Фархад Харки – Универсиада чемпионы!

9 Шілде 2013, 02:54

Қазақстандық ауыратлет Фархад Харки Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиаданың чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алғашқы "алтынды" салды. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.  62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Харки шешуші сәтте Солтүстік Кореядан келген Ча Кум Чолюді артқа тастады. Серпе көтеру мен жұлқа көтеруден 306 келіні бағындырған қос атлеттің төрешілер жеке салмақтарын өлшей келе, жеңіл шыққан Харкиге жеңісті ұстатты. Айта кету керек, отандасымыз жұлқа көтеруден 171 келіні төбесінен асырып, әлем рекордын жаңартты. Кешегі маусым айында Астанада өткен Азия біріншілігінде Харки екінші орын алып қалған болатын. Сол жарыста жерлесіміздің жолын тағы бір солтүстіккореялық ауыратлет, Олимпиада ойындарының чемпионы Ким Ун Гук кескен еді. Татарстан астанасы Қазанда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан спортшылары бес медальді қоржынға салды. Атап айтсақ, Фархад Харки "алтын", семсерлесу шебері Руслан Құрбанов пен палуан Димаш Молдашев "күміс" және тағы екі палуан Аян Ермекпаев пен Гүлнұр Ерболова "қола" медаль иегерлері атанып отыр.  Baq.kz

Қазақстандық ауыратлет Фархад Харки Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиаданың чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алғашқы "алтынды" салды. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды. 

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Харки шешуші сәтте Солтүстік Кореядан келген Ча Кум Чолюді артқа тастады. Серпе көтеру мен жұлқа көтеруден 306 келіні бағындырған қос атлеттің төрешілер жеке салмақтарын өлшей келе, жеңіл шыққан Харкиге жеңісті ұстатты. Айта кету керек, отандасымыз жұлқа көтеруден 171 келіні төбесінен асырып, әлем рекордын жаңартты.
Кешегі маусым айында Астанада өткен Азия біріншілігінде Харки екінші орын алып қалған болатын. Сол жарыста жерлесіміздің жолын тағы бір солтүстіккореялық ауыратлет, Олимпиада ойындарының чемпионы Ким Ун Гук кескен еді.
Татарстан астанасы Қазанда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан спортшылары бес медальді қоржынға салды. Атап айтсақ, Фархад Харки "алтын", семсерлесу шебері Руслан Құрбанов пен палуан Димаш Молдашев "күміс" және тағы екі палуан Аян Ермекпаев пен Гүлнұр Ерболова "қола" медаль иегерлері атанып отыр. 

Baq.kz

Бөлісу: