Хорватияда «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» атты қазақстандық фильмнің тұсаукесері өтті

7 Шілде 2013, 05:40

6 шілдеде Загреб қаласында Шәкен Айманова атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» атты фэнтэзи жанрындағы алғашқы қазақстандық фильмнің таныстырылымы болды. Бұл туралы Хорватиядағы ҚР елшілігінен хабарлады. Ағайынды Баха және Таханың ертегі ормандағы қызықты оқиғалары туралы дарынды режисер Ахат Ыбыраевтың картинасы хорват көрермендерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Балалар және отбасылық көрермендердің аудиториясы үшін түсірілген фэнтэзи-фильмнің негізіне қазақ көшпенділерінің жақсылық пен жауыздық туралы ежелгі аңыздары кірді. Сиқырлы сюжет жас көрермендерді қызықтыра отырып, қазіргі қоғамның проблемалары туралы ойландырады. Шығарманы жасағанда алғаш рет кеңінен анимация мен замандас компьютерлік графика қолданылды. Қазақстан елшілігінің қолғабысымен ұйымдастырылған кинопремьера 28 маусым мен 6 шілде аралығында Хорватияның астанасында өткен «Fantastic Zagreb Film Festival» ХІ-ші халықаралық фестивалінің арнайы көрсетілімі шеңберінде қойылды. Тұсаукесер алдында «Еуропа Синема» кинотеатрында жас көрермендерге Қазақстаннан ойыншықтар, сувенирлер және тәтті тағамдар тапсырылды.  ҚазАқпарат

6 шілдеде Загреб қаласында Шәкен Айманова атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» атты фэнтэзи жанрындағы алғашқы қазақстандық фильмнің таныстырылымы болды.

Бұл туралы Хорватиядағы ҚР елшілігінен хабарлады.

Ағайынды Баха және Таханың ертегі ормандағы қызықты оқиғалары туралы дарынды режисер Ахат Ыбыраевтың картинасы хорват көрермендерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Балалар және отбасылық көрермендердің аудиториясы үшін түсірілген фэнтэзи-фильмнің негізіне қазақ көшпенділерінің жақсылық пен жауыздық туралы ежелгі аңыздары кірді. Сиқырлы сюжет жас көрермендерді қызықтыра отырып, қазіргі қоғамның проблемалары туралы ойландырады. Шығарманы жасағанда алғаш рет кеңінен анимация мен замандас компьютерлік графика қолданылды.

Қазақстан елшілігінің қолғабысымен ұйымдастырылған кинопремьера 28 маусым мен 6 шілде аралығында Хорватияның астанасында өткен «Fantastic Zagreb Film Festival» ХІ-ші халықаралық фестивалінің арнайы көрсетілімі шеңберінде қойылды. Тұсаукесер алдында «Еуропа Синема» кинотеатрында жас көрермендерге Қазақстаннан ойыншықтар, сувенирлер және тәтті тағамдар тапсырылды. 

ҚазАқпарат

Бөлісу: