7 Шілде 2013, 05:34
Роза ҚАДЫСОВА, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы:
- Қазіргі жастар көбінесе виртуалдық электрондық әлемде, сондықтан біз жастарға жағдай жасамаймыз деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі ашылып жатқан жазғы кітапхана жастарды кітапқа баулып, кітап әлемінің жаңа қырларын ашады деп ойлаймын.
Дала кітапханасы ашылған алғашқы сәттің өзінде оқырманын тауып жатты. Мерекелік сыйға ризашылықтарын білдіргендердің қатары көп.
Серік АРЫНОВ, еңбек ардагері:
- Қуанышты мереке күн құтты болсын. Осындай мерекеден мерекеге жалғастыра берсін. Талайлы тағдыр тәнтімін саған, осындай отан сыйладың маған. Осында туып, осында өскен, әулие әжем, баһадүр бабам, жәннәттан артық ғажабы менің, мәңгілік мақтан қазағым, елім!
Павлодар – Астанаға қарап бой түзеген қала. Қаланың келбеті соңғы жылдары адам танымастай өзгерді. Әлеуметтік нысандар салынды. Солардың бірі – Елбасының қатысумен тұсауы кесілген Баянтау спорт кешені. Мұнда спортты серік еткен жастар көптеп келеді. Мәдина Қонақбаева көркем өнер гимнастикамен айналысады. Болашақта еліміздің туын биіктетін спортшылардың қатырынан көрінуге белді бекем буған.
Мәдина ҚОНАҚБАЕВА, спортшы:
- Мен Баянтау спорт сарайында шұғылданып жатырмын. Көркем гимнастикамен шұғылданып жүрмін. 1-2 күннен кейін мен Германияға барайын деп жатырмын. Сол жерде отанымның намысын қорғайын деп жатырмын. Мен барлық қазақстандықтарды Астананың туған күнімен құттықтаймын.
Усолка – павлодарлықтар үшін жаңа аудан. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған үйлер орналасқан. Бұл ауданның халқы өзімізді Астанада тұрып жатқандай сезінеміз дейді.
Орынтай ИМАНТАЕВА, қала тұрғыны:
- Біздің Усолка ауданымыз Астанаға енді ұқсап келе жатыр. Усолкаға алдында жете алмайтынбыз, ал қазір өте көркейіп келеді. Назарбаев мектебі де ашылып, балаларымызды береміз ба деп ойлаймыз.
Елорданың мерейі – барша қазақ елі үшін мақтаныш. Астанаға қол созым жерде тұрған Ертіс Баян өңірінің еңбеккер халқы еліміздің дамуы жолында қызмет ете береді.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Якубов