Адамдар кітаптың күшін бағаламайды, дейді ғалымдар. Кітап оқу бағзы заманнан бері адам миы үшін керемет жаттығу болып табылады. Бұндай әдет барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Мысалы, егде жастағы адамдар кітап оқу арқылы есте сақтау қабілетін арттыра алады, деп жазады «Жаңалықтар» РАА.
Мамандар тобы 294 адамға есте сақтау және ойлау қабілетін тексеру мақсатында жүйелі түрде сауалнама жүргізген. Бұл зерттеуді алты жыл көлемінде орта жастағы адамдардың жасы 89-ға келіп қайтыс болғанға шейін жүргізген. Сонымен қатар ғалымдарды ол адамдар қай кезде белсенді түрде кітап оқып, жазып және басқа да танымдық жұмыстармен айналысқандығы қызықтырған.
Адам өлімінен соң мүрдені зерттеу барысында ғалымдар олардың миынан деменция белгілерін іздеген. Миын сирек жаттықтырған адамдарға қарағанда жас кезінен көп оқып, көп жазған адамдардың ойлау қабілетінің белсенділігі 15 пайызға жоғары екендігі анықталған.
ҚазАқпарат.