5 Шілде 2013, 07:14
Америкалық ExxonMobil мұнай компаниясы қаражат қоры бойынша әлемнің жүздеген ірі компанияларын басып озып, бірінші орынға шықты. Компанияның капиталы 402 млрд. доллар. Бұл тек осы жылдың жарты жылындағы көрсеткіш. Технологиялық алпауыт Apple екінші сатыға сырғыды деп хабарлайды РИА Новости.
Үздік үштікті Google интернет-компаниясы тұйықтап тұр. Оның ізінше Microsoft, Berkshire Hathaway, Walmart, Johnson&Johnson, General Electric және тағы мұнай компаниясы Chevron келеді. Ал үздік ондықты жалғыз ғана америкалық емес корпорация-Қытайдың Industrial and Commercial Bank of China коммерциялық банкі тұйықтады.
Baq.kz