Биыл тамыз айында өтетiн сайлауда Қазақстанда барлығы 2457 ауыл әкiмi сайланады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлiм еттi.
"Биыл тамыз айында Қазақстанда барлығы 2457 ауыл әкiмi сайланады. Бұл олардың елдегi жалпы санының 91,5 пайызын құрайды", - деп атап өттi төраға.
Оның айтуынша, қазiргi уақытта сайлаудың құқықтық және қаржылық базасы қалыптасқан. Жергiлiктi бюджеттерден сайлауды өткiзуге 594 млн. теңге бөлу жоспарлануда.
"Жалпы сайлау науқаны бiр ай iшiнде өтетiн болады. Сайлауға барлығы 2602 депутатты қамтитын 188 аудандық және қалалық мәслихат қатысатын болады. Әкiмдiкке кандидаттар ұсынуды әкiм тiкелей ауылдарда, кенттер мен қалаларда халықпен жеке кездесулер өткiзу арқылы жергiлiктi қоғамдастықпен консультациялардан кейiн жүргiзетiн болады. Халықтың әкiмдi сайлауға нақты қатысуы дегенiмiз осы. Оған қоса, халық сайлаған мәслихат депутаты, таңдаушы ретiнде қатыса отырып, өз сайлаушысының көзқарасын ескеруi және мүддесiн көздеуi тиiс", - дедi Қ. Тұрғанқұлов.
Сайлауды ұйымдастыруға 14 облыстық, 28 қалалық және 160 аудандық аумақтың сайлау комиссиясы қатысады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының атап көрсеткенiндей, олардың барлығы еңбекке қабiлеттi, тиiстi даярлықтан өткен, әдiстемелiк құралдармен, нұсқаулықтармен және құжаттардың үлгiлерiмен қамтамасыз етiлген.
"Қазiргi сәтте сайлау комиссиялары сайлау науқанын өткiзуге ұйымдастырушылық және әдiстемелiк жағынан дайын", - деп түйдi сөзiн Қ.Тұрғанқұлов.
ҚазАқпарат.