7 Шілде 2013, 07:34
Концерттің негізгі тақырыптарының бірі - «фольклорлы өмір» деп аталады. Музыкасы жеке аспаптан бастап эпикалық шығармаларға дейін сан түрлі жанрларда ұсынылып отыр. Фестиваль қонақтары «Хуун Хуур Ту», «От Эне», «Наво» топтары және басқа да әншілер мен ұжымдардың тамаша музыкалық композицияларын көріп, құлақ құрышын қандырар әуендерін тыңдады.
Айдар Ахмедьянов, сырнайшы:
«Маған қала өте ұнады. Өсіп,өркендеп келеді. Мен қалада осыдан бес жыл бұрын болғанмын. Содан бері Астана ғажап өзгеріпті. Әсемдігімен, айырықша сәулетімен көз тартып, ұмытылмастай әсер қалдырады. Мұнда азиялық үлгідегі де. еуропалық үлгідегі де сұлу ғимараттарды көруге болады. Өте керемет фестиваль өтті. Қатысушылар бір-бірімен жақын араласып, достасып кетті. Бәрі де керемет!».
Түрік музыкасының фестивалін «Хуун Хуур Ту» тобы жапты. Елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілдеде «Хан шатыр» СОО-да тува тобының жан жадыратар көмей әндерінен тағы бір сусындады.