Аудандық және ауылдық маңыздағы 72 әкім сайланады

3 Шілде 2013, 10:59

Тамыз айының 6-сы мен 9-зы аралығында, еліміз бойынша аудан-ауыл әкімдерінің сайлауы өтетіндігі белгілі. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аймақтарда арнайы семинар-кеңестер ұйымдастыруда. Кезекті түсіндіру шаралары Атырау облысында да өтті.   Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері мен мәслихат депутаттары көкейдегі сауалдарына толық жауап алды. Өйткені демократиялық қадамның тағы бір сатысына көтерілген біздің қоғамда барлық деңгейдегі аудан-ауыл әкімдерін сайлау алғаш рет өткізілгелі тұр. Мәселен, Атырау облысы бойынша 7 аудан орталығы мен 19 селолық округке қарасты елді-мекендерден төрт жылдық өкілеттілікке 72 әкім сайланбақ. Оларға аудандық және қалалық мәслихаттың 107 депутаты дауыс беретін болады. Естеріңізге сала кетейік, биыл республика бойынша барлығы 2 жарым мыңға жуық әкім сайланбақ. Оның 47-сі аудандық маңыздағы қала-кенттердің әкімдері. Осылайша мемлекетіміздегі аймақтық басқару тетіктері біртіндеп жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне көшіріледі. Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: - Халықтың пікірі ескерілетін болады. Ал ауыл әкімдеріне сайлау жанама құқығы әрине аудандық және қалалық мәслихат депутаттарына берілген мұндай құқық. Бұл жерде ол кісілер өз таңдауын елдің арасындағы азаматтарды, кандидаттарды білетін болғандықтан өз таңдауларын дұрыс жасайды, елге қызмет ететін азаматтарды әкім етіп сайлайды деп ойлаймыз. baq.kz

Тамыз айының 6-сы мен 9-зы аралығында, еліміз бойынша аудан-ауыл әкімдерінің сайлауы өтетіндігі белгілі. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аймақтарда арнайы семинар-кеңестер ұйымдастыруда. Кезекті түсіндіру шаралары Атырау облысында да өтті.  

Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері мен мәслихат депутаттары көкейдегі сауалдарына толық жауап алды. Өйткені демократиялық қадамның тағы бір сатысына көтерілген біздің қоғамда барлық деңгейдегі аудан-ауыл әкімдерін сайлау алғаш рет өткізілгелі тұр. Мәселен, Атырау облысы бойынша 7 аудан орталығы мен 19 селолық округке қарасты елді-мекендерден төрт жылдық өкілеттілікке 72 әкім сайланбақ. Оларға аудандық және қалалық мәслихаттың 107 депутаты дауыс беретін болады. Естеріңізге сала кетейік, биыл республика бойынша барлығы 2 жарым мыңға жуық әкім сайланбақ. Оның 47-сі аудандық маңыздағы қала-кенттердің әкімдері. Осылайша мемлекетіміздегі аймақтық басқару тетіктері біртіндеп жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне көшіріледі.
Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Халықтың пікірі ескерілетін болады. Ал ауыл әкімдеріне сайлау жанама құқығы әрине аудандық және қалалық мәслихат депутаттарына берілген мұндай құқық. Бұл жерде ол кісілер өз таңдауын елдің арасындағы азаматтарды, кандидаттарды білетін болғандықтан өз таңдауларын дұрыс жасайды, елге қызмет ететін азаматтарды әкім етіп сайлайды деп ойлаймыз.

baq.kz

Бөлісу: