Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері 81 келіге дейінгі салмақтағы Әділбек Ниязымбетов те финалға шыққандар қатарынан орын алды. Бұл туралы Egemennews.kz хабарлайды.
Әділбек бұл жолы өзімен Лондонда ширек финалда ұшырасып, жеңіліп қалған Эхсан Рузбаханимен кездесті. «Астана арландары» сапында өнер қөрсету арқылы қазақстандықтарға танылып қалған ирандық бұл жолы да Маңғыстаудың марғасқасына қарсы келе алмады.
Сонымен, жартылай финалға шыққан Қазақстанның 8 боксшысы түгелдей іргесі сетінемей, финалға қадам басты. Біз бұрнағы күні жігіттеріміздің бұл белесті алатындай мүмкіндіктері барын айтқанбыз. Тек тәжік Анвар Юнусовпен 60 (кг) және Эхсан Рузбаханимен айқастың қиындау болатынын ескерткен едік. Обалына не, саңлақтарымыз мұның бәрінен де аса білді. Абырой!
Сөйтіп, Теміртас Жүсіпов (49 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Антон Пинчук (91 кг), Иван Дычко (+91 кг) финалда алтын медаль үшін айқасады.
Біз жігіттерімізге жартылай финалдағы табыстың қайталануын тілейміз.
Екі боксшымыз іріктеу шайқастарында ұшып кетіп, медальдар ауқымына ене алмады. Олар – Ілияс Сүлейменов (52 кг) пен Қайрат Ерәлиев (56 кг). Бұлардың біріншісі алғашқы ұрысында жеңіліп қалса, кейінгісі екіншісінде ұтылды.
egemennews.kz