Жуырда Қытайдың Чанду қаласында әлемдегі ең ауқымды ғимарат тұрғызылды. Бұл ғажайып құрылыс New Century Global Center деп аталады.
РБК ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, New Century Global Center құрылысының жалпы аумағы 1,7 млн шаршы метрді құрайды.
Алып ғимараттың ішінде көптеген сауда орталықтары, су саябақтары, сырғанақтар, қонақүйлер, кинотеатрлар, мәжіліс залдары, тіпті сәулетті виллалар салынған тұтас қалашықтар бар көрінеді.
Әлемдік БАҚ мәліметтеріне қарағанда, ұзындығы жарты шақырым, ені - 400 м, ал биіктігі 100 м құрылысты небәрі 90 күннің ішінде салып бітірген.
Сонымен бірге, ғимараттың жеке жасанды жарықтандыру жүйесі бар. «Жасанды күн» жарық беріп қана қомай, ғимаратты тәулік бойы жылытып та тұрады екен. Бұл тың технологияны жапон ғалымдары ойлап тапқан.
ҚазАқпарат.