Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында Астана күні меркесіне орай ұйымдастырылған шаралар өтті. Мерекенің басты жаңалығы елорданың 15 жылдығына арнап пісірілген 80 келілік бисквит торты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бидай нан» кәсіпорыны бисквитті тортты қала тұрғындарына және қонақтарына арнап әзірлеген. Кәсіпорын қызметкерлір оны дайындау үшін бір тәулік тынбай еңбек етіпті. Оны дайындауға он литрдей сүт, он келі шоколад, жаңғақ және көп жұмыртқа кеткен. Оған мың жарымдай тоқаш қосылыпты.
«Алдымен Бәйтерек, сосын күн, күннен сәуле таралып тұр. Ал бұлттар мына көк түспен боялғандар. Қемпірқосақ қызыл түс, ал сарысы күн емес пе.
Тек Бәйтеректің мүсінінің өзі 15 келідей тартады. Ол жеңіл печенье, биквиттен жасалған. Ішінде жаңғақ, өрік, кілегей бар. Шаңырақты тек шоколадтан құйдық. Торт төрт қабаттан тұрады. Мен жаңа ең үстіндегелерді айтып бердім. Қалғаны тоқаштан жасалды. Оны кесу әрі таратуға ыңғайлы», -дейді аспаздар тобының жетекшісі.