Бақтияр СМАНОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
Жақында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Абайтану» ғылыми-оқу және «Қазығұрт» ғылыми-зерттеу орталықтарының директоры, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Саттар Өмірзақовтан электронды хат алдым. Ғалым ініміз әдебиетіміз үшін елеулі оқиға, үлкен жаңалық болып табылатын рухани мұраларды – Майлықожа ақынның әлі жарық көрмеген, осы күнге дейін белгісіз болып келген оншақты өлеңін салып жіберіпті.
«Қазақтың ХІХ ғасырдағы атақты ақындарының бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Майлының бүкіл әдеби мұрасын жинастыра, жариялай жүріп, еңбектерінің басылым көруіне, танылуына ерен еңбек еткен марқұм әдебиетші-ғалым ағамыз – Әсілхан Оспанұлы болатын. Бірақ, Майлы ақынның әлі де танылмаған, жарияланбаған мұралары бар екен. Оны біз өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін жинастырып, жазып алып, аса құнды халықтық мұраларды немересі – белгілі фольклор жинаушысы Қысыраубек Амантаевқа тастап кеткен Шаяндық ұстаз Әбді Амантайұлы ақсақалдың қолжазба деректерінен тауып отырмыз. Ақынның ХІХ ғасырдағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін түрлі жағдайда шығарылған белгісіз өлеңдерін Сізге жіберіп отырмын», – дейді Саттар мырза. Міне, азамат! Халқымыздың «Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ» дегені осы болса керек. Бұл – ел руханияты үшін үлкен жаңалық.
Зерделі зерттеуші жіберген жаңа табылған жәдігерліктерден «Даңқымыз еш ұлыңнан кішкене емес», «Ысты Жұмабай датқа және қоңырат Сапақ датқаның Көлбай, Иманберді атты балаларына айтқаны», «Ырысбайға», «Майлықожаның қайтыс боларында айтқаны», «Тұрлыбек датқаның қазасына көңіл айтуы», «Майлықожаның беташары», «Не жүйрік өтті дүниеден» (толық нұсқасы), «Молда Қошық датқаның асында айтқаны», «Қошық датқаның баласы Нарбекті жоқтау» атты көлемді жыр-толғаулары қамтылыпты. Бұлардың ішінде біздің назарымызды ерекше аударғаны Молда Қошыққа байланысты ақынның жыр-толғаулары еді.
Бұрында да Молда Қошық датқа мен Майлы ақынның арасындағы жақсы қарым-қатынас, адами сыйластық жайлы әйгілі шайырдың бірқатар арнауларын, жырларын, толғауларын кездестірген болатынбыз. Бұған жыр дүлдүлінің Молда Қошық және оның ұрпақтарына байланысты шығарған «Алладан пайғамбарға келген аят», «Қараның өтті хандары», «Датқалардың Петірбор барғаны», «Құйрығын айдаһардың қайдан бастың?», «Қолыма қағазбенен алдым қалам» атты т.б. өлеңдері дәлел. Зер сала қараған көзі қарақты жанға ақын өз шығармаларында кейіпкерлері жайлы айта отырып, тұтас бір дәуірдің, сол кезеңдегі өмір шындығының беймәлім тұстарынан хабардар ететінін байқаймыз.
Орта Азия мен Қазақстанды отарлаушы патшалық Ресейдің қанқұйлы қолбасшы-генералы М.Г.Черняевті қудырған Молда Қошық датқа екенін бүгінде біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Өйткені, ол – көне тарих. Одан бері бір жарым ғасырдан астам уақыт өтті, бес-алты ұрпақ алмасты. Оған көрсетер куә, айтар дәлел – байырғы көне ауыз әдебиеті мұралары, тарихи жырлар, мұрағат деректері, тарихшы ғалымдардың мәліметтері, бүгінгі интернет жазбалары дер едік.
Молда Қошықтың азан шақырып қойған аты – Қожық. Әкесінің аты – Тоқбай болған (Әкесінің Тоқбай деген аты кейде Байтоқ деп жаңылыс беріліп жүр. Оның Тоқбай екенін мұрағат деректері дәлелдейді). Ол жастайында діни білімді алдымен Тәшкендегі «Көкалташ» медресесінде алады. Соңынан Бұхарадағы жетіжылдық «Мір-Араб» медресесін тәмамдайды. Ол мыңбасы, би, аға би, датқа, Ташкент қаласының дәруғасы (басшысы), әскербасы, Қоқан ханының Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған. Сондықтан оны ел ішінде Молда-би, Батырбасы, Ләшкербасы, Датқа деген лақап аттармен атаған.
Қаламгерлер – Момбек Әбдәкімұлының «Естемес би», Мырзахан Ахметтің «Қоғам қасіреті», Бердуәлі Тұрмағамбетовтің «Сері аға» роман, повестеріндегі мәліметтерге, сондай-ақ кейбір мұрағат деректеріне қарағанда, Молда Қошық 18 жасында – 1814 жылы Қоқан хандығы тарапынан Түркістан өлкесіне датқа болып тағайындалады. Бұл – ханның жай ғана өкілі емес, биік мансап иесі. Датқаның ұлан-байтақ елі, қолында жеке мөрі бар, шексіз-шетсіз билігі болды.
Тегінде, «датқа» сөзі парсы тіліндегі тілек, әділдік иесі деген ұғымнан шыққан. Бұл Бұхара, Қоқан хандықтары кезеңінде хандық тарапынан биік лауазым, жоғары атақ ретінде берілген. Ол хан билігі тұсында төртінші дәрежелі лауазым болатын. Билерден, аға сұлтандардан жоғары, тек хан әміріне ғана бағынышты басшы қызмет адамы болып есептелді. Қайбір кезеңдерде «датқа» лауазымы ру басыларына, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, ислам шариғатын жақсы білетін би-шешендерге, ел арасындағы абыройлы басшы адамдарға да берілді. Онда, олар елдің ішінен хан атына келіп түскен өтініш-тілектерді, арыз-шағымдарды қабылдап, оған ханның берген жауабын жұртшылыққа жеткізіп отырған. Бұхара хандығы тұсында датқа сөзі әскербасы, хакім, хукумдар, генерал, шенеунік, идарашы (кеңсе қызметкері) мағынасында пайдаланылды. Бұл лауазым ел арасындағы қайраткер адамдарға әуелде Бұхара шейхулисламының пәтуасымен де беріліп отырды.
Қазақ қауымы арасынан датқа лауазымына ие болған шымыр Байзақ, Төртбай, жаныс Шойбек, Момынбек, Қасымбек, қаңлы Әкімқұл төре, сиқым Құдайберген, Қасымбек, Батырбек, Қожабек, ысты Шоқай, қоңырат Сапақ, Қоныс, Мұсабек, Тұрлыбек, сіргелі Бекмұрат, Пошан, Кеншім, жағалбайлы Шінет сынды т.б. қандастарымыздың есімдері тарихтан белгілі.
Молда Қошық бала кезінен асқан зейінді, алғыр, сөзі мірдің оғындай өткір әрі шешен болып өседі. Ол жөнінде ел арасында, халық аузында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан терең мағыналы әңгімелер, үлгі етер өнегелі оқиғалар көп. Соның бірі – оның «Қожық» есімінің қалайша «Қошық» атанып кетуі жайлы ел аузындағы әңгіме. Мұның тарихы былай болған еді.
Медресені бітіргенде әр шәкірт емтихан тапсырып, алған білімдерін дәлелдеу үшін Құран-кәрім сүрелерін жатқа айтып, қатысып отырған тыңдарман жұрттың, қазылар алқасының назарына ұсынады. Кезек өзіне келгенде Қожық бала қасиетті «Ясин» сүресін өте бір әуезді үнмен, ерекше мақаммен созып, асықпай дауыстап оқи бастайды.
Медресе ішін баураған әсем әуен, сыршыл сезімге толы сүре аяттары тыңдаушылардың, шәкірттердің, ұстаздардың, ата-аналардың тұла бойын шымырлатып, ерекше күйге бөлейді. Олар Құрани-кәрімнің осыншама таңғажайып әуенге, жан тебірентер әсем сазға айналғанына тәнті болады. Жарты сағатқа созылған қасиетті сүре, қастерлі аяттар мақамы тыңдаушыларының бірін терең ойға батырса, енді біреуінің жан жүрегін тербеп, ерекше ләззатқа бөлейді, тағы бірінің көзіне еріксіз жас ұялатады.Енді бірі тәтті қиялға кеткендей күйде болады. Әйтеуір, барлық тыңдаушылар селт етпей ұйып тыңдайды. Әріптес-шәкірттер де күллі ислам дүниесінің бұрын мән бермеген сырлы әлеміне ой жүгіртеді. Тіпті, қасиетті кітаптың әрбір аят-сүресі ғана емес, оның үтір-нүктелеріне, арабша айтқанда, харакаттарына дейін жақсы білетін хазіреттің өзі де жас талап, шәкірт Қожық баланың сыршыл да әуезді үніне бойы балқып кеткендей кейіпте отырады. Қожық сүрені аяқтай бергенде ұстаз-хазірет бірден:
– Міне, нағыз молла осы жігіт! – деп қалады риза көңілмен.
Сүрені оқып тәмамдаған шәкірт тиләуат-батаны өзіңіз жасаңыз дегендей хазіретке иек қағып, ишара білдіргенде, хазірет-ұстаз:
− Иншалла, Молда Қошық балам, батаны өзің жаса! – дейді көтеріңкі дауыспен.
Шамасы, нәсілі өзбек болуы керек, ұстаз шәкіртінің «Қожық» деген есімін «Қошық» деп өзгертіп айтты. Міне, сол күннен бастап Қожық бала «Молда Қошық» атанып кетеді. Сонан медресе тәлабасы (шәкірті) Қожық бала өзінің атын бас ұстазы – хазіреттің жаңсақ айтқанына әуел баста ыңғайсыздық білдіргендей болғанмен, сыр бермей, оған назар аудара қоймай, үлкен адамдарша қол жайып бата береді. Сондағы бала-шәкірт Молда Қошықтың: «Ағузу билләһи минәш шайтани раджим, Бисмиләһи рахмани рахим… Я, Алла! Тилауатүл құран, салауатүл иман», − деп алақан жайып берген батасы мынадай еді:
Оқыған дұға қабыл боп,
Алламызға жеткейсің.
Дұғамнан келген бар сауап,
Мұхаммедке нұр сепкейсің.
Алланы бір деп таныған,
Тәңірге дара табынған,
Барша мұсылманға дарысын.
Алақан жайған қауымға,
Нұры жаусын иемнің.
Молда Қошық атанып,
Еріп кетті сүйегім.
Осы ат маған бақ болсын,
Қарсы шапқандар жоқ болсын.
Мұсылман даңқы дүрілдеп,
Естіген халқым шат болсын.
Уа, тәңірім, жаратқан,
Батамды осы қабыл ет,
Хазіретім әр кез жастарға,
Ілім шырағын жағып өт.
Екі дүниемізді абат ет,
Жүрегімізді жалын ет.
Аллаға басты иейік,
Халықты әр кез сүйейік.
Қызмет етейік ел үшін,
Жолымызды жарық ет.
Әумин, Аллаһу әкбар!
Шәкірт баланың берген осы батасының өзінен болашақ қайсар қайраткердің, үлкен ұйымдастырушы-әскербасының, саңлақ сардардың, сарабдал саясаткер елшінің, беделді бидің, шашасына шаң жұқтырмайтын дүлдүл шешеннің қарым-қабілетін, талант-тағылымын, биік ақыл-парасатын танимыз. Оның сөз қадірін өз қадіріндей бағалап, суырып салма ақындық өнерге де мән бергенін байқаймыз. Мұны Молда Қошықтың ХІХ ғасырда өмір сүрген Түркістан уәлаятындағы игі ниетті жақсы-жайсаңдармен, туған елінің тұтқасын ұстаған тарихи тұлғалармен ара қатынасы жақсы, сыйластығы жоғары, абырой-беделі биік болғанынан да көреміз. Айталық, Майлықожа ақын әйгілі датқа өмірден озғаннан кейін шығарған «Қараның өтті хандары» атты өлеңінде:
Молда Қошық датқа еді,
Шанышқылының бастығы.
Қырық сан барақ Тәшкеннің,
Жау болып келмей шамасы.
Атын айтса қазақтың
Айбынушы еді қаласы,
Молда Қошық өтіпті,
Бұл дүниеден кетіпті,
Абақтыда деп есіттім,
Бір қайратты баласы, – деп оны қарадан шыққан хан ретінде аса жоғары бағалайды.
Қоқан билігі тұсындағы қазақ халқының өмірін кеңінен баян еткен шымкенттік қаламгер Момбек Әбдәкімұлының «Естемес би» атты романында Молда Қошық датқаның жанқиярлық ерлігі, асқан көрегендігі, қайсар қайраткерлігі, аса талантты әскербасылығы, жан-жақты ғұлама дарындылығы суреттеледі. Мұны Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Қирабаев «Егемен Қазақстан» газетінің 2009 жылғы 9 қаңтарында жариялаған «Естемес би» атты мақаласында ерекше атайды.
Келтірілген деректер Молда Қошық датқаның беймәлім тұлғасын тани түсудегі алғашқы мағлұматтар деуге боларлық еді. Бұл есім әр жерде аталып жүргенімен, осы күнге дейін жалпақ жұртқа, қалың қауымға әлі де жете белгілі бола қойған жоқ. Жоғарыда аталған романнан датқа туралы, қазақ халқының Қоқан хандығы билігі тұсындағы өмірінен орын алған біраз деректерге, Ферғана, Қоқан мұрағаттарынан табылған мұраларға ден қоюға болады. Шығармадан мұрағат сөрелерінде шаң басып көміліп жатқан, осы күнге дейін көмескі болып келген басқа да бізге таныс ғазиз есімдердің тағдыр-талайы, өмір өткелдері туралы мәліметтерге қанығамыз.
Рас, жоғарыда айтылған мақалада әйгілі әдебиетші ғалым, академик ағамыз айтқандай: «Қоқан хандығының билігі – оңтүстік қазақтарының отаршылдықта көрген қиянатының ең бір сорақы беттері. Адамды кісілік қасиеттерінен айыратын, азаматтың жазықсыз қанын төгетін, әйелдерге деген зорлықтың неше түрлі айуандық түрлерін қолданған, қолындағысын тартып алып, жалпы жұртты зар еңіреткен жендет тәртіп орнатқан бұл хандықтың сыры тарихтан белгілі», – болғаны шындық. Шығармада автор Естемес бидің бейнесін роман өзегі етіп ала отырып, сол тәртіптің кескін-кейпін, оған қызмет еткен билік иелерінің ешбір моральға сыймайтын жантүршігерлік жауыздықтарын, сол билікке қарсы тұрған ел бастаған көсемдер мен қол бастаған батырларды, дау бастаған би-шешендерді әсерлі суреттеген. Мұнда романның соңына дейін бас кейіпкермен қатар аталып отыратын сом тұлға − Молда Қошық датқаның көркем бейнесі тартымды шыққан.
Романда датқа «ақ сәлделі, оқалы шапанды, ұзын бойлы, басқалардан оқшау көрінеді… Түсінігі мол, кең жүректі кісі… жұрт тыныш, ел аман, бейбіт заман болса екен деп түн ұйқысын төрт бөліп жүрген адам…» деп суреттеледі. Ол ұзақ уақыт осы қызметінде болып, елін, жерін жат жұрттықтардың езгісінен құтқаруды, қарамағындағы халықтың азаматтық құқын, намысын, ар-ожданын қорғау жолында жан аямай ерлікпен еңбек сіңірген. Бұған оның тарихи Петербург сапары куә. Ол былай болған.
1864 жылы «Жаңа низамнан» кейін Ресей империясы өзінің төңірегіндегі бұратана елдерді, олардың кең-байтақ жерлерін қарамағына алып, халқын өзіне тәуелді ету үшін жанталасып бақты. Сол үшін елді басқарудың жаңа жүйесін енгізіп, әртүрлі саяси-әлеуметтік реформалар жүргізе бастайды. Қазақ жерін, Орта Азияны қол астына қарату мақсатымен түрлі айла-әрекеттерге барып, әскери жорықтар, басқыншылықтар арқылы империялық мақсатын орындап отырады. Соған орай, қазақ жері де төрт генерал-губернаторлыққа бөлініп, оларды орыс патшасының әскери генералдары басқаратын болды.
Ресей императорының жарлығымен 1867 жылы 11 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторлығы құрылып, оның резиденциясы Ташкент қаласына орналасты. Онда әскери, әкімшілік, сот, оқу, қаржы, т.б. мекемелер шоғырланды. Оның аумағы Жетісу мен Сырдария және Әмудария аралығындағы ұлан-ғайыр аймақты алып жатты. Әмудария, Ферғана өлкесінен бастап, мына жағы Наманган, Әндіжан, Хиуа, Қоқан, Самарқан, Бұхара, бүкіл Сырдария аймағы, Түркістан, Шымкент, Қожакент, Ақмешіт, Әулиеата, Қазалы, Ташкент, Жетісу, Қашқармен қоса барлық уәлаяттарды қамтыды. Түркістан өлкесінің қарамағына Ферғана, Сырдария, Жетісу, Түркістан әскери генерал-губернаторлығы (әскери губернаторлары, генералдар – Скобелев, Головачев, Колпаковский, Черняев) қарады. Бұл – қазіргі кездегі Орталық Азиядағы Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытайдың Қашқар жақ бөлігі секілді мемлекеттердің аумағы болатын.
Ақ патша ІІ Александр Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы етіп өзінің ең жақын досы (екеуі де 1818 жылы туылған) генерал-лейтенант К.П.фон Кауфманды тағайындайды. Ол Ташкентке 1867 жылы 7 қарашада келеді. Бұл бүкіл Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтары, Түркістан аймағы толқып тұрған шақ болатын. Оның үстіне Қоқан хандығының әртүрлі алым-салымдары, ұшыр-зекеттері, сан алуан саяси-әлеуметтік қысымы бүкіл иісі түркі жұртын әбден жүйкелеткен кез еді. Әсіресе, Құдияр хан билік құрған тұста (1844-1858, 1862-1863 және 1865-1875 жылдары) басталып, Мәлләбектің тұсында одан әрі өрши түсті. Хандық билік сонау Памир тауларынан бастап, Іле өзенінің кең алқабына дейінгі ұшан-теңіз аймақты, орасан зор аумақты мекен еткен қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік халықтарының тұрмыс-тіршілігіне қатты әсер етіп, күйзеліске ұшыратты.
Бұл кезеңді имам Құрбанғали Халидұлы 1910 жылы қазанда «Өрнек» баспасынан жарық көрген «Тауарих хамса» (Бес тарих) атты еңбегінде: «Ферғана хандарының таққа отыруы орынсыз жанжал, нахақ қан төгіспен қатар жүріп, халыққа ешуақытта тыныштық әкелмеді. Ешбір хан халық пайдасына деп бір іс істеп, болмаса жөнді нәрсе қалдырған жоқ. Олар тек өз басының амандығы, ойын-күлкі сияқты хандықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын істермен өмір кешті, уақыт оздырды… ханға қарсы сөйлеген адамға өлім жазасы кесіледі екен. Онда қай муфти, молда, ғалым ханның бетіне келіп кемшілігін айта алсын. Олардан не үміт, не хайыр күтуге болады», – деп жазды.
Хандық жүйе халықтан алатын алым-салықтардың түрін көбейтті. Түндік, зекет, саулық зекет, қырман зекет (кепсен), үйлену, түтін, әскери, бойжеткен қыздарға салық деген сынды алымның небір түрлерін ойлап тауып, оны халықтан зорлап жинай бастады. Бұл кезеңде Ташкент төңірегінде де жергілікті халықтың наразылығы әр жерден біліне бастаған. Сол тұстағы мұндай ашық көтерілістің бірін үлкен шаһар – Тәшкенде қаланың он екі қақпасының әскери күзетінің басшысы қызметін атқаратын Молда Қошық ұйымдастырды. Ол Ташкент бегі Қанағатшах пен Қоқанның Құдиярдан кейін болған ханы Мәлләбектің жауыздық іс-әрекеттеріне, қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылықтарына қарсы екі мыңдай қала тұрғыны мен жеті жүздей қаруланған сарбаздарын көтеріп, ашық шайқасқа шықты. Олар құшбегі сарайын зеңбірекпен атқылап, тас-талқан етеді. Нәтижесінде, Ташкенттің Бесағаш, Қаймас, Жолбарыс, Қоқан, Қашқар, Ләбзак, Қарасарай, Сағдат, Шағатай, Көкше, Самарқан, Қамалан секілді он екі қақпасын қоршауға алып, Қанағатшахты он күн тұтқында ұстайды. Сөйтіп, оған Құран, нан ұстатып, оның әрқайсысын үш-үш реттен сүйгізіп, жазықсыз жанды жазаламауға, кінәсіз момындарды айыптамауға Алла атымен ант еткізіп, елдің талабын орындатады. Бұл жайында жоғарыда аталған «Естемес би» романының «Тәшкенде Молда Қошық көтеріліс бастады» деген бесінші тарауында егжей-тегжейлі баяндалған. Мұнда Молда Қошықтың Бұхарада жеті жылдық «Мір-Араб» медресесін бітіргені, оның дін іліміне өте жетік адам болғаны, орыс тілін еркін меңгергені, екі жыл Құдияр ханның тұсында Ресейде елші болып қызмет еткені, ал, Ташкент көтерілісінен кейін хан әскерінің бас қолбасшысы, қала даруғасы болғаны аталады. Мұны Майлықожа ақынның соңғы жаңа табылған «Молда Қошық датқаның асында айтқаны» атты толғауынан да көре аламыз.
Тең бе еді Молда Қошық кісіменен,
Теңгерші қылып өткен ісіменен.
Батырбасы Ташкентте болып еді,
Қылыш, мылтық, найзаның
ұшыменен.
Жүз елу тән патшаның ұнауында,
Оның сөзін еш екі қылмауында.
Қырық мың ләшкер ілескен
батырбасы,
Қырық шілтен жүрген шығар
шылауында.
Алтын жүген ауырлап ат басында,
Алды болған алаштың датқасында.
Көшпелі қазақы адам болып жүріп,
Талас қылған Ташкенттің қақпасында, – дейді ақын Молда Қошықтың ел алдындағы еңбектері, атқарған қызметі жайлы. Ал, тарих ғылымдарының докторы, танымал тарихшы Сәбира Сайфумәлікова өзінің ғылыми зерттеулерінде мұрағат деректеріне сүйене отырып, Молда Қошық датқаның мыңбасы, би болғанын алға тартады. Түркістан әскери губернаторы генерал-майор Д.И.Романовскийдің өкімімен 1866 жылы жергілікті қазақтардан түскен әдет-ғұрып істерін қарау үшін Ташкент қаласы мекемесіне (әкімшілігіне – Б.С.) төрт биді (қаңлы, шанышықыл елінде бұрыннан қызмет етіп келе жатқан Молда Қошықты – аға би, оған көмекші ретінде қаңлы елінен Қарабек биді, найман руынан Ерден биді, бестаңбалы руынан Молда Құлмәмбет биді) тағайындағаны, бұрынғы еңбекақылары – аға би 40 сом (ол заманда 1 сом 1 жылқының құны болғанын ескерсек, орыс ақшасының аса бағалы болғанын байқаймыз. – Б.С.), қалған үшеуіне 25 сомнан – жиыны 115 сом төлеу жөніндегі Құрама уезінің басшысы подполковник Карзаковтың 1868 жылы 12 сәуірдегі №248 мәлімхатын келтіреді. Оған қоса Түркістан әскери округінің мұрағатындағы Сібір корпусының қолбасшысына Верный бекінісіндегі Алатау округі бастығының 1860 жылғы 8 қыркүйектегі 2147 «Өте құпия», «Аса қажет» деген белгімен жолдаған жасырын хатында мынадай деректер баяндалады: «Аса жоғары мәртебелім! Сізге осы құпия хатты қолма-қол жіберіп отырғанда, Пішпекті алғаннан кейін, Тоқмақтың бұрынғы әскери комендантының әскери тұтқыны, Ұлы жүз Суан болысының қазір Верныйға отбасына басқалармен бірге қайтқан сарбаз – қазақ Әлжанбай Биболовтың жаңа хабарын естідім. Осы аталған қазақ Әлжанбай Атабектің тапсырмасымен біздің отрядтың Шудың арғы жағына келгені туралы Ташкентке хабар жеткізген және ол мынадай мәліметтер әкелген: Қанағатшах Ханның (Құдиярдың – Б.С.) тапсырмасымен құрамында ташкенттіктер мен көшпелі Құрама рулардан тұратын 10-15 мың әскермен Әулие атаға келген. Олардың 24 лафеттегі қаруы (зеңбірек), бұдан басқа 600 жалдамалы парсылардан құралған жаяу әскері бар. Бұлардың мақсаты – Пішпекті қайтарып алу және Қанағатшах бізбен келіссөз жүргізбек. Онда бізден олардың шекарасын бұзып, жеріне өткенімізге жауап алу туралы ханнан тапсырма алғанын айтпақ. Жауап алудан бөлек, ол бізден әскери тұтқын болған датқалар мен біздің жағымызға өткен адамдарды қаруларымен қайтаруды талап етпек. Егер біз бұл талаптарды орындамаған жағдайда, олар бізге қарсы соғыс жарияламақ».
Құпия хатта қоқандықтардың отрядында Ташкенттің Нармұхаммед құшбегісі, Қанағатшах әскеріне Әндіжаннан келіп қосылған Әлімбек датқаның жауынгерлері, Ниязқұл пансат, Молда Қошық датқа, Керімқұл және т.б. келе жатқаны ескертіледі. Бұл құпия жазбаша хабардың 1860 жылы 23 қазанда тіркеліп, қабылданғаны жайлы кеңсе белгісі соғылыпты. Осы дерек көздерінен біз 1860 жылғы әйгілі Ұзынағаш шайқасының тарихын, оған қоқандықтар әскерінің құрамында қазақтың Сыпатай, Сұраншы, Тайшық, Сыздық, Тойшыбек, Байсейіт, Керімбек, Байзақ, Батырбек, Ақмолда т.б. ел қорғаушы батырлары мен өзбек, қырғыз, тәжік секілді Орта Азия халықтары өкілдерінің белсене қатысқанын байқаймыз. Келесі Ресей мұрағаты деректерінде М.Г.Черняевтің Ташкентке екінші жорығы кезіндегі шайқаста қыпшақ Молда Әлімқұл қайтыс болады да, қаланы қорғауға Сыздық төре, Молда Қошық датқа, сарт (өзбек) Рүстембек үштігі басшылық жасады деп көрсетіледі. Мұнда қаланың 42 күн бойы қоршауда болғаны, шаһар жұрты әр көшеде тосқауыл ұйымдастырып жан аямай соғысқаны, әрбір үй, әрбір ағаш, әрбір құрылыс ғимараты үстіне тұрған қалалықтар орыс басқыншыларының колонналарына оқ атумен болғаны жазылады. Орыстың ресми деректерінде де, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын Қалыбай Мәмбетұлы Кураминскийдің «1853-1865 жылдары Түркістан өлкесіне Ресей орыс әскерінің жасаған басқыншылығы» атты академик Н.Веселовский жазып алған дастанда да Шымкент түбіндегі орыс басқыншыларымен болған сұрапыл соғыста шанышқылы руынан Қайыр батыр, Саза датқа, сіргелі Шүкірәлі датқа, қаңлыдан Алашбай батыр, Бұдабай батыр, қазақ жасақтарының басшысы Мұхаммед Қарауылбек болғаны, сонымен бірге онда Түркістан қаласының бегі тәжік Молда Дәулет, Қаландар батыр, Құдиярбек, Темір датқа, Исламқұл датқа, Анарбай датқа, Молда Қошық датқа қатысты деп көрсетіледі. Олар 1864 жылдың 14, 15, 16 шілдесінде 3 күн бойы толассыз шайқасқанда қоқан әскерлері құрамында алғы шепте қазақтар, қырғыздар, сарттар тұрғаны баяндалады.
Міне, осылайша Ташкент, Шымкент атырабындағы жойқын қарсылықтардың, көтерілістер мен наразылық толқулардың жиі-жиі қайталануы Ресей патшасы мен басқа да шет елдерді алаңдата бастайды. Мұны орыстың Ұлы императоры өзінің Түркістан өлкесіндегі сенімді өкілдерінен, олардың мәлімдеме жазбаларынан біліп отырды. Мәселен, Шоқан Уәлиханов «Ресейдің Хиуамен қарым-қатынасы» атты жазбасында: «Хиуа (хандығы) ашық жауласудан қауіптенетін секілді. Ол қоқандықтардың бізге қарсы күресуге шақырған барлық ұсыныстарына жалтара жауап беріпті. Бізге өздерінің келіспеушіліктерін ашық білдіртпей, Хиуа бұрынғыдан да құпия түрде нұқсан келтіруге тырысып, біздің даламызға жансыздар мен зекет жинаушыларын жіберуді жалғастырып келеді. Сол арқылы орыстарға қарсы жеңіл ойлы қазақтардың ашық жаулық өшпенділіктерін қоздыруда. Кенесарының, Есет Көтібаровтың, Асауовтың және басқа қазақ бүлікшілерінің ашық көтерілісіне көмек көрсетуге уәде беріп, олардың бүлікшілік-бұзақылық ойларына қолдау көрсетуде. Оған қоса, олардың өкілдері 1853 және 1854 жылдары екі рет Түркияға барып, солардың қолдауына ие болған сияқты», – деп жазды (Ш.Уәлиханов, Алматы, 1985, 4-том, 189-190 беттер). Бұл ресми жазбадағы аты аталмай, Асауов деп бүлікші ретінде көрсетіліп отырған адам – патшалық Ресей отаршыларына жергілікті халық наразылығы жетекшілерінің бірі – Дәуіт Асауов туралы айтылып отыр. Ол қазақ даласы Батыс аймағының сұлтаны М.Тәукеұлы мен оның одақтасы болған орыс-казак жасақтарына қарсы қарулы көтерілістер ұйымдастырып отырған. Сұлтан М.Тәукеұлы орыс-казак әскерилерінің көмегімен Дәуітке қатысты ауылдарды, елді мекендерді талқандап, малдарын тартып алған. Одан соң, Дәуіттің отбасын тұтқындап, Орынборға айдаған. Ал, өзі қандықол отаршылдар мен олардың жергілікті жердегі құйыршықтарына ұстатпай аман шығып кеткен. Д.Асауов бүгінде халқын, елін, жерін қастерлеген басқа да отаншыл қайраткерлер секілді туған жер, өскен ел үшін басын бәйгеге тіккен күрескер санатында аталады.
Түркістан аймағын уыстан шығармау мақсатында патшалық Ресей аса сақтықпен, білгірлікпен отарлау жоспарларын жасап, айла-тәсілдерін түрлендіріп отырды. Бұл жөнінде ІІ Александр патша көп ойланып, көп толғанып, өзінің жан досы, Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К.П.фон-Кауфманмен ақылдаса келе, аймақтың атақты адамдарын, даңқты датқаларды сол кездегі Ресей астанасы Петерборға шақыруды, сөйтіп, оларға сый-құрмет көрсетуді жөн санайды. Солар арқылы толқып тұрған елдің наразылық көтерілістерін басуды, жұрттың қарсылығын тоқтатуды, аймақтың тыныштығын қамтамасыз етуді ойластырады. Осы ресми шақыртуға жеті адам лайықты деп табылады. Олар – қазақ даласының бес датқасы, атап айтқанда, ең алдымен – шанышқылы Молда Қошық датқа, сосын – жаныс Момынбек датқа, қаңлы Әкімқұл төре, сыйқымнан Құдайберген датқа, қоңыраттан Қоныс датқа, өзбектің Марқа қазиы, қырғыздың Бәйтік датқа сынды түркі ұлысының аты әйгілі игі жақсылары мен беделді адамдары еді.
Петербургқа барған алғашқы күні датқаларға Ұлы императордың өзі қонақасы беріп, құрмет көрсетеді. Одан кейінгі күндері патша мен оның айналасындағыларға дәм беру салты басталып, бірінші күні Әулиеаталық Құдайберген датқа дастархан жаяды. Астан кейін императорға сый-сияпат жасалады. Ақ патшаға қонақасы беру, сый-құрмет көрсету рәсімі жеті күнге созылады. Соңғы жетінші күнді әдейі Молда Қошық датқа алады. Бұл қорытындылаушы күн еді. Оның үстіне, әйгілі датқа Ресейде елші қызметін атқарған, орыс тіліне де жетік. Молда Қошық өзінің беретін қонақасына ұлы мәртебелінің жұбайымен келуіне өтініш жасайды. Патша ағзам келісімін береді. Салтанатты дастархан басында Молда Қошық ақ патшаға қарата арнау сөз сөйлейді. Бұл көріністі қаламгер – журналист Мырзахан Ахмет «Қоғам қасіреті» атты кітабында былайша баяндайды:
«Молда Қошық:
–Ұлы мәртебелі ақ патшам! – дейді де, басын игендей ишара танытып, тілмашсыз, орыс тілінде халықтың хал-ахуалын баяндайды. – Мұндай жайды біз айтпасақ, кім айтады? 1863-1864 жылдары генерал М.Г.Черняев отряды Қоқан бекіністері – Созақ, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Шолаққорғанды басып алды. Елдің күйі қайыршылық жағдайға түсті. Оның үстіне, генерал әскерлерінің істегені – зорлық-зомбылық, зұлымдық-жауыздық …
– Аса мәртебелі император! Генерал М.Г.Черняевтің отряды құрамындағы Н.А.Веревкин жасағы Түркістанды 1864 жылы 11-шілдеде алғанын есіңізге сала отырып, ел ішінде үлкен дүрбелең туғызған әскери жорықтар, қақтығыстар жиілеп бара жатқанын назарыңызға салуға мәжбүрмін. Қарапайым халық сыйынып, зиярат ететін қасиетті мекен Қожа Ахмет Иассауи кесенесін Н.А.Веревкин зеңбірекпен 12 дүркін атқылатты. Кесене қабырғасының 11 жерін зақымдап, жарамсыз халге түсірді. Соның салдарынан орыс әскерлері жергілікті халықтың жаппай қарсылығына тап болды. Қазақтардың орыс халқына деген өкпесі, өшпенділігі күшейді. Патшалық Ресейден қазақ елі мұндай зұлымдықты күтпеген еді. Оның үстіне, Қоқан хандығынан көрген азабы, зорлық-зұлматы да аз емес. Қазақтардың әрбір түтін түтетіп отырған үйі салыққа жылына алты қой, үш қап жүн, 24 қап ағаш отын, көмір, 24 бау жантақ беріп отыр. Мұны орындамағандар жазаланады.
Молда Қошық датқа елінің жағдайын одан әрі баяндай келіп:
−Уа, патша ағзам! Біз сонау шетте жатқан мал баққан елміз. Біздің халық патша салығын төлеуге разы. Сонымен бірге, Сізден мынадай нәрселерге кеңшілік жасауыңызды сұраймын. Бірінші, Ұлы мәртебелім, дінімізге тимесеңіз! Екінші, әдет-ғұрып, салт-санамызды бұзбасаңыз. Үшінші, бізден әскерге сарбаз алмасаңыз. Осы тілектерімізді қабыл алсаңыз, біз де сертімізде тұрамыз, − дейді.
Молда Қошық датқа осы сөздерді айтып бітіре бергенде, император ыңғайсызданғаннан орнынан тұрып кетеді. Сонан соң:
– Мен сіздің антыңызға сенемін. Тілектеріңізді қабыл аламын. Діндеріңізбен, салт-дәстүрлеріңізбен шаруамыз болмайды. Әскерге де адам алмаймыз. Қажет кезінде сіздерге көмегіміз дайын, − дейді патша ағзам.
Осы сөздерді айтып, ақ патша Молда Қошықтың қолын алады. Сол кезде патша кеңсесінің қызметкерлері Молда Қошыққа зерлі шапан жабады. Мұндай боларын күтпеген Молда Қошық императорға, оның жұбайына өзі арнайы әкелген тарту-таралғыларын ұсынады. Бұл сый-құрметке дән риза болған ІІ Александр Молда Қошықты құшағына алады да, Түркістан жұртының генерал-губернаторы фон Кауфманға қарап:
– Генерал-губернатор мырза! Молда Қошыққа қандай сый-сияпат жасаймыз? – дейді.
Түркістан өлкесіндегі құдіреті күшті «жарты патша» атанған генерал-губернатор мына қошеметке таңданғандай сыңай танытып, аңырып тұрып қалады. ІІ Александр орнына барып отырады да, салтанатты қонақасына қатысқан белгілі суретшіге осы марапат көріністі портрет түрінде шұғыл әзірлеуді тапсырады.
− Ертең мен Молда Қошық датқаны қайта қабылдаймын, сол кезде дайын болсын. Сол портретті өз қолыммен қолтаңба жазып, мөр басып, Молда Қошық мырзаға сыйға тартамын, − дейді.
Ұлы император келесі күні айтқанын бұлжытпай орындайды. Сол тарихи сурет ауыл ақсақалдарының айтуынша, қызылдардың кешегі Кеңес өкіметін орнатқан Қазан төңкерісіне дейін сақталып келген.
Мұны, яғни, Қоқан ханының қыспағы мен орыс басқыншы-отаршылы Н.А.Веревкиннің сойқан соғыспен Түркістанды жаулап алғанын алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы да «Қазақ» газетінде 1913 жылы былай деп жазыпты: «…Түркістан халқы 1864 жылы тағы да Қоқан хандығынан бөлінуге талаптанып қараса да ретін таба алмайды. Ақырында көптен бір ханның қол астында белгілеп орныға алмай тұрған Түркістанды 1864 жылы 12 шілдеде соғыспен орыс полковнигі Веревкин алыпты. Сол жолы Түркістанды орысқа бермеу үшін хан Абылайдың шөбересі, Кенесары ханның баласы Сыздық төре де соғысқан екен…» (М.Дулатовтың «Хазірет сұлтан» атты мақаласынан). Осы айтылған жайттардың барлығына Майлықожа ақын арнайы назар аударған. Олардың әрқайсысын жеке-дара дәріптеп, қалың жұртқа таныстырып отырған. Айталық, ақынның «Датқалардың Петірбор барғаны» атты толғау-өлеңінде жоғарыдағы келтірілген тарихи оқиғаға ерекше мән беріліп, алдымен Молда Қошық датқаның абырой-беделі аталады.
Датқасы Шанышқылының Молда Қошық,
Қайтпаған ерегісте тәні шошып.
Жақсысын әр шаһардың аты шыққан,
Үкіммен жолдас қылды оған қосып, – деп даңқты датқаның батырлығын, елдегі ерекше тұлға екендігін еске ала отырып, оны бас қылып Ресей императоры ІІ Александрдың үкімімен әр жердің басқа да датқаларын арнайы шақыртқаны сөз етіледі. Датқаның патша қабылдауында айтқан ұсыныс-тілектері ақын шығармасында өлең сөздің кестесімен көркем көрініс табады:
Ақ патша «тілегіңді берем» деді,
«Антына мұсылманның сенем» деді.
«Достасып қарым-қатынас жасап
тұрсақ,
Әлімше жәрдемдесіп көрем» деді.
Мал-басың, әдет-ғұрпың өздеріңде,
Көрсетсем мен бір зиян өлем деді.
Соны айтып орнынан ұшып тұрып,
Қошықтың қолын қысып сәлем берді, – деп Ресей ақ патшасы ІІ Александрдың ерекше құрмет көрсеткенін тілге тиек етеді.
Жыр-дастандағы:
Тілегін Молда Қошық алысқанын,
Есіттік патшаға да жағысқанын,
немесе
Жарасар Молда Қошық мақтағанға,
Қалалы қорған еді жақтағанға, – деп ақынның датқаны әсерлі әспеттеуі тарихи шындыққа негізделген шынайы ақындық толғам.
Майлықожа ақынның өмірі мен шығармашылығын мұқият зерттеген әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Әсілхан Оспанұлы да өз еңбегінде: «Орта Азия ел-жұртының сөзін ұстай барған бұл адамдардың патша сарайындағы қабылдауда елдің елдігін көрсететін халықтық салт-дәстүрлердің, шаруашылық қалыптың, ұстанған дінінің қысым көрмеуі турасындағы тілек-талаптарын қысылмай-қымтырылмай айта білген Молда Қошық халық қамын ойлаған жұрт жоқшысы санатында көріне алғаны ақынды айрықша сүйсіндіргені аңғарылады», – деген тұжырымды пікір айтады. Бұл рас сөз. Өйткені, ол жастайынан өз өмірінің басты өлшемі – елін-жерін шексіз сүю, сол жолда жанын пида ету екенін берік бойтұмар еткен. Датқаның өз ғұмырында қара орман халқы мен туған жері, оның діні мен ділі үшін жанқиярлықпен атқарған игі істері, қаһармандық әрекеттері естіген адамның жанын жадыратқаны белгілі. Орта Азияны мекен еткен барша түркі жұртының Молда Қошыққа деген ризашылығын терең сезінген әйгілі ақынның өз шығармашылығында датқа тұлғасын сомдауға айрықша мән беруінің сыры да осында жатса керек. Мұны Майлы ақын толғауындағы Молда Қошықтың атымен баян етілетін:
Ақ патша көнер болса тілімізге,
Көз салсын біздің нашар түрімізге,
Ысыламның мәрхамат қып елдеріне,
Бір нұқсан келтірмесін дінімізге.
Қаралы басымызға жұмыс түссе,
Жарасын орыс халқы күнімізге.
Қайырсын бізді аман халқымызға
Сеніссін ақ ниетті антымызға.
Мал баққан, көшіп-қонған дәштегі
елміз,
Тимесін әдет-ғұрып салтымызға, – деген жыр жолдарынан байқауға болады.
Міне, датқалардың осы сапарынан соң, 1866 жылы орыс әскерилері «Ташкент арыстаны» атап кеткен қанқұйлы генерал М.Г.Черняевті ақ патша қайта шақырып алып, оның орнына өзінің жиені, орыс әскерінің Бас штабы жанындағы Әскери-ғылыми комитет мүшесі, генерал-лейтенант Д.И.Романовскийді жібереді. Ал, бұған ренжіген М.Г.Черняев патшаға қарсы оппозициялық қозғалыстарға қосылып, кейіннен Белоруссияның Могилев облысындағы өзінің туып-өскен Тубышка селосында 1890 жылы белгісіз жағдайда қайтыс болады. Оның өмірден озуына Түркістан өлкесінде жарқырап көрінген «теңдессіз ерліктерінен» кейінгі әскери қызмет жолының күрт құлдырап төмендеп кетуі әсер еткені сөзсіз. Мұны, яғни, сол тұстағы халықаралық шиеленістің де ушығуына, әсіресе, Орта Азияны мекендейтін жергілікті халықтардың жаппай наразылық көрсеткен толқуларының көбейе түсуіне, және т.б. себептерге байланысты, 1866 жылы наурызда Черняев кері қайтарылып, оның орнына генерал Романовскийдің тағайындалуын Ресей әскери мұрағаттарының құжаттары да дәлелдейді. Бұл деректі оңтүстіктің әйгілі шайырларының бірі Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы да Сырдария облысының әскери губернаторы Головачевқа барғанда, айтқан мына өлеңінде растайды:
Тамдыға Қазалыдан отряд түсті,
Екі тау біріккендей болды күшті.
Ақ патшаның жиені князь келіп,
Екі әскер бір-біріне жолығысты…, – дейді ақын («Түркістан уәлаяты» газеті, 25 шілде, 1875 жыл).
Ал, генерал М.Г.Черняев әскерлерінің Ташкентке шабуылы тұсындағы аласапыран кезеңде Молда Қошық Түркістан халықтарының басшылары – Мұса Мұхаммед би, ишан Әбіл Қасымхан, Әкімқожа ишан қазы-кәлан, төре Қожа ағзам, дулат Төртбайлармен Самарқанға, Бұхара әміріне барғаны Түркістан генерал-губернаторлығы кеңсесінің қызметкері Ахмет Кенесариннің 1889 жылы Ташкентте шыққан «Кенесары және Сыздық сұлтан» атты еңбегінде аталады. Енді бір деректе, Ташкенттің Бас қазиы (қазы-кәлан) Әкімқожа, ишан Әбіл Қасымхан, Гусфендуз мағзұм және қазақтардан – шанышқылы Молда Қошық, дулат Төртбай датқа т.б. барғаны айтылады. Ал, «Естемес би» романында бұл жөнінде де және 1863 жылы Бұхара әмірі Мұзаффарға шанышқылы Молда Қошық, қыпшақ Мыңбай датқа, жаныс Естемес би үшеуі Түркістан жұрты атынан елшілік мақсатпен барғаны, көмек сұрағаны келтіріледі. Мұның бәрі тарихи шындыққа негізделген деректер еді.
Бұл жайттарды орыс дереккөздері де дәлелдейді. «Туркестанские ведомости» газетінің 1883 жылғы 8 қарашадағы №44 санында «Бұрынғы жағдайларға қарағанда Ташкент пен Құрамада (уезде) екі халық – қазақтар мен сарттар әрқашан қақтығысып отырды. Анағұрлым өркениетті элементтер – сарттар қу, әрқашан рухани деңгейі жағынан басымдау еді. Алайда, күш-қуаты жағынан қазақтар үстем болды. Өйткені, олардың жағында қазақ даласынан келген құрама елін құрайтын келімсек-кірмелер – жүздер, қарақалпақтар, қырғыздар, т.б. болды… Мұнда қазақтар басым түсіп отырды. Ташкентті басқарудың билігі Молда Қошық деген бір қазақтың қолында еді…», – деп жазады мақала авторы Н.Ульянов. Мақалада Ташкент қаласының қақ ортасын жарып ағатын Дархан арық атты өзеннің сол жылдары Қошық арық аталғаны айтылады. Бұл арықты Молда Қошықтың ұйымдастыруымен, сол жерді мекен еткен шанышқылы Дархан елінің адамдары қазғанын, оның бүгінге дейін Дархан арық аталуынан байқаймыз. Ал, орыс тарихшысы А.И.Добросмыслов та 1912 жылы шыққан «Ташкент в прошлом и настоящем: исторический очерк» атты кітабында 1868 жылғы ұйымдастыру комиссиясының ұйғаруы бойынша Ташкент қаласы аумағын Зақарық пен Шыршық өзенінің ағысынан Қойлыққа дейінгі аралықты, оң жағынан Күркілдек арықтан Бозсу бойындағы Қаратөбе сайына дейінгі жерді, Зақарық пен Қаңлы елінің басшысы Құдабай би елі орналасқан Керегетас сайы, Шанышқылы биі Молда Қошықтың Шалта сайын белгілегенін атайды.
Кейіннен 1870 жылдары осы бір тайпа елді бастап апарып, қазіргі «Сарыағаш» шипажайы тұрған Дархан елді мекеніне орналастырған Молда Қошық датқа екенін көнекөз қариялардан талай естігенбіз. Мұны аталған газеттегі жарияланымдар да дәлелдейді. Ал, бір жарым ғасырдан астам уақыттан бері жер астынан тынбай атқылап ш
Бақтияр СМАНОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
Жақында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Абайтану» ғылыми-оқу және «Қазығұрт» ғылыми-зерттеу орталықтарының директоры, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Саттар Өмірзақовтан электронды хат алдым. Ғалым ініміз әдебиетіміз үшін елеулі оқиға, үлкен жаңалық болып табылатын рухани мұраларды – Майлықожа ақынның әлі жарық көрмеген, осы күнге дейін белгісіз болып келген оншақты өлеңін салып жіберіпті.
«Қазақтың ХІХ ғасырдағы атақты ақындарының бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Майлының бүкіл әдеби мұрасын жинастыра, жариялай жүріп, еңбектерінің басылым көруіне, танылуына ерен еңбек еткен марқұм әдебиетші-ғалым ағамыз – Әсілхан Оспанұлы болатын. Бірақ, Майлы ақынның әлі де танылмаған, жарияланбаған мұралары бар екен. Оны біз өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін жинастырып, жазып алып, аса құнды халықтық мұраларды немересі – белгілі фольклор жинаушысы Қысыраубек Амантаевқа тастап кеткен Шаяндық ұстаз Әбді Амантайұлы ақсақалдың қолжазба деректерінен тауып отырмыз. Ақынның ХІХ ғасырдағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін түрлі жағдайда шығарылған белгісіз өлеңдерін Сізге жіберіп отырмын», – дейді Саттар мырза. Міне, азамат! Халқымыздың «Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ» дегені осы болса керек. Бұл – ел руханияты үшін үлкен жаңалық.
Зерделі зерттеуші жіберген жаңа табылған жәдігерліктерден «Даңқымыз еш ұлыңнан кішкене емес», «Ысты Жұмабай датқа және қоңырат Сапақ датқаның Көлбай, Иманберді атты балаларына айтқаны», «Ырысбайға», «Майлықожаның қайтыс боларында айтқаны», «Тұрлыбек датқаның қазасына көңіл айтуы», «Майлықожаның беташары», «Не жүйрік өтті дүниеден» (толық нұсқасы), «Молда Қошық датқаның асында айтқаны», «Қошық датқаның баласы Нарбекті жоқтау» атты көлемді жыр-толғаулары қамтылыпты. Бұлардың ішінде біздің назарымызды ерекше аударғаны Молда Қошыққа байланысты ақынның жыр-толғаулары еді.
Бұрында да Молда Қошық датқа мен Майлы ақынның арасындағы жақсы қарым-қатынас, адами сыйластық жайлы әйгілі шайырдың бірқатар арнауларын, жырларын, толғауларын кездестірген болатынбыз. Бұған жыр дүлдүлінің Молда Қошық және оның ұрпақтарына байланысты шығарған «Алладан пайғамбарға келген аят», «Қараның өтті хандары», «Датқалардың Петірбор барғаны», «Құйрығын айдаһардың қайдан бастың?», «Қолыма қағазбенен алдым қалам» атты т.б. өлеңдері дәлел. Зер сала қараған көзі қарақты жанға ақын өз шығармаларында кейіпкерлері жайлы айта отырып, тұтас бір дәуірдің, сол кезеңдегі өмір шындығының беймәлім тұстарынан хабардар ететінін байқаймыз.
Орта Азия мен Қазақстанды отарлаушы патшалық Ресейдің қанқұйлы қолбасшы-генералы М.Г.Черняевті қудырған Молда Қошық датқа екенін бүгінде біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Өйткені, ол – көне тарих. Одан бері бір жарым ғасырдан астам уақыт өтті, бес-алты ұрпақ алмасты. Оған көрсетер куә, айтар дәлел – байырғы көне ауыз әдебиеті мұралары, тарихи жырлар, мұрағат деректері, тарихшы ғалымдардың мәліметтері, бүгінгі интернет жазбалары дер едік.
Молда Қошықтың азан шақырып қойған аты – Қожық. Әкесінің аты – Тоқбай болған (Әкесінің Тоқбай деген аты кейде Байтоқ деп жаңылыс беріліп жүр. Оның Тоқбай екенін мұрағат деректері дәлелдейді). Ол жастайында діни білімді алдымен Тәшкендегі «Көкалташ» медресесінде алады. Соңынан Бұхарадағы жетіжылдық «Мір-Араб» медресесін тәмамдайды. Ол мыңбасы, би, аға би, датқа, Ташкент қаласының дәруғасы (басшысы), әскербасы, Қоқан ханының Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған. Сондықтан оны ел ішінде Молда-би, Батырбасы, Ләшкербасы, Датқа деген лақап аттармен атаған.
Қаламгерлер – Момбек Әбдәкімұлының «Естемес би», Мырзахан Ахметтің «Қоғам қасіреті», Бердуәлі Тұрмағамбетовтің «Сері аға» роман, повестеріндегі мәліметтерге, сондай-ақ кейбір мұрағат деректеріне қарағанда, Молда Қошық 18 жасында – 1814 жылы Қоқан хандығы тарапынан Түркістан өлкесіне датқа болып тағайындалады. Бұл – ханның жай ғана өкілі емес, биік мансап иесі. Датқаның ұлан-байтақ елі, қолында жеке мөрі бар, шексіз-шетсіз билігі болды.
Тегінде, «датқа» сөзі парсы тіліндегі тілек, әділдік иесі деген ұғымнан шыққан. Бұл Бұхара, Қоқан хандықтары кезеңінде хандық тарапынан биік лауазым, жоғары атақ ретінде берілген. Ол хан билігі тұсында төртінші дәрежелі лауазым болатын. Билерден, аға сұлтандардан жоғары, тек хан әміріне ғана бағынышты басшы қызмет адамы болып есептелді. Қайбір кезеңдерде «датқа» лауазымы ру басыларына, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, ислам шариғатын жақсы білетін би-шешендерге, ел арасындағы абыройлы басшы адамдарға да берілді. Онда, олар елдің ішінен хан атына келіп түскен өтініш-тілектерді, арыз-шағымдарды қабылдап, оған ханның берген жауабын жұртшылыққа жеткізіп отырған. Бұхара хандығы тұсында датқа сөзі әскербасы, хакім, хукумдар, генерал, шенеунік, идарашы (кеңсе қызметкері) мағынасында пайдаланылды. Бұл лауазым ел арасындағы қайраткер адамдарға әуелде Бұхара шейхулисламының пәтуасымен де беріліп отырды.
Қазақ қауымы арасынан датқа лауазымына ие болған шымыр Байзақ, Төртбай, жаныс Шойбек, Момынбек, Қасымбек, қаңлы Әкімқұл төре, сиқым Құдайберген, Қасымбек, Батырбек, Қожабек, ысты Шоқай, қоңырат Сапақ, Қоныс, Мұсабек, Тұрлыбек, сіргелі Бекмұрат, Пошан, Кеншім, жағалбайлы Шінет сынды т.б. қандастарымыздың есімдері тарихтан белгілі.
Молда Қошық бала кезінен асқан зейінді, алғыр, сөзі мірдің оғындай өткір әрі шешен болып өседі. Ол жөнінде ел арасында, халық аузында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан терең мағыналы әңгімелер, үлгі етер өнегелі оқиғалар көп. Соның бірі – оның «Қожық» есімінің қалайша «Қошық» атанып кетуі жайлы ел аузындағы әңгіме. Мұның тарихы былай болған еді.
Медресені бітіргенде әр шәкірт емтихан тапсырып, алған білімдерін дәлелдеу үшін Құран-кәрім сүрелерін жатқа айтып, қатысып отырған тыңдарман жұрттың, қазылар алқасының назарына ұсынады. Кезек өзіне келгенде Қожық бала қасиетті «Ясин» сүресін өте бір әуезді үнмен, ерекше мақаммен созып, асықпай дауыстап оқи бастайды.
Медресе ішін баураған әсем әуен, сыршыл сезімге толы сүре аяттары тыңдаушылардың, шәкірттердің, ұстаздардың, ата-аналардың тұла бойын шымырлатып, ерекше күйге бөлейді. Олар Құрани-кәрімнің осыншама таңғажайып әуенге, жан тебірентер әсем сазға айналғанына тәнті болады. Жарты сағатқа созылған қасиетті сүре, қастерлі аяттар мақамы тыңдаушыларының бірін терең ойға батырса, енді біреуінің жан жүрегін тербеп, ерекше ләззатқа бөлейді, тағы бірінің көзіне еріксіз жас ұялатады.Енді бірі тәтті қиялға кеткендей күйде болады. Әйтеуір, барлық тыңдаушылар селт етпей ұйып тыңдайды. Әріптес-шәкірттер де күллі ислам дүниесінің бұрын мән бермеген сырлы әлеміне ой жүгіртеді. Тіпті, қасиетті кітаптың әрбір аят-сүресі ғана емес, оның үтір-нүктелеріне, арабша айтқанда, харакаттарына дейін жақсы білетін хазіреттің өзі де жас талап, шәкірт Қожық баланың сыршыл да әуезді үніне бойы балқып кеткендей кейіпте отырады. Қожық сүрені аяқтай бергенде ұстаз-хазірет бірден:
– Міне, нағыз молла осы жігіт! – деп қалады риза көңілмен.
Сүрені оқып тәмамдаған шәкірт тиләуат-батаны өзіңіз жасаңыз дегендей хазіретке иек қағып, ишара білдіргенде, хазірет-ұстаз:
− Иншалла, Молда Қошық балам, батаны өзің жаса! – дейді көтеріңкі дауыспен.
Шамасы, нәсілі өзбек болуы керек, ұстаз шәкіртінің «Қожық» деген есімін «Қошық» деп өзгертіп айтты. Міне, сол күннен бастап Қожық бала «Молда Қошық» атанып кетеді. Сонан медресе тәлабасы (шәкірті) Қожық бала өзінің атын бас ұстазы – хазіреттің жаңсақ айтқанына әуел баста ыңғайсыздық білдіргендей болғанмен, сыр бермей, оған назар аудара қоймай, үлкен адамдарша қол жайып бата береді. Сондағы бала-шәкірт Молда Қошықтың: «Ағузу билләһи минәш шайтани раджим, Бисмиләһи рахмани рахим… Я, Алла! Тилауатүл құран, салауатүл иман», − деп алақан жайып берген батасы мынадай еді:
Оқыған дұға қабыл боп,
Алламызға жеткейсің.
Дұғамнан келген бар сауап,
Мұхаммедке нұр сепкейсің.
Алланы бір деп таныған,
Тәңірге дара табынған,
Барша мұсылманға дарысын.
Алақан жайған қауымға,
Нұры жаусын иемнің.
Молда Қошық атанып,
Еріп кетті сүйегім.
Осы ат маған бақ болсын,
Қарсы шапқандар жоқ болсын.
Мұсылман даңқы дүрілдеп,
Естіген халқым шат болсын.
Уа, тәңірім, жаратқан,
Батамды осы қабыл ет,
Хазіретім әр кез жастарға,
Ілім шырағын жағып өт.
Екі дүниемізді абат ет,
Жүрегімізді жалын ет.
Аллаға басты иейік,
Халықты әр кез сүйейік.
Қызмет етейік ел үшін,
Жолымызды жарық ет.
Әумин, Аллаһу әкбар!
Шәкірт баланың берген осы батасының өзінен болашақ қайсар қайраткердің, үлкен ұйымдастырушы-әскербасының, саңлақ сардардың, сарабдал саясаткер елшінің, беделді бидің, шашасына шаң жұқтырмайтын дүлдүл шешеннің қарым-қабілетін, талант-тағылымын, биік ақыл-парасатын танимыз. Оның сөз қадірін өз қадіріндей бағалап, суырып салма ақындық өнерге де мән бергенін байқаймыз. Мұны Молда Қошықтың ХІХ ғасырда өмір сүрген Түркістан уәлаятындағы игі ниетті жақсы-жайсаңдармен, туған елінің тұтқасын ұстаған тарихи тұлғалармен ара қатынасы жақсы, сыйластығы жоғары, абырой-беделі биік болғанынан да көреміз. Айталық, Майлықожа ақын әйгілі датқа өмірден озғаннан кейін шығарған «Қараның өтті хандары» атты өлеңінде:
Молда Қошық датқа еді,
Шанышқылының бастығы.
Қырық сан барақ Тәшкеннің,
Жау болып келмей шамасы.
Атын айтса қазақтың
Айбынушы еді қаласы,
Молда Қошық өтіпті,
Бұл дүниеден кетіпті,
Абақтыда деп есіттім,
Бір қайратты баласы, – деп оны қарадан шыққан хан ретінде аса жоғары бағалайды.
Қоқан билігі тұсындағы қазақ халқының өмірін кеңінен баян еткен шымкенттік қаламгер Момбек Әбдәкімұлының «Естемес би» атты романында Молда Қошық датқаның жанқиярлық ерлігі, асқан көрегендігі, қайсар қайраткерлігі, аса талантты әскербасылығы, жан-жақты ғұлама дарындылығы суреттеледі. Мұны Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Қирабаев «Егемен Қазақстан» газетінің 2009 жылғы 9 қаңтарында жариялаған «Естемес би» атты мақаласында ерекше атайды.
Келтірілген деректер Молда Қошық датқаның беймәлім тұлғасын тани түсудегі алғашқы мағлұматтар деуге боларлық еді. Бұл есім әр жерде аталып жүргенімен, осы күнге дейін жалпақ жұртқа, қалың қауымға әлі де жете белгілі бола қойған жоқ. Жоғарыда аталған романнан датқа туралы, қазақ халқының Қоқан хандығы билігі тұсындағы өмірінен орын алған біраз деректерге, Ферғана, Қоқан мұрағаттарынан табылған мұраларға ден қоюға болады. Шығармадан мұрағат сөрелерінде шаң басып көміліп жатқан, осы күнге дейін көмескі болып келген басқа да бізге таныс ғазиз есімдердің тағдыр-талайы, өмір өткелдері туралы мәліметтерге қанығамыз.
Рас, жоғарыда айтылған мақалада әйгілі әдебиетші ғалым, академик ағамыз айтқандай: «Қоқан хандығының билігі – оңтүстік қазақтарының отаршылдықта кө