Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында «Қаланың өзгергені соншалықты, оны кейде тіпті осында бір кездері тұрғандар немесе басқа дәуірде болғандар да танымай қалады.
Кейде елорданы жаңа Қазақстанның беткі бейнесі деп те атайды. Мен мұнымен мүлдем келіспеймін. Біздің елордамызда жасанды ештеңе жоқ, өйткені жаңа Қазақстан дегеніміздің өзі – осы» -деген болатын. Қазақ елінің қай қиырындағы қала болсын арқа төсіндегі арман қалаға қарап бой түзейді. Тұрғындары да әр кез тамаша қалаға қарай тартылып тұрады. Оған осы мақаламен танысқан оралдықтардың ой-пікірі де дәлел.
Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын:
- Азуақытта осындай әдемі қала салу – Қазақстан сияқты бай мемлекеттің және оның қажырлы халқының қолынан келетіні сөзсіз. Ендігі Астананың көркіне сай болашақ тұрғындары мен ұрпағы салауатты, сауатты, мәдениетті, бақытты болса екен деп тілейміз. Келер ұрпақтың игілігіне, келер ғасырдың мақтанышына айналсын Астана!
Бибігүл ДОСМҰРЗИЕВА, қала тұрғыны:
- Мен Астанада болдым.Тағы 1-2 күнге бара жатырмыз. Өте керемет қала еліміздің бас астанасы. Көптеген демалатын орындар бар. Балаларға демалуға өте қолайлы.