдей ынта-пейiл көрсеткен шығар. Бiрақ мұқым ұлттың мүддесi мен халық қамы үшiн олардың қабырғасы қайысты деуге, оларды биiк лауазымға жеткенi үшiн мемлекет қайраткерi болды деп даралауға еш себеп жоқ. Мемлекеттiк машинаның конструкторы, не құрастырушысы емес, соның жай ғана бiр елеусiз бөлшегi едi олар. Қажет кезiнде оларды құрал-жабдық ретiнде пайдаланды, мiндетiн өтеген соң лақтырып тастады. Олардың мансап жолында - тағдырдың тәлкегiне ұшыраған жазықсыз жандардың көз жасы мен қасiрет уайымы, аштан қырылғандардың қураған сүйегi, атылып-асылған, қудаланған ұлт қайраткерлерiнiң өзектi арманы мен өкiнiшi өксiп жатты. Мансұр Ғатауллиннiң: "Мен халықтың жауының жауымын!", - дегендегi емеуiрiн танытқан пенделерi солар едi. Алаштың азаматтары елi мен жерiнiң мүддесi үшiн түрмеге түсiп, азап тартып, қалайда халқына төнiп келе жатқан апаттан құтқару үшiн жанталасып жатқанда олар: "Жасасындатып!" (М. Әуезов) жатты. Бұл ұлтты, ұлттық тұлғаны жаныштау майданының басы ғана болатын. Ол майданда олардың өздерi де тағдырдың диiрменiне түсiп, "ұлы құрбандыққа" шалынды. Сол үшiн бұларды аяудың да, қорғаудың да қажетi жоқ. Себебi, ұлты үшiн басын өлiмге тiккен Әлиханнан, Ахметтен, Мiржақыптан, Мұхамеджаннан, Халел Досмұхамедовтен, Халел Ғаббасовтан, Телжаннан, Мағжаннан, Жүсiпбектен, Жаhаншадан, лауазымы мен жасы өздерiмен қатарлас Смағұлдан, Әлiмханнан, Елдестен, Ыдырыстан, Даниалдан, Кәрiмнен, Жалаудан, Сұлтанбектен, Тұрардан, Мансұрдан, Ғабиттен ешқандай артып тұрған қасиетi мен қадiрi жоқ едi. Қарғауға болмайтыны - олар өз заманының жалдамалы құлы болды. Саясатқа азаматтық көзқарасын қорғау үшiн араласқан жоқ, тек қана керек кезiнде ұрымтал тұстан табылып, жазалау машинасының дөңгелегiне iлiнiп кеткен қатардағы пенделер ғана. Биiк ақыл-парасат, үлкен мiнез, iрi қимылдың адамдары емес, жай ғана реттеушiлер болатын. Тек, басты назарда ұстайтын мәселе - олардың iс-әрекетiн ашық та батыл талдап, тарихи сабақ ретiнде ұрпақтың назарына ұсыну парыз. Тарих өткелi - қатерлi өткел. Ал ұлттың басын қатерге тiгiп, қайта-қайта тағдырдың талқысынан өткiзуге ешкiмнiң де қақысы жоқ. Қазақ ұлты өзiнiң қадым заманнан бергi тарихы арқылы тәуелсiз ұлт ретiнде өмiр сүруге толық қабiлеттi ел екендiгiн дәлелдедi. Өзегiн өртеген рухани басыбайлылыққа да басын имедi. Отарлаушы патшалық және коммунистiк жаhангерлер ұлттың жүрек отын өшiруге өршелене тырысса да, рухани бостандығын сақтап қалды. "Коммунистiк-колонизаторларды" өшiктiрген де, үрейлендiрген де ұлттық тұлғалардың рухани тәуелсiздiгi болатын. Ұлтты мәңгүрт күйге жеткiзу үшiн сол халықтың ең қасиеттi қазынасы - рухани мұрасын аяр идеологияның арандатушы күшi арқылы жойып жiберуге барынша құлшынып-ақ бақты. Алаш қайраткерлерiне тағылған ең басты айыптың бiрi де осы ұлттың рухани тәуелсiздiгi жолындағы көзқарас күресi едi. Мiне, осындай жанталастың тұсында Мұхамеджан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедов бастаған "Алашорда" қайраткерлерiнiң екiншi тобы Алматының түрмесiнде тергелiп жатқан болатын. 3 1928 жылы 26 қараша күнi жаппай тәркiлеу науқанымен орайластырыла БКП(б) Қазақ өлкелiк комитетiнiң "Қазақстанның орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы шәкiрттердiң әлеуметтiк құрамын тексеру" туралы қаулы қабылдады. Сол арқылы "әлеуметтiк тұрғыдан алғанда тегi жат" шәкiрттерден кеңестiк оқу орындарын тазарту көзделдi. Кесiрлi қаулының салдарынан қаншама талапты шәкiрт бiлiмнен қағылып, мамандықсыз қалды. Сол науқанға профессорлар мен оқытушылар да iлiнiп, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфандияров, Ә.Ермеков, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов, Ж.Күдерин, А.Байтасов, И.Қашқынбаев, К.Тоқтыбаев сияқты оқымыстыларды әуелi олардың өздерi оқытқан шала сауатты шәкiрттерi әшкереледi, содан кейiн партиялық тазалауға түстi, ең соңында тергеушiлердiң қармағына берiлдi. "Алашордашылардың" тергеу iсiндегi "Айыптау қорытындысының" "Мәдениет майданы" атты тарауында: "Өздерiнiң жолын қуатын iзбасарларды дайындаудың аса маңызды мәселе екендiгiн ескере келiп, ұйым мүшелерi оқушы жастарды өздерiнiң қарамағына iлiктiру үшiн белсендi түрде қимылдады және оларды ұлттық рухта тәрбиелеуге ұмтылды. "...1926 жылы оқу-ағарту институты бiздiң ықпалымыздан шығып кеттi, оның есесiне Ташкенттегi жоғары оқу орындарындағы партияда жоқ жастарды өзiмiздiң ықпалымызға қаратып алдық. Бiз мұны жоғары оқу орындарында оқып жүрген Байтасов пен Ысқақов арқылы жасадық. Бұл 1924-1926 жылдары жүргiзiлдi (Досмұхамедовтiң 22.IХ.30 жылы берген жауабынан № 2370-iс, 1 т., 220-бет). Жастардың арасындағы өздерiнiң ықпалын күшейту үшiн және ұлтшыл рухтағы жастарды дайындау арқылы өздерiнiң идеяларын бұқара қауымның арасында кеңiнен тарату үшiн контрреволюциялық ұйым баспасөздегi, мәдени-ағарту мекемелерiндегi және ғылыми-зерттеу мекемелерiндегi, жоғары оқу орындарындағы, ең бастысы, әдебиет саласындағы контрреволюциялық әрекеттерiн өршiте түстi. Астыртын ұйымның бұрынғы мүшелерiнiң көмегiмен басылып шыққан кiтаптар - бұқара халықты ұлттық рухта тәрбиелеуге, хан мен батырлардың дәуiрiн аңсау сарынына, Кеңес өкiметiне наразылық тудыру рухына бағытталды. Жекелеген әдеби еңбектердi дайындау белгiлi бiр тәртiп бойынша жүргiзiлiп, ұйым мүшелерiне өзара бөлiнiп берiлдi. "Алқа" атты астыртын әдеби үйiрменiң өмiр сүруi әдеби еңбектердi белгiлi бiр тәртiп бойынша бөлiсiп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын ("Табалдырықтың") анықтауға Жұмабаев Мағжан және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов Халел, Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты. "Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түстi... Әуелi Аймауытов, содан кейiн Кемеңгеров келiп қосылып, бiздiң iсiмiздi жүргiзiп отырды. өзiмiздiң ықпалымызды баспасөз арқылы кеңiнен тарату үшiн бiз барлық күшiмiз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... "Алқа" үйiрмесiнiң пайда болуы да соның нәтижесi. Бұл iстi тiкелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшiн келiп тұрды, мен оларға өзiмнiң нұсқауларымды бердiм" (Досмұхамедов Х., № 2370-iс, 1 т., 221-парақ). "Алашордашылар" көркем әдебиетке ерекше көңiл бөлдi. Олардың көзқарасын бұқара халыққа кеңiнен таратуда пьесалар, өлеңдер, ескi әдебиеттiң нұсқалары, әңгiмелер мен фельетондар, тағы да басқа жанрлар таптырмайтын оңтайлы құрал болды... Бұған қоса Байтұрсынов: "Қазақ жазушылары өзiнiң туындыларында тек қана қазақ ұлтының мұқым мүддесiн қорғауы тиiс!" деп үндеу тастады... Әуезов Мұхтар мен Ысқақов Даниал да 1923 жылы осыған үндедi, әдебиет мәселелерiн ұлтшылдық бағытта талдады, өздерiнiң мақалаларында Аймауытов пен Кемеңгеров те солай iстедi" (Байдiлдин, №5441 784-iс, 4 т., 134-парақ"). "Бұдан кейiнгi жылдарда Кеңес өкiметiне қарсы ашық пiкiр бiлдiре алмадық, оны жүзеге асыра қоятындай күш болмады, сондықтан да барлық күштi Кеңес мекемелерiндегi қызметке ие болып, сол арқылы Кеңес өкiметiнiң науқандары мен шараларына бөгет жасауға тырыстық" (Тынышбаев, №2370-iс, 1 т., 131-парақ). "...мәдениет майданындағы жұмыстарды толықтай, ұйымды қаражатпен қамтамасыз ету үшiн шаруашылық саласын жарым-жартылай қолға алуға шешiм қабылдадық. Бiздiң тобымыздың тiзiмiн Рысқұловқа берiп, жұмысқа жауапты қызметке қоюды ұсындық. Ұйымның өкiлi ретiнде Рысқұловқа бұл тiзiмдi мен және Әдiлев апарды. Берiлген тiзiм оны толық қанағаттандырды... Менi ұйымның атынан Оқу-ағарту коллегиясының мүшесi етiп бекiттi..." (Қашқынбаев, № 2370-iс, 1 т., 378-парақ). "...бiздiң ойлаған мақсаттарымыз Кеңес өкiметiнiң мемлекеттiк басқару аппараты арқылы жүргiзiлiп, iске асты. Басқа салаларға қарағанда мәдениет майданында бiз көп iс тындырдық. а). Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов және Ысқақов қызмет iстедi. б). 22-жылға дейiн Оқу-ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейiн Сүлеев Оқу-ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейiн Сәдуақасов келдi, ОАК-ға Дулатов та жақын жүрдi, бiр кезде Ташкенттегi институттың директорлығының мiндетiн Әдiлев те атқарды. в). Қазақ мәдениетi мен ағарту iсiнiң жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерiнiң құрамында: Х. Досмұхамедов төраға, Есполов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев және Ж. Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды. г). Қазақтың мемлекеттiк баспаларында - Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет iстедi. д). Оқулықтарды - Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов Х. ("Алашорданың" кезiндегi идеологиялық бағыт-бағдары бойынша) жазды. е). Аударма әдебиеттерiмен - Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов (аудармалардың мағынасын бұрмалап) керексiз, кеңес мектептерi мен бұқара халыққа аса қажеттi емес кiтаптарды аударумен шұғылданды. ж). Қазақ тiлiнде мыналар: Х. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсiз кезiндегi өмiрiн жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдiретiн баяндайтын ежелгi әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездiң табиғаты мен ауыл өмiрiн эпикалық сарында әспеттей суреттедi, оларды үлгi етiп көрсеттi), Жұмабаев (сол сарындағы әндер мен өлеңдер), Тынышбаев (орыс тiлiнде - кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсiз өмiрдiң, өзге халықтарға тәуелсiз күн кешкен тарихын) кiтап етiп бастырып шығарды. з). Ескi араб әлiпбиiн жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е. Омаров, Байсейiтов Әзiз. и). Тiлдiң тазалығ

1927-1930 жылдары ұлт басына төнген қауiптi жан-тәнiмен сезiнген алаш көсемдерi халықты төнiп келе жатқан ашаршылық пен ұлттық ыдыраудан құтқарудың жолдарын барынша жанталаса қарастырды. Мұны қас қақпай бақылап отырған Кеңес орындары дереу "Кеңес өкiметiн қарулы көтерiлiс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан "Алашорда" қайраткерлерiнiң контрреволюциялық, террористiк астыртын құпия ұйымын әшкерелеу" туралы қылмыстық iз қозғады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Е.Омаров, М.Есполов, Х.Болғанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев бастатқан бiрiншi топтағы 41 адамның тергеу iсi 1927-1930 жылдары арасында жүргiзiлiп, үкiм шығарылған соң, Мұхамеджан Тынышбаев бастаған "ұлы құрбандықтың" екiншi легi, 30 адам түрменiң торына:
Ермеков Әлiмхан - 6/Х. 30 ж.; Тынышбаев Мұхамеджан - 4/ VIII - 30 ж.; Досмұхамедов Халел - 14/IХ - 30 ж.; Досмұхамедов Жаhанша - 31/Х - 30 ж.; Қожамқұлов Нашир - 20/Х - 30 ж.; Сүлеев Бiләл - 27/IХ - 30 ж.; Кеменгеров Қошмұхамед - 17/IХ - 30 ж.; Әуезов Мұхтар - 17/IХ - 30 ж.; Омаров Әшiм - 14/IХ - 30 ж.; Күдерин Жұмақан - 17/IХ -30 ж.; Бұралқиев Мұстафа - 17/IХ - 30 ж.; Ақбаев Әбдухамид - 14/VIII - 30 ж.; Ақбаев Жақып - 8/VIII - 30 ж.; Қадырбаев Сейдазым - 14/IХ - 30 ж.; Тiлеулин Жұмағали - 2/VII - 30 ж.; Мұрзин Мұхтар - 14/IХ - 30 ж.; Омаров Уәлихан 30/III - 31 ж.; Үмбетбаев Алдарбек - 8/VIII - 31 ж.; Искаков Кәкiтайұлы Даниал - 29/III - 31 ж.; Мұңайтпасов Әбдiрахман - 23/IХ - 31 ж." - күндерi түстi.
Осы тергеу iсiндегi басты нысаналы тұлға болып қарауылға алынған М.Тынышбаев туралы Қазақ ССР Мемлекеттiк Қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары А.Тiлеулиевтiң 1972 жылы 18 ақпандағы Партия институтының директоры С.Б.Бейсембаевқа жолдаған құпия хатында:
"Тынышбаев Мұхамеджан, 1887 жылы туған, қазақ, партияда жоқ, мамандығы инженер. Қазақстандағы бұрынғы ОГПУ мекемесi оны: "Алаш" партиясын құрушылардың бiрi, Мемлекеттiк Думаның мүшесi, "Алашорда" үкiметiнiң мүшесi, Уақытша үкiметтiң комиссары ретiнде 1930 жылы 3 тамызда тұтқынға алған. 1932 жылы 20 көкекте сотталған", - деп көрсеткен.
Демек, М.Тынышбаевқа астыртын ұйым, басмашылармен байланыс, контрреволюциялық әрекеттер туралы тағылған айыптың қолдан жасалғанын құпия мекемелердiң өздерi де мойындап, жалтара жауап берген. Сонда алаш ардагерлерiн қандай "айыптары үшiн" жаппай қамаққа алған? Әрине, алаш идеясы мен оның бағдарлы нысанасы үшiн жазаға тартылды. Өйткенi сол қарсаңда жаппай "мойынсерiктендiру", байлар мен орташаларды тәркiлеу, "қазақ даласына жұмысшы, шаруаларды жаппай қоныстандыру" (алғашқы лекте Ресей мен Украиинадан 240-360 мың адам көшiру жоспарланған), ұлттық идеяны пролетариаттық идеяға толықтай алмастыру, түрi ұлттық, мазмұны социалистiк мәдениеттiң негiзiн қалау, сөйтiп, тегiн ұмытып, табы мен партиялық идеологияның "жасасындатқан" (М.Әуезов) жалаңтөстерiне айналдыру науқаны шұғыл әрi шеңгелдей жүргiзiлiп жатқан. Ұлтты аздырып, рухани тоздыратын, жерiн телiмдететiн мұндай саясат алаш идеясымен еш қабыспайтын. Соның iшiнде жер мен мәдениет мәселесi алаш қайраткерлерiн ерекше алаңдатты. Әсiресе, жер телiмi мен қоныстандыру, тәуелсiз экономика, мемлекеттiк тiл, тәуелсiз ғылым мәселесiнде ұлт зиялылары ашық күрестi.
Тергеу iсiнiң "Айыптау қорытындысының" "Ұлтшыл контрреволюциялық қастандықтар" атты екiншi бөлiмiндегi "Жер мәселесi туралы" тарауында бұл ұстанымдар былай баяндалған:
"Астыртын ұйымының негiзгi мақсатты бағдарламасының бiрi - жер мәселесi болды, мұны шешу арқылы олар "Алаш" партиясының ауыл шаруашылығы жөнiндегi бағдарламасын, яғни, жердi ең алдымен бұратана тұрғындарға (иә, Кеңес өкiметi үшiн қазақтар тек қана "бұратана" болып қалды - Т. Ж.) ешқандай кесiмсiз қажетiнше бөлiп беруге және ру-руымен қоныстандыруды жүзеге асыруға тырысты. Бұл бағдарлама бойынша, жергiлiктi тұрғындар толықтай жермен қамтамасыз етiлгеннен соң ғана Қазақстанға сырттан келген қоныстанушыларды орналастыруға болады, ал қазақ жерiне бұрыннан орналасып қалған қоныс аударушылар ол жердi қазақтарға керi қайтарып беруге тиiстi едi. (...) Ташкент қаласында, Түркiстан Атқару комитетiнде, ауыл шаруашылығы факультетiнiң үйiнде өткен Жер мәселесi жөнiндегi ұйымның мәжiлiсiне Досмұхамедов, Тынышбаев, тағы да басқа адамдар қатысып, жоғарыдағыдай көзқарас бiлдiрген және Жер реформасын жүргiзетiн өкiлдiктiң құрамына өз адамдарын кiргiзудi ұйғарған (№5417 - iс, Тынышбаевтың жауабы, №2370-iс, 275-бет).
Айыпкер Тынышбаев бұл жөнiнде мынадай куәлiк бердi: "1923 жылы, Мемлекеттiк университеттiң үйiнде профессор Қожанов жерге қоныстандыру мәселесi туралы баяндама жасады. Бұл жиналыста бiздiң ұйымнан: мен, Есполов және Досмұхамедов Халел сөйледi. Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан бiз, өзiмiздiң бағдарламамызға орай, жерге ең алдымен негiзгi тұрғындар орналастырлсын деген пiкiрдi қорғадық" (Тынышбаевтiң 1930 ж. IХ. 3. күнгi жауабынан № 2370-iс, 1 т. 4-парақ).
"1923 жылғы Жетiсу губерниясындағы жер реформасы кезiнде, Жер жөнiндегi халық комиссарының мiндетiн атқарушы Есполов жетекшiлiк еткен техникалық кеңестiң құрамына - мен және Қожықов мүше боп кiргеннен к

Бөлісу: