Астанада елорда күніне орай мереке жалғасуда

7 Шілде 2013, 07:29

Астанада Қазақ елі алаңында елорда мерейтойына арналған «Шуақты қала» атты бұқаралық шара өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгін алаңда  «Шуақты қала» мәдени бағдарламасы жалғасуда, ол кеше басталған болатын. «Трайбл», «SaxJam» топтары, «Сазген сазы» заманауи фольклорлық музыка ансамблі және үш 3 түркі сазының ұжымы өнер көрсетеді. Оның бірі Өзбекстаннан келпі отыр.  Қала мерекесін тойлаушы қауым алдында «Терра» би театры өнер көрсетеді. Кешегі секілді барлық аттракцион, галерея мен кәдесый дүкендері жұмысын жалғастырады. Бүгіңнде қыдырған адамдарға қызмет көрсетеміз», - дейді шара ұйымдастырушысы Константин Дружинин. Қала тұрғындары мен қонақтары  «Шыңдауыл» ансамблі,  «Айберген» дуэті,  «Х-фактор» музыкалық жобасының  финалисі Рүстем Жүгінісов, «V- Alem», «Бәйтерек» топтары және тағы басқалары өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетсек, «қала ішіндегі қала» көшпелілер мәдениетіне арналған қалашықты тамашалауға болады. Онда мерекелік жәрмеңке, ойын-сауық аттракциондар, дәсмханалар, қазіргі заман өнер туындылары көрмесі, балалар сырғанағы, «лабиринт», «құзға өрмелеу», «тайғақ футбол», «гладиатор жекпе-жегі», «родео» батуттары және аттракционеың жаңа түрі «Segway» шаралары бар.  Мәдени бұқаралық шаралар 23:00-ге дейін жалғасады.  

Астанада Қазақ елі алаңында елорда мерейтойына арналған «Шуақты қала» атты бұқаралық шара өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгін алаңда  «Шуақты қала» мәдени бағдарламасы жалғасуда, ол кеше басталған болатын. «Трайбл», «SaxJam» топтары, «Сазген сазы» заманауи фольклорлық музыка ансамблі және үш 3 түркі сазының ұжымы өнер көрсетеді. Оның бірі Өзбекстаннан келпі отыр.  Қала мерекесін тойлаушы қауым алдында «Терра» би театры өнер көрсетеді. Кешегі секілді барлық аттракцион, галерея мен кәдесый дүкендері жұмысын жалғастырады. Бүгіңнде қыдырған адамдарға қызмет көрсетеміз», - дейді шара ұйымдастырушысы Константин Дружинин.

Қала тұрғындары мен қонақтары  «Шыңдауыл» ансамблі,  «Айберген» дуэті,  «Х-фактор» музыкалық жобасының  финалисі Рүстем Жүгінісов, «V- Alem», «Бәйтерек» топтары және тағы басқалары өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, «қала ішіндегі қала» көшпелілер мәдениетіне арналған қалашықты тамашалауға болады. Онда мерекелік жәрмеңке, ойын-сауық аттракциондар, дәсмханалар, қазіргі заман өнер туындылары көрмесі, балалар сырғанағы, «лабиринт», «құзға өрмелеу», «тайғақ футбол», «гладиатор жекпе-жегі», «родео» батуттары және аттракционеың жаңа түрі «Segway» шаралары бар. 

Мәдени бұқаралық шаралар 23:00-ге дейін жалғасады.

 

Бөлісу: