4 Шілде 2013, 05:33
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Астана күнін тойлау қарсаңында Астанадан қатынайтын бағыттардың ішінде үлкен сұранысқа иелеріне жаңа теміржол құрамын шығару мәселесін шешті.
2013 жылғы 5 шілдеде Астана – Бурабай курорты бағытында жүрдек пойыз жолға шықпақ. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас комитеті мамандары жаңа құрамның жолаушыларға жайлы, әр қайсысы 56 орындық 6 вагоннан құралғанын айтады. Пойыз аптасына үш рет: жұма, сенбі, жексенбі күндері қатынайды. Жүру уақыты – 3 сағат 55 минут. Астана қаласының вокзалынан кешкі сағат 21:10 минут өткенде жүріп кетеді.
Сондай-ақ, 2013 жылғы 8 шілдеден бастап Астана – Павлодар бағытындағы жаңа құрам да жолға шығады. Бүгінгі күні аталған бағыт бойынша аптасына 4 рет: бейсенбі, жұмы, сенді және жексенбі күндері қатынайтын пойыз бар. Ал, жаңа жүрдек жолаушылар құрамы күн сайын қатынайтын болады және жолаушыларға барлық жағдай жасалған 6 вагонмен жабдықталған. Астана қаласының теміржол вокзалынан сағат 18:40-та жүріп кетеді, ал жолда жүру уақыты 6 сағат 28 минутты құрайды.
Baq.kz