Ұят-ай!

9 Шілде 2013, 09:45

Дарвин, Уэлс, Спенсерлерден бері ғылым жолы адамзат барша «туатын, өлетін» затпен бір тұқымдас дейді. Адамзат екі аяқты сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге қалған хайуаннан айрылады. Осы 20 ғасыр басында үкімет мұжыққа дүре салуды жол қылып шығармақ болғанда адам баласынан озған, күн жоғалмаса аты жойылмайтын Лев Николаевич Толстой «Русские ведомости» газетасына хат жазып жария қылды. Сол Толстой жазған хаттың аты «Ұят» еді. Осы хат атын өзге сөзге аударсақ, мағынасы мынау: біз адам емес пе едік? Ұят біздің белгіміз емес пе еді? Осы жалғыз белгіден айрылып, ана төрт аяғына сыйынған аталарымыздың аулына қайтқанымыз ба? 19 ғасырдың аяғында бірнеше адамдарды үкімет асып өлтірмек болғанда орыс философы Владимир Соловьев жұрт жиып сөйледі. Адам баласын асып өлтіру христиан жолынан тысқары деп. Осыны жария қылып айттың деп, үкімет В.Соловьевті Петербургтен айдады. В.Соловьев қылған ісі, ғұмырындағы мінезі, Л.Н. Толстой мен Г.Н.Потанинде ғана бар. Осы Соловьев философия жолында Дарвин, Спенсерге қарсы еді. Бұларға айтатын дәлелі: «Хайуанда ұят жоқ, адам ұятты», - деп. Франция жазушысы Золя «Адам хайуан» деп роман жазды. Адам баласының сөлекет ісін хайуандықпен қылдының мысалы қылып. Міне, көзіміз көрді Балқан соғысын. Мұнда болған істерді хайуандыққа қайтармай ұғынып білу қиын емес пе? Толстой, Потанин, Соловьев бізді қанша жоғары тартса да, біз тырысып шыға қашқан түйедей, төрт аяқтының аулына қашып жатырмыз-ау деймін. Орысқа газета, журнал шығарып жол ашқан А.Н.Радищев (1749-1802) абақтыға жабылып, он жыл Сібірге айдалған. Осы Радищев замандасы, тағы орысқа газета, журнал шығарып, Еуропа жолын ашқан Н.И.Новиков Шлиссельбург деген абақтысында 15 жыл отырған. Бауырым Ахмет, Мирякуб*! Сен екеуіңнің абақтың Радищев пен Новиков абақтысы. Орыс жазушысы М.ИСалтыковтың «Түзулік пен шошқа» атты мақаласы бар. «Түзулік! Сен бар дейсің, рас па, мен көрмеген күнді сен қайдан көрдің» деп, шошқа түзулікті балтырдан алған. Сонда түзулік айтқан: «Шошқа, сені құдай жаратқанда жоғары қаратпай жаратқан, сен күнді осы себептен көрмейсің», - депті. Сен екеуің істі күнде көретін жұртқа атқарып тұрсыңдар ғой, балтырды басқаға беріңдер. 18 ғасырда «ақыл патшасы» атанған Вольтер еді. Осы Вольтер, замандасы Толстойға неше жол көрсеткен француз Руссо, тағы осы екеуінің замандасы философ Дидро абақтыда жатқан. Осы Дидро қатын патша Екатерина екіншімен хат алысып, патша Дидродан көп ақыл алған. Біздің Россияда абақтыға жатпаған жақсы адам кем. Жазушы Достоевский, Потанин, Короленко, Мельчин, Чернышевский. Морозов абақтыда жатқан. Бәрін жазып болмайды. Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеновтар айдалған. Түркияла халықты қатарға қосамын деп сарбаздар абақтыға жабылған, айдалған. Бұрынғы Мадхат пашалар 1883 жылы айдауда жүргенде өлген, осы күнгі Ахмед Риза һәм басқалары да абақтыда жатқан. Шырақтарым, сендерді мінегенде осылармен бір салып мінесе не армандарың бар? 1910 жылы опат болды Г. Дума члені В.А.Караулов. Бұл төрт жыл Шлиссельбург абақтысында отырып, ғұмырынша Сібірге айдалған еді. 1910 жылы жазғытұры 3. Г. Дума дін құрдастығы туралы закон жобасы қаралды. Сонда Караулов докладчик дін бәрі құрдас, дінге бостандық, құдай жолы адам көкірегінде, бұған ешкімнің таласы жоқ деп, жүріске салғанда Г.Думаның оң жағынан бір депутат «которожник» деп хайуандық қылып Карауловтың бетінен алды. Осы надандық, әдепсіздік қылған депутат бір поп еді. Қазақшаға тәржіме қылсам – қажы Д-ға ісі ұқсайды. Сонда Караулов айтты: «мен абақтыда отырдым, айдалдым. Міне, сендердің Г.Думада отырғандарың, осы мен атқарған істің аяғы. Мен бұған мақтанамын», - деп. Осы Карауловтың попқа берген жауабы бейітінде тасқа жазулы. Караулов өлгенде 3 Дума Уфа губерниясынан депутат молла Тоқаев жас әйел баласына ұстатып гүл әкелді. Досекең бұған не айтар? Қажы Д. Ай! Осы Караулов, Потанинмен бір қос болмай, сенімен бір жүріп дозаққа кетейін бе? Жақынға қас қылған Қабыл мен Иуданың қайда екені белгілі еді, бұларға да бір атшы керек қой, жолың болсын. Х.А. – жақсы Наполеон жауынгер патша болған соң соғыста дұшпандардың сырын білуге Шульман атты бір атақты шпион (тыңшы) ұстап еді. Наполеон берген қазынаға әбден тойып, Шульман жақсы адам сапына кірмек болды. Наполеоннан ақ сүйектікке жол ашатын почетный легион орденін сұрады. Сонда Наполеон айтқан: «Сендей кісілігі жоқ оңбағанға қазына берсем де, орден бермеймін», - деп. Мұны Шульман балаларының құлағына салғаным. Қ.Б. Бұл мақала 1914 жылы 16-наурызда «Қазақ» газетінің №57 санында жарық көрген. Л.Н.Толстой, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Г.Н.Потанин, т.б. өмірлерінен деректер берілген. Ахмет, Мирякуб* — А. Байтұрсынов пен М. Дулатов — «Екпін»

Дарвин, Уэлс, Спенсерлерден бері ғылым жолы адамзат барша «туатын, өлетін» затпен бір тұқымдас дейді. Адамзат екі аяқты сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге қалған хайуаннан айрылады.

Осы 20 ғасыр басында үкімет мұжыққа дүре салуды жол қылып шығармақ болғанда адам баласынан озған, күн жоғалмаса аты жойылмайтын Лев Николаевич Толстой «Русские ведомости» газетасына хат жазып жария қылды. Сол Толстой жазған хаттың аты «Ұят» еді. Осы хат атын өзге сөзге аударсақ, мағынасы мынау: біз адам емес пе едік? Ұят біздің белгіміз емес пе еді? Осы жалғыз белгіден айрылып, ана төрт аяғына сыйынған аталарымыздың аулына қайтқанымыз ба?

19 ғасырдың аяғында бірнеше адамдарды үкімет асып өлтірмек болғанда орыс философы Владимир Соловьев жұрт жиып сөйледі. Адам баласын асып өлтіру христиан жолынан тысқары деп. Осыны жария қылып айттың деп, үкімет В.Соловьевті Петербургтен айдады. В.Соловьев қылған ісі, ғұмырындағы мінезі, Л.Н. Толстой мен Г.Н.Потанинде ғана бар. Осы Соловьев философия жолында Дарвин, Спенсерге қарсы еді. Бұларға айтатын дәлелі: «Хайуанда ұят жоқ, адам ұятты», - деп. Франция жазушысы Золя «Адам хайуан» деп роман жазды. Адам баласының сөлекет ісін хайуандықпен қылдының мысалы қылып. Міне, көзіміз көрді Балқан соғысын. Мұнда болған істерді хайуандыққа қайтармай ұғынып білу қиын емес пе? Толстой, Потанин, Соловьев бізді қанша жоғары тартса да, біз тырысып шыға қашқан түйедей, төрт аяқтының аулына қашып жатырмыз-ау деймін.

Орысқа газета, журнал шығарып жол ашқан А.Н.Радищев (1749-1802) абақтыға жабылып, он жыл Сібірге айдалған. Осы Радищев замандасы, тағы орысқа газета, журнал шығарып, Еуропа жолын ашқан Н.И.Новиков Шлиссельбург деген абақтысында 15 жыл отырған.

Бауырым Ахмет, Мирякуб*! Сен екеуіңнің абақтың Радищев пен Новиков абақтысы.
Орыс жазушысы М.ИСалтыковтың «Түзулік пен шошқа» атты мақаласы бар. «Түзулік! Сен бар дейсің, рас па, мен көрмеген күнді сен қайдан көрдің» деп, шошқа түзулікті балтырдан алған. Сонда түзулік айтқан: «Шошқа, сені құдай жаратқанда жоғары қаратпай жаратқан, сен күнді осы себептен көрмейсің», - депті. Сен екеуің істі күнде көретін жұртқа атқарып тұрсыңдар ғой, балтырды басқаға беріңдер.

18 ғасырда «ақыл патшасы» атанған Вольтер еді. Осы Вольтер, замандасы Толстойға неше жол көрсеткен француз Руссо, тағы осы екеуінің замандасы философ Дидро абақтыда жатқан. Осы Дидро қатын патша Екатерина екіншімен хат алысып, патша Дидродан көп ақыл алған. Біздің Россияда абақтыға жатпаған жақсы адам кем. Жазушы Достоевский, Потанин, Короленко, Мельчин, Чернышевский. Морозов абақтыда жатқан. Бәрін жазып болмайды. Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеновтар айдалған.

Түркияла халықты қатарға қосамын деп сарбаздар абақтыға жабылған, айдалған. Бұрынғы Мадхат пашалар 1883 жылы айдауда жүргенде өлген, осы күнгі Ахмед Риза һәм басқалары да абақтыда жатқан. Шырақтарым, сендерді мінегенде осылармен бір салып мінесе не армандарың бар?

1910 жылы опат болды Г. Дума члені В.А.Караулов. Бұл төрт жыл Шлиссельбург абақтысында отырып, ғұмырынша Сібірге айдалған еді. 1910 жылы жазғытұры 3. Г. Дума дін құрдастығы туралы закон жобасы қаралды. Сонда Караулов докладчик дін бәрі құрдас, дінге бостандық, құдай жолы адам көкірегінде, бұған ешкімнің таласы жоқ деп, жүріске салғанда Г.Думаның оң жағынан бір депутат «которожник» деп хайуандық қылып Карауловтың бетінен алды. Осы надандық, әдепсіздік қылған депутат бір поп еді. Қазақшаға тәржіме қылсам – қажы Д-ға ісі ұқсайды. Сонда Караулов айтты: «мен абақтыда отырдым, айдалдым. Міне, сендердің Г.Думада отырғандарың, осы мен атқарған істің аяғы. Мен бұған мақтанамын», - деп. Осы Карауловтың попқа берген жауабы бейітінде тасқа жазулы. Караулов өлгенде 3 Дума Уфа губерниясынан депутат молла Тоқаев жас әйел баласына ұстатып гүл әкелді. Досекең бұған не айтар?

Қажы Д. Ай! Осы Караулов, Потанинмен бір қос болмай, сенімен бір жүріп дозаққа кетейін бе? Жақынға қас қылған Қабыл мен Иуданың қайда екені белгілі еді, бұларға да бір атшы керек қой, жолың болсын.

Х.А. – жақсы Наполеон жауынгер патша болған соң соғыста дұшпандардың сырын білуге Шульман атты бір атақты шпион (тыңшы) ұстап еді. Наполеон берген қазынаға әбден тойып, Шульман жақсы адам сапына кірмек болды. Наполеоннан ақ сүйектікке жол ашатын почетный легион орденін сұрады. Сонда Наполеон айтқан: «Сендей кісілігі жоқ оңбағанға қазына берсем де, орден бермеймін», - деп. Мұны Шульман балаларының құлағына салғаным.

Қ.Б.

Бұл мақала 1914 жылы 16-наурызда «Қазақ» газетінің №57 санында жарық көрген. Л.Н.Толстой, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Г.Н.Потанин, т.б. өмірлерінен деректер берілген.

Ахмет, Мирякуб* — А. Байтұрсынов пен М. Дулатов — «Екпін»

Бөлісу: