Сәкен мұражайы хақында

9 Шілде 2013, 09:53

                                                        С.Сейфуллинді Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті(ҰҚК)                                                          деректері бойынша 1938 жылы 25                                                                                  ақпанда ату  жөнінде құжатқа қол қойылған.                                                          Биыл 75 жыл өткен екен. Осы оқиғаға қатысты,                                                               С.Сейфуллин мұражай қорында сақталған жәдігерлер                                                           сырын ашуды  жөн көрдік.                                       Жәдігерлер сыр шертеді           Сәкен Сейфуллиннің 1932 жылы дүниеге келген тұңғышы Лаурасы, жұбайы Гүлбаһрам Мәскеуде  оқып жүргенде, өкпесінен суық тиіп қайтыс болады.  1936 жылы ұлы Аян дүниеге келеді.  Аянның 1 жасқа толу күніне Сәкен мен Гүлбаһрам қатты дайындалады. Сәкен мен Гүлбаһрам қуаныштан қатты толқып, қонақтарды жақсылап күтіп алуы үшін базардан барып арнайы ақ дастарқан сатып алынады. Осы ақ дастарқан сол жолы жайылмады.Сол күні отбасы қуанышын бөлісуге қадірлі достары, жақын-жуықтар келеді деп елегізіп жүрген Сәкенді НКВД адамдары тұтқынға алған. Кейін өзі де «халық жауының» әйелі болып қуғындау көріп жүрсе де, Гүлбаһрам апай Сәкеннің жеке заттарын ақ дастарқанның ішіне салып беліне орап, тіміскілеушілердің көзінен аман алып қалған.  Осы дастархан жайында Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының кандидаты Балтабай Адамбаевтың Гүлбаһрам Сейфуллинаның үйіне амандасуға Сүйіндік Сапақовты ( «Тар жол, тайғақ кешу» романында айтылатын С.Сейфуллиннің серігі) ертіп барғандағы естелігінде былай дейді: «Есікті Гүлбаһрамның өзі ашты.Сәкенмен 18 жасынан жолдас болып, 28 жасында қалған Гүлбаһрам жеңгейдің бетін әжім, шашын қылаң шалған, қаны тасып жүрегі ауруға шалдыққан... Осы кезде «шай дайын» деп бөлмеге Қарлығаш деген кыз бала кірді.- Тұра тұр, қалқам, Сәкеннің  жолдасы мен інісіне Аянның ақ дастарханымен шай берейін,-деді жеңгей, бұрыштағы жағыланды ашып столға үлкен ақ торғын дастарқан әкеліп жайды. Шай құя отырып дастарханның тарихын әңгімеледі. -         Мен Сәкеннен бір ұл, бір қыз тудым. Қызымның аты –Лаура, ( Сәкен еркелетіп Дәрдана деп те атайтын), 1932 жылы Москвада рабфакта оқып жүргенде жасы екіге толмай қайтыс болды. Сәкен өте балажан еді, Лауранын өліміне қатты қайғырды. Одан кейін 1936 жылы еркек бала тудым. Сәкен оған да қатты қуанды және Мирзоянға ұқсас болсын деп ( ұмытпасам, Мұхтардың ( Әуезов) ұсынысы бойынша) атын « Аян» қойды. Аян бір жасқа толарда той жасауға әзірлендік. Тойға Қазақстанның басшылары Мирзоян, Садуақасов, Сегізбаев және басқа адамдар шақырылды, олар келетін болды.  Аянның тойына арнап алдынала бірсыпыра жаңа заттар сатып алдық. Солардың ішінде төргі столға жаюға қол орамалымен осы ақ дастарқан алынған еді. Аян 1936 жылы 16 ноябрь күні туған. Той болмай, жаңа дастарқан жазылмай қалды. Тек, 1957 жылы Сәкеннің достары Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайлов, Мұхамеджан Қаратаевтарды үйге шақырып, ақ дастарқанды  бірінші рет шешіп дәм бердім» - дейді.  Яғни, С.Сейфуллин  ардақты есімі ақталғаннан кейін, халқына адалдығы дәлелденгеннен кейін, ақ дастарқан алғаш жайылды. Құдды бір, ақынның ақтығынын дәлелі ретінде.       Ақынның адал жары Гүлбаһрамның арқасында бүгінде Сәкен мұражайында оның көзі тірісінде қолданған,  әр кезеңдеріне қатысты      жәдігерлер жинақталып, мұражай төрінде тұр . Адал жар Сәкен ақталғанға дейін аман-есен оралар деген үмітін үзбей, біраз заттарды көзінің қарашығындай сақтайды. 1973 жылы Гүлбаһрам дүниеден өткенде Сәкен Сейфуллиннің заттары Алматы мұражайына өткізілген.Соның ішінде, Сәкеннің Сейфуллиннің алтын сағаты да бар.     1936 жылы кеңінен аталып өткен С.Сейфуллннің  әдеби және қоғамдық қызметіне 20 жыл толуына байланысты мемлекет өкіметі сыйға тартқан.  Жұбайы Гүлбахрам Сейфулинаның қолында сақталынып,1960 жылдары Целиноград қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылған. 1988 жылдан бері мұражайда  жәдігерлердің қатарын толтырып   тұр. Ақынның алтын қалтасағаты щвецарияның фирмасы «НҮ МОZER», шамамен 1870-1880 жылдардың сәнінде жасалынған. Көлемді сағат  жоғарғы пробалы алтын 18 к/750 проба/,салмағы 100 гр.    Диаметрі 45 мм, жалпы көлемді,үш қақпақтан тұрады. Сыртқы  қақпақта Сәкен Сейфуллин есімі жазылған, ішкі  қақпақта «HY MOZER & CE» « ECHAPPEMENTE ANCHE»  «RERRES» «QUALITELEPAINE» фирмасы деген жазу бар.    С.Сейфуллиннің майлы бояумен салынған портретін ерекше бөліп айтуға болады. Бұл портрет кейіннен Астанадағы мұражайға әкелінді. Бірақ сол жылдары Гүлбаһрам апай салдырған портреттің авторы белгісіз. Соңғы жылдары мұражай қызметкерлері Орталық мұражайдың әкімшілігімен келісімге келіп, ақын тұтынған мемориалдық заттарының кейбіреулерін алуға қол жеткізді. Сәкеннің   қылқаламы  мен  сия сауыты   1920-1930 жылдар аралығында қолданған. Сәкен тұтқындалғаннан кейін 1937 жылы Гүлбаһрам Сейфуллинаның қолында болды. Сия сауыты туысқандарының көмегімен мұражайға тапсырылды. Сәкен Сейфуллннің  қылқаламы «Фабрика  «Прометей – Леп» атты өндірістен шыққан. Ағаштан жасалынып, жылтыр қара қөк эмальмен боялған. Қылқалам қарапайым оқушылық. Ұзындығы-145 мм. Сия сауыт 1916-1917 жылға жатады. Тікбұрышты тұғырмен мрамордан жасалған, екі сия құятын сауыты бар. Сауыты жуан граненнен әйнектен, қақпағы сары металдан жасалған. Жәдігер мұражайда «Әдеби қызметі» залында орналасқан. Сәкен мұраларын жинауға оның туған-туыстары да көп еңбек сіңірген. Мәселен, інісі Мәжит Сейфуллиннің отбасында сақталып қалған заттар, С.Сейфуллиннің баспа машинасы.     1936 жылы кеңінен аталып өткен С.Сейфуллннің  әдеби және қоғамдық қызметіне 20 жыл толуына байланысты мемлекет өкіметі сыйға тартқан «Ундервуд  маркалы » баспа машинасы. Деректер бойынша, 1903 жылы Нью-Йорк қаласында жасалған.     1937 жылы  Сәкен «Халық жауы» деген жалған атақпен  тұтқындалғаннан кейін, жәдігер кіші інісі Мәжит Сейфуллиннің  жертөлесінде жасырын сақтаған екен.     Мұражайға 1994 жылы  Сәкеннің туылғанына 100 жыл толуына байланысты  тапсырылды. Материалы - темір, ағаш,  қара, сары және жасыл түспен боялған.Уақыт өте келе машина аяқтары бұзылып, бірнеше жерінде бояуы кетіп, тот басқан.  Машина жұмыс істейді, 48 дана баспа тақталары бар.  Ақын пайдаланған ыдыс-аяқтар, қабырға сағаты, кілемше-төсеніштер, киім ілгіш, сыйкәделер кейін мұражайға табысталып, келушілеріне үлкен әсер етіп, қимастық сезім ұялатады. Сондай-ақ, Сәкеннің 1930-шы жылдары киген костюмі. Сәкеннің костюмі 1930 жылдары  Москва қаласынан сатып алынған екен. Ақынның көптеген суреттері  осының айғағы. Репрессия кезінде  костюм туысқандарының қолында сақталынған.  Ақынның жары Гүлбаһрам,  «Халық жауының әйелі «ретінде қудалауда болып, 1950 жылдары босатылғаннан кейін Сәкеннің көптеген жеке заттары  жарына тапсырылған. Сәкеннің костюмі сол заманның ағылшын сәнінде,  ұсақ жолақты  қара-қоңыр матадан, ішкі астары қоңыр түсті саржадан тігілген. Пиджак екі жағынан түймеленетін,  жанқалтасы бар, біреуі кеуде қалта. Шалбарының балағы қайырылған, кең, жаны  арнайы  екі қысқа белбеумен әшекейленген. Замандастарының айтуынша, Сәкен  тек Еуропалық стильдегі киімдерді ұнататын, талғамы  жоғары. «Әдеби қызметі» залында тұр. 1934 жылы өзбек ақындарының Сәкенге  40 жасқа толғанда сыйға тартқан шапаны мен тақиясы. Жақындарының естеліктерінде,  Сәкен бұл киімді үйде  өзінің туындыларын жазғанда  кигенді ұнатқан екен. Естелік суреттерінде ақынның Москвада Кеңес жазушыларының 1 сьезі өткенде  делегаттардың арасында түскен фотосуреттері бар. Бұл бейнесі 1964 жылы Сәкен жайлы түсірілген деректі  бейнефильмнен  көреміз. Шапан мен тақия өзбек шеберлерінің қол туындысы. Шапан жолақтары бар  таза мақта матадан тігілген. Жолақтар жасыл, сұр және қою көк түстерден тұрады. Зерттеу кезінде бірнеше жерлерінде тозған. Тақия түркі тілінен аударғанда «жоғарғы» деген мағына береді. Тақиясы  түрлі-түсті жібек  жіптен  тігілген қол жұмысы. Ол дәстүрлі түрде төртбұрышты, конус бейнесінде жасалған. Астары қара сәтенен тігілген. Осы жәдігерлердің барлығы  Сәкен жүрген Ақмола, қазіргі Астана төріндегі мұражайдың құнды жәдігерлеріне айналды. Оны сақтап, халыққа насихаттау мұражай қызметкерлерінің тікелей жұмысы.  Астана қаласы С.Сейфуллин мұражайының    бөлім меңгерушісі  Ибраева Гүлназия Болатқызы

                                                        С.Сейфуллинді Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті(ҰҚК) 

                                                        деректері бойынша 1938 жылы 25                         

                                                        ақпанда ату  жөнінде құжатқа қол қойылған. 

                                                        Биыл 75 жыл өткен екен. Осы оқиғаға қатысты,      

                                                        С.Сейфуллин мұражай қорында сақталған жәдігерлер  

                                                        сырын ашуды  жөн көрдік.

 

 

                                  Жәдігерлер сыр шертеді

 

        Сәкен Сейфуллиннің 1932 жылы дүниеге келген тұңғышы Лаурасы, жұбайы Гүлбаһрам Мәскеуде  оқып жүргенде, өкпесінен суық тиіп қайтыс болады.  1936 жылы ұлы Аян дүниеге келеді.  Аянның 1 жасқа толу күніне Сәкен мен Гүлбаһрам қатты дайындалады. Сәкен мен Гүлбаһрам қуаныштан қатты толқып, қонақтарды жақсылап күтіп алуы үшін базардан барып арнайы ақ дастарқан сатып алынады. Осы ақ дастарқан сол жолы жайылмады.Сол күні отбасы қуанышын бөлісуге қадірлі достары, жақын-жуықтар келеді деп елегізіп жүрген Сәкенді НКВД адамдары тұтқынға алған.
Кейін өзі де «халық жауының» әйелі болып қуғындау көріп жүрсе де, Гүлбаһрам апай Сәкеннің жеке заттарын ақ дастарқанның ішіне салып беліне орап, тіміскілеушілердің көзінен аман алып қалған.  Осы дастархан жайында Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымының кандидаты Балтабай Адамбаевтың Гүлбаһрам Сейфуллинаның үйіне амандасуға Сүйіндік Сапақовты ( «Тар жол, тайғақ кешу» романында айтылатын С.Сейфуллиннің серігі) ертіп барғандағы естелігінде былай дейді: «Есікті Гүлбаһрамның өзі ашты.Сәкенмен 18 жасынан жолдас болып, 28 жасында қалған Гүлбаһрам жеңгейдің бетін әжім, шашын қылаң шалған, қаны тасып жүрегі ауруға шалдыққан... Осы кезде «шай дайын» деп бөлмеге Қарлығаш деген кыз бала кірді.- Тұра тұр, қалқам, Сәкеннің  жолдасы мен інісіне Аянның ақ дастарханымен шай берейін,-деді жеңгей, бұрыштағы жағыланды ашып столға үлкен ақ торғын дастарқан әкеліп жайды. Шай құя отырып дастарханның тарихын әңгімеледі.

-         Мен Сәкеннен бір ұл, бір қыз тудым. Қызымның аты –Лаура, ( Сәкен еркелетіп Дәрдана деп те атайтын), 1932 жылы Москвада рабфакта оқып жүргенде жасы екіге толмай қайтыс болды. Сәкен өте балажан еді, Лауранын өліміне қатты қайғырды. Одан кейін 1936 жылы еркек бала тудым. Сәкен оған да қатты қуанды және Мирзоянға ұқсас болсын деп ( ұмытпасам, Мұхтардың ( Әуезов) ұсынысы бойынша) атын « Аян» қойды. Аян бір жасқа толарда той жасауға әзірлендік. Тойға Қазақстанның басшылары Мирзоян, Садуақасов, Сегізбаев және басқа адамдар шақырылды, олар келетін болды.  Аянның тойына арнап алдынала бірсыпыра жаңа заттар сатып алдық. Солардың ішінде төргі столға жаюға қол орамалымен осы ақ дастарқан алынған еді. Аян 1936 жылы 16 ноябрь күні туған. Той болмай, жаңа дастарқан жазылмай қалды. Тек, 1957 жылы Сәкеннің достары Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайлов, Мұхамеджан Қаратаевтарды үйге шақырып, ақ дастарқанды  бірінші рет шешіп дәм бердім» - дейді.  Яғни, С.Сейфуллин  ардақты есімі ақталғаннан кейін, халқына адалдығы дәлелденгеннен кейін, ақ дастарқан алғаш жайылды. Құдды бір, ақынның ақтығынын дәлелі ретінде. 

     Ақынның адал жары Гүлбаһрамның арқасында бүгінде Сәкен мұражайында оның көзі тірісінде қолданған,  әр кезеңдеріне қатысты      жәдігерлер жинақталып, мұражай төрінде тұр . Адал жар Сәкен ақталғанға дейін аман-есен оралар деген үмітін үзбей, біраз заттарды көзінің қарашығындай сақтайды. 1973 жылы Гүлбаһрам дүниеден өткенде Сәкен Сейфуллиннің заттары Алматы мұражайына өткізілген.Соның ішінде, Сәкеннің Сейфуллиннің алтын сағаты да бар.

    1936 жылы кеңінен аталып өткен С.Сейфуллннің  әдеби және қоғамдық қызметіне 20 жыл толуына байланысты мемлекет өкіметі сыйға тартқан.  Жұбайы Гүлбахрам Сейфулинаның қолында сақталынып,1960 жылдары Целиноград қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылған. 1988 жылдан бері мұражайда  жәдігерлердің қатарын толтырып   тұр.

Ақынның алтын қалтасағаты щвецарияның фирмасы «НҮ МОZER», шамамен 1870-1880 жылдардың сәнінде жасалынған. Көлемді сағат  жоғарғы пробалы алтын 18 к/750 проба/,салмағы 100 гр.

   Диаметрі 45 мм, жалпы көлемді,үш қақпақтан тұрады. Сыртқы  қақпақта Сәкен Сейфуллин есімі жазылған, ішкі  қақпақта «HY MOZER & CE» « ECHAPPEMENTE ANCHE»  «RERRES» «QUALITELEPAINE» фирмасы деген жазу бар.

   С.Сейфуллиннің майлы бояумен салынған портретін ерекше бөліп айтуға болады. Бұл портрет кейіннен Астанадағы мұражайға әкелінді. Бірақ сол жылдары Гүлбаһрам апай салдырған портреттің авторы белгісіз. Соңғы жылдары мұражай қызметкерлері Орталық мұражайдың әкімшілігімен келісімге келіп, ақын тұтынған мемориалдық заттарының кейбіреулерін алуға қол жеткізді. Сәкеннің   қылқаламы  мен  сия сауыты

 

1920-1930 жылдар аралығында қолданған. Сәкен тұтқындалғаннан кейін 1937 жылы Гүлбаһрам Сейфуллинаның қолында болды. Сия сауыты туысқандарының көмегімен мұражайға тапсырылды.

Сәкен Сейфуллннің  қылқаламы «Фабрика  «Прометей – Леп» атты өндірістен шыққан. Ағаштан жасалынып, жылтыр қара қөк эмальмен боялған. Қылқалам қарапайым оқушылық. Ұзындығы-145 мм.

Сия сауыт 1916-1917 жылға жатады. Тікбұрышты тұғырмен мрамордан жасалған, екі сия құятын сауыты бар. Сауыты жуан граненнен әйнектен, қақпағы сары металдан жасалған.

Жәдігер мұражайда «Әдеби қызметі» залында орналасқан.


Сәкен мұраларын жинауға оның туған-туыстары да көп еңбек сіңірген. Мәселен, інісі Мәжит Сейфуллиннің отбасында сақталып қалған заттар, С.Сейфуллиннің баспа машинасы.

    1936 жылы кеңінен аталып өткен С.Сейфуллннің  әдеби және қоғамдық қызметіне 20 жыл толуына байланысты мемлекет өкіметі сыйға тартқан «Ундервуд  маркалы » баспа машинасы. Деректер бойынша, 1903 жылы Нью-Йорк қаласында жасалған.

    1937 жылы  Сәкен «Халық жауы» деген жалған атақпен  тұтқындалғаннан кейін, жәдігер кіші інісі Мәжит Сейфуллиннің  жертөлесінде жасырын сақтаған екен.

    Мұражайға 1994 жылы  Сәкеннің туылғанына 100 жыл толуына байланысты  тапсырылды. Материалы - темір, ағаш,  қара, сары және жасыл түспен боялған.Уақыт өте келе машина аяқтары бұзылып, бірнеше жерінде бояуы кетіп, тот басқан.  Машина жұмыс істейді, 48 дана баспа тақталары бар.

 Ақын пайдаланған ыдыс-аяқтар, қабырға сағаты, кілемше-төсеніштер, киім ілгіш, сыйкәделер кейін мұражайға табысталып, келушілеріне үлкен әсер етіп, қимастық сезім ұялатады.
Сондай-ақ, Сәкеннің 1930-шы жылдары киген костюмі.

Сәкеннің костюмі 1930 жылдары  Москва қаласынан сатып алынған екен. Ақынның көптеген суреттері  осының айғағы. Репрессия кезінде  костюм туысқандарының қолында сақталынған.  Ақынның жары Гүлбаһрам,  «Халық жауының әйелі «ретінде қудалауда болып, 1950 жылдары босатылғаннан кейін Сәкеннің көптеген жеке заттары  жарына тапсырылған.

Сәкеннің костюмі сол заманның ағылшын сәнінде,  ұсақ жолақты  қара-қоңыр матадан, ішкі астары қоңыр түсті саржадан тігілген. Пиджак екі жағынан түймеленетін,  жанқалтасы бар, біреуі кеуде қалта. Шалбарының балағы қайырылған, кең, жаны  арнайы  екі қысқа белбеумен әшекейленген.

Замандастарының айтуынша, Сәкен  тек Еуропалық стильдегі киімдерді ұнататын, талғамы  жоғары. «Әдеби қызметі» залында тұр.

1934 жылы өзбек ақындарының Сәкенге  40 жасқа толғанда сыйға тартқан шапаны мен тақиясы. Жақындарының естеліктерінде,  Сәкен бұл киімді үйде  өзінің туындыларын жазғанда  кигенді ұнатқан екен. Естелік суреттерінде ақынның Москвада Кеңес жазушыларының 1 сьезі өткенде  делегаттардың арасында түскен фотосуреттері бар. Бұл бейнесі 1964 жылы Сәкен жайлы түсірілген деректі  бейнефильмнен  көреміз.

Шапан мен тақия өзбек шеберлерінің қол туындысы. Шапан жолақтары бар  таза мақта матадан тігілген. Жолақтар жасыл, сұр және қою көк түстерден тұрады. Зерттеу кезінде бірнеше жерлерінде тозған. Тақия түркі тілінен аударғанда «жоғарғы» деген мағына береді. Тақиясы  түрлі-түсті жібек  жіптен  тігілген қол жұмысы. Ол дәстүрлі түрде төртбұрышты, конус бейнесінде жасалған. Астары қара сәтенен тігілген. Осы жәдігерлердің барлығы  Сәкен жүрген Ақмола, қазіргі Астана төріндегі мұражайдың құнды жәдігерлеріне айналды. Оны сақтап, халыққа насихаттау мұражай қызметкерлерінің тікелей жұмысы. 

Астана қаласы

С.Сейфуллин мұражайының  

 бөлім меңгерушісі  Ибраева Гүлназия Болатқызы

Бөлісу: