30 орындық жаңа велотұрақ пайдалануға берілді

3 Шілде 2013, 06:37

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жанында жаңа велотұрақ ашылды. 30 орындық тұрақтың салтанатты ашылуына Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, «ASTANA EXPO-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқармасы төрағасының оынбасары Ақмарал Омарова және Астанадағы бірқатар елшіліктердің өкілдері қатысты. «Олимпиада ойындарында еліміздің спортшысы А.Винокуров жеткен жетістік, жалпы елімізде велоспорттың дамуына дем берді. Жастарымыз көптеп бұл спортқа бет бұра бастады. Біз де салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесімізді қосу мақсатында мекеме қызметкерлеріне арнап, велотұрақ ашып отырмыз. Бұл игі дәстүр басқа мемлекеттік органдарда жалғасын табады деп сенемін», - деді министр Ерлан Ыдырысов. «ASTANA EXPO-2017» ұлттық компаниясының өкілі Ақмарал Омарованың айтуынша, 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрменің құрметіне 15 маусым күні Францияның Савойя қаласында «The Sun Trip: EXPO-2017 Астанаға сапар» атты велошеру басталды. Айтулы шараға Бельгия, Швейцария, Канада, Чехия және Франция елдерінен 33 спортшы қатысады. 3 айға созылатын шеруде велосипедшілер 7000 шақырымды жүріп өтіп, шараны тамыз айында Астанадағы «Бәйтерек» монументі жанында аяқтайды. Велотұрақ салтанатты түрде ашылып, соңы «Бәйтерек» монументі алаңында бұқаралық велошеруге ұласты. Шараға «Астана» командасының велошабандоздары қатысты. Baq.kz

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жанында жаңа велотұрақ ашылды. 30 орындық тұрақтың салтанатты ашылуына Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, «ASTANA EXPO-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқармасы төрағасының оынбасары Ақмарал Омарова және Астанадағы бірқатар елшіліктердің өкілдері қатысты.

«Олимпиада ойындарында еліміздің спортшысы А.Винокуров жеткен жетістік, жалпы елімізде велоспорттың дамуына дем берді. Жастарымыз көптеп бұл спортқа бет бұра бастады. Біз де салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесімізді қосу мақсатында мекеме қызметкерлеріне арнап, велотұрақ ашып отырмыз. Бұл игі дәстүр басқа мемлекеттік органдарда жалғасын табады деп сенемін», - деді министр Ерлан Ыдырысов.

«ASTANA EXPO-2017» ұлттық компаниясының өкілі Ақмарал Омарованың айтуынша, 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрменің құрметіне 15 маусым күні Францияның Савойя қаласында «The Sun Trip: EXPO-2017 Астанаға сапар» атты велошеру басталды. Айтулы шараға Бельгия, Швейцария, Канада, Чехия және Франция елдерінен 33 спортшы қатысады. 3 айға созылатын шеруде велосипедшілер 7000 шақырымды жүріп өтіп, шараны тамыз айында Астанадағы «Бәйтерек» монументі жанында аяқтайды.

Велотұрақ салтанатты түрде ашылып, соңы «Бәйтерек» монументі алаңында бұқаралық велошеруге ұласты. Шараға «Астана» командасының велошабандоздары қатысты.

Baq.kz

Бөлісу: