4 Шілде 2013, 04:19
Шығыс Қазақстан облысының басшылығы «Қазақстан Барысы – 2013» жарысының жеңімпазы Айбек Нұғымаровқа шетелдік көлік пен Семейден үш бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Астанада берілген жүлдеден өзге, палуанға облыстық әкімдік иномарка және жергілікті әкімшілік Семейден үш бөлмелі пәтер сыйлады. Айбекті жеңісімен құттықтай отырып, ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев бұл жеңіс бүкіл шығысқазақстандықтар үшін маңызды екенін атап өтті.
«Біздің өңір өз жеңімпаздарын мақтан етеді. Дәл осындай қуанышпен Ольга Рыпакованы да қарсы алған едік. Енді республикалық жарыста өз өңірінің намысын қорғап келген өз бырысымыз бар. Жалпы, спортты дамыту мәселелеріне аймақта үлкен көңіл бөлінеді. Мұны осы саладағы жеңістерімізден де байқауға болады», – деді Б.Сапарбаев.