Астанада Бәйтеректің жанында жас таланттардың «Шаттық» балалар фестивалі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мен екінші күн осы балалар байқауына келіп тамашаладым. Кеше көргенде қатты тәнті болдым. Балалар ән салды, би биледі. Талантты, дарынды әрі еңбекқор балалардың көп екендігі мені қуантады», - дейді байқау көрермені Айжан Мұқанова.
Қазақстанда түрлі балалар байқауы өткізілуде, алайда олардың ішінде «Шаттық» жас дарындылар байқауының шоқтығы биік. Өйткені байқауға 5-18 жас аралығындағы 350 бала қатысқан. Шараға елімізден ғана емес ТМД елдерінен де үміткерлер қатысуда.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда байқау бағдарламасы өте көп саланы қамтиды, Айталық вокал, хореография, фольклор секілді жанрларды талантты жеткіншектер бақ сынайды. Жас жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталады. Ұжымдардың өнерін көрсетуге 30 минут, ал жеке өнер көрсетуші үміткерге 12 минут беріледі.
Қазылар алқасына еліміздегі өнер қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Қайрат Байбосынов, Болат Аюханов, Кеңес Дүйсекеевтер кірген.
Шара қала әкімдігі мен «Бозторғай» халықаралық фестиваль қоғамдық қорлары ұйымдастырды.