«Қайырлы кеш, Астана!» би кешінде астаналықтар ашық аспан астында думандатты

7 Шілде 2013, 05:27

Елорда жастарына Астананың 15 жылдық мерейтойы естен кетпес қызықтар мен қуаныштар сыйлауда. Кеше, 6 шілдеде  «Қайырлы кеш, Астана!» мерекелік бағдарламасы өтті. Отандық шоу бизнес өкілдері ашақ аспан астында елорда тұрғындары мен қонақтарын шаттық көңіл күйге бөледі. Бағдарламада Мемлекеттік филармония әртістері, «Еуразия» шоу-балеті, «Ұлытау», «Дабыл», «Ретро» топтары, сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Мәдина Сәдуақасова, Алишер Каримов, Алмас Кішкенбаев, Рүстем Жүгінісов, тағы басқалар өнер көрсетті. Жүргізушілер де жақсы таңдалыпты. Түрлі-түсті жарық ойнаған алаңда жастардың көңілін шарықтататындай мега би кешінің думаны қыза түсті.  «Бүгін сүйікті елордамыздың 15 жылдық мерейтойы. Керемет мереке. Қаншама концерттер мен жанға ләззат сыйлайтын іс-шаралар өткізіліп жатыр. Барлығын көргің келеді, барлығына үлгіргің келеді. Жақсыға жан сүйінер деген осы шығыр! Бүгін өзім де авторлық әнімді орындаймын. Мен де көрермендеріме көтеріңкі көңіл күй, керемет әсер сыйлағым келеді!» - деп бөлісті astana.kz сайтына пікірімен халықаралық байқаулардың лауреаты, «Х-фактор» музыкалық жобасының  финалисі Рүстем Жүгінісов. Халықтық серуен: Қалалық алаң, «Бәйтерек» монументі алаңы және «Студенттер» саябағы - үш жерде бірден өтті.  Жаппай шеру мен халықтық серуен қалалықтарға айырықша мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал, «Қайырлы кеш, Астана!» думанының қатысушылары музыка әлеміне енгізіп, бүгінгі заманғы билерді билеуге үндеді. Бұл аталған мерекелік бағдарламалар әлі де екі күн, 7 және 8 шілдеде де жалғасады. http://astana.kz  

Елорда жастарына Астананың 15 жылдық мерейтойы естен кетпес қызықтар мен қуаныштар сыйлауда. Кеше, 6 шілдеде  «Қайырлы кеш, Астана!» мерекелік бағдарламасы өтті. Отандық шоу бизнес өкілдері ашақ аспан астында елорда тұрғындары мен қонақтарын шаттық көңіл күйге бөледі. Бағдарламада Мемлекеттік филармония әртістері, «Еуразия» шоу-балеті, «Ұлытау», «Дабыл», «Ретро» топтары, сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Мәдина Сәдуақасова, Алишер Каримов, Алмас Кішкенбаев, Рүстем Жүгінісов, тағы басқалар өнер көрсетті. Жүргізушілер де жақсы таңдалыпты. Түрлі-түсті жарық ойнаған алаңда жастардың көңілін шарықтататындай мега би кешінің думаны қыза түсті.  «Бүгін сүйікті елордамыздың 15 жылдық мерейтойы. Керемет мереке. Қаншама концерттер мен жанға ләззат сыйлайтын іс-шаралар өткізіліп жатыр. Барлығын көргің келеді, барлығына үлгіргің келеді. Жақсыға жан сүйінер деген осы шығыр! Бүгін өзім де авторлық әнімді орындаймын. Мен де көрермендеріме көтеріңкі көңіл күй, керемет әсер сыйлағым келеді!» - деп бөлісті astana.kz сайтына пікірімен халықаралық байқаулардың лауреаты, «Х-фактор» музыкалық жобасының  финалисі Рүстем Жүгінісов.

Халықтық серуен: Қалалық алаң, «Бәйтерек» монументі алаңы және «Студенттер» саябағы - үш жерде бірден өтті.  Жаппай шеру мен халықтық серуен қалалықтарға айырықша мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал, «Қайырлы кеш, Астана!» думанының қатысушылары музыка әлеміне енгізіп, бүгінгі заманғы билерді билеуге үндеді. Бұл аталған мерекелік бағдарламалар әлі де екі күн, 7 және 8 шілдеде де жалғасады.

http://astana.kz

 

Бөлісу: