Астана вокзалының темір жол перронында «Біз теміржол қауіпсіздігі үшін!» флэш-моб өткізілді.
Оған "СВ" көңілділер мен тапқырлар клубының командасы қатысты. Акция кезінде олар жолаушыларды темір жол бойында қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Сондай -ақ, жолаушыларға темір жолда жасауға болмайтын іс әрекеттер туралы, соның ішінде пойыздың қозғалысы барысында жол бойында жүруге, белгіленбеген тұстан өтуге болмайтындығы айтылған буклеттер табыс етті.
Шараны өткізуші - «Локомотив» АҚ темір жолдағы қауіпсіздік шараларына алаңдаушылық білдіреді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, темір жолдар бойында жыл сайын жүзден астам адамды пойыздар қағып кетеді, оның 75 пайызы өлім жағдайына әкеліп соқтырады. Жүргізушілердің алаңсыздығы - жолаушылардың қасіретіне айналды. Орташа алғанда жылына локомотивтің автокөлікпен соқтығысуының 30 оқиғасы орын алса, оның 25 пайызы кісі өліміне әкеліп отыр. Пойыз сағатына 40-60 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда, 300-600 метрден тоқтату мүмкін емес.
Акцияға қатысушылар қазақстандықтарды: «Темір жолда абай болыңыздар!», «Өз қауіпсіздігіңізді ойлаңыз!», «Сізді үйде отбасыңыз күтіп отыр!», «Өз өміріңді өзің қорға!» секілді ескерту плакаттарын алып жүрді.
«Локомотив» акционерлік қоғамы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны. «Локомотив» АҚ жылжымалы құрамды тарту, поездардың маневрлік жұмыстарын қамтамасыз ету және қауіпсіздігін сақтау, локомотивтерге техникалық күтім жасаумен айналысады.
ҚазАқпарат.