Жаңа технологиялар сапалы білім мен елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды – сарапшы

5 Шілде 2013, 04:23

Жаңа технологиялардың қолжетімділігі мен сапалы білім беру – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты фактор. Бұл туралы бүгін «Перспектива-2050» баяндамасының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Дағдарыстан кейінгі әлем» қорының директоры Екатерина Шипова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Адам капиталын арттыруға басымдық беру қажет. Егер де мемлекет алға басып, өркендеуді мақсат тұтса, ол білім беру саласына жұмсалатын шығын көлемін азайтпауы тиіс. Бұл мәселе бірінші кезекте білім беру саласына, екінші кезекте денсаулық сақтау саласына қатысты. Адам капиталының сапасы – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын екі өлшемнің бірі. Технология мен білім формуласы – бұрыннан белгілі мәселе. Ол орташа мерзімді болашақта да, яғни алдағы 20-30 жылда өзгермейді», – деді Е.Шипова. Сарапшы жаңа технологиялардың қолжетімділігі мен сапалы білім беру мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты екі фактор болатындығын тілге тиек етті.  «Табиғи ресурстар қоры, мемлекеттің геосаяси орналасуы, географиялық жағдайы, демографиялық әлеуеті – бастапқы капитал ретінде ескеріледі. Бұлардың барлығы алға қадам басу үшін қажет энергия іспеттес, дегенмен болашақта мемлекеттің орнын анықтайтын фактор емес», - деп түйіндеді ол.  

Жаңа технологиялардың қолжетімділігі мен сапалы білім беру – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты фактор. Бұл туралы бүгін «Перспектива-2050» баяндамасының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Дағдарыстан кейінгі әлем» қорының директоры Екатерина Шипова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Адам капиталын арттыруға басымдық беру қажет. Егер де мемлекет алға басып, өркендеуді мақсат тұтса, ол білім беру саласына жұмсалатын шығын көлемін азайтпауы тиіс. Бұл мәселе бірінші кезекте білім беру саласына, екінші кезекте денсаулық сақтау саласына қатысты. Адам капиталының сапасы – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын екі өлшемнің бірі. Технология мен білім формуласы – бұрыннан белгілі мәселе. Ол орташа мерзімді болашақта да, яғни алдағы 20-30 жылда өзгермейді», – деді Е.Шипова.
Сарапшы жаңа технологиялардың қолжетімділігі мен сапалы білім беру мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты екі фактор болатындығын тілге тиек етті. 
«Табиғи ресурстар қоры, мемлекеттің геосаяси орналасуы, географиялық жағдайы, демографиялық әлеуеті – бастапқы капитал ретінде ескеріледі. Бұлардың барлығы алға қадам басу үшін қажет энергия іспеттес, дегенмен болашақта мемлекеттің орнын анықтайтын фактор емес», - деп түйіндеді ол.

 

Бөлісу: