Н.Назарбаев: Астана келбеті - ұлт келбеті

6 Шілде 2013, 07:27

Астана келбеті - ұлт келбеті. Бұл туралы бүгін Астананың 15 жылдығына арналған мерекелік жиналыс барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан мәлімдеді  деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Ұлы көш арқылы біз шын мәніндегі тәуелсіздікке ие болдық. «Бірлік қайда болса тірлік сонда, еркіндік қайда болса - елдік сонда» деген бабалар сөзіне біз ісімізбенен көз жеткіздік. Еркін ойлап, дербес шешім қабылдап, тәуелсіз әрекет қылатын азат ел екенімізді бүкіл дүниеге таныттық. Сондықтан да, Астана біздің егемендігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі, азаттығымыздың айнасы болып саналады», - деді Н.Назарбаев.  «Қазақ елінің жасампаздығын паш еткен ұлы көш оңай болған жоқ. Оны барлығымыз білеміз, оны барлығымыз бірге жүзеге асырып бүгінгі биіктерге жеткіздік. Тәуелсіздіктің тұғырын мызғымастай берік етіп, нығайта отырып мәңгілік ел болуды мақсат еттік. Астанасына қарап елін таниды. Астана келбеті - ұлт келбеті», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы. Baq.kz

Астана келбеті - ұлт келбеті. Бұл туралы бүгін Астананың 15 жылдығына арналған мерекелік жиналыс барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан мәлімдеді  деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ұлы көш арқылы біз шын мәніндегі тәуелсіздікке ие болдық. «Бірлік қайда болса тірлік сонда, еркіндік қайда болса - елдік сонда» деген бабалар сөзіне біз ісімізбенен көз жеткіздік. Еркін ойлап, дербес шешім қабылдап, тәуелсіз әрекет қылатын азат ел екенімізді бүкіл дүниеге таныттық. Сондықтан да, Астана біздің егемендігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі, азаттығымыздың айнасы болып саналады», - деді Н.Назарбаев. 
«Қазақ елінің жасампаздығын паш еткен ұлы көш оңай болған жоқ. Оны барлығымыз білеміз, оны барлығымыз бірге жүзеге асырып бүгінгі биіктерге жеткіздік. Тәуелсіздіктің тұғырын мызғымастай берік етіп, нығайта отырып мәңгілік ел болуды мақсат еттік. Астанасына қарап елін таниды. Астана келбеті - ұлт келбеті», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Baq.kz

Бөлісу: