"Жалғыз рейнджер" қазақша көрсетілді

3 Шілде 2013, 04:25

Астана қаласында қазақ тіліне аударылған «Жалғыз рейнджер» фильмінің премьера алды көрсетілімі өтті.  2 шілде Астана және Алматы қалаларында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен «Самұрық-Қазына» Қорының қолдауымен қазақ тіліне аударылған «Жалғыз рейнджер» жобасы әлемдік премьерадан бір күн бұрын дубляж жасаған актерлердің, Қазақстанның зиялы, іскер және саяси ортасының қатысуымен фильм алды көрсетілімі өткізілді. «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Дастан Аспан: «Жалғыз рейнджер» қазақ тіліне аударылған алтыншы голливудтық жоба. Бұл фильм қазақ тіліне аударылуы қазақ тілді әуесқойлардың аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Голливудтық фильмдерді қазақ тіліне аударатын жоба 2011 жылы бастау алған. Жобаның негізін қалаушы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ». «Жалғыз рейнджер» жобасына барлығы 35-ке жуық актер қатысқан. Басты рөлдегі рейнджерді Ғ.Мүсірепов атындағы Жас көрермен театрының актері Бейбіт Қараманов сөйлетсе, үндіс Тонтоны «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Берік Айтжанов дубляждаған. Оның даусын Джонни Депптің өзі бекіткен. Бейбіт Камаран: «Бұл фильмнің дубляжы Алматыдағы Cinema Tone Production студиясында жасалды. Қазақша нұсқасының режиссері Айжан Жәмшитова, редактор-қалыптаушылары – Тұрысбек Сәукетаев пен Салтанат Дүнгенбаева. «Жалғыз Рейнджер» қазақстандық көрермендерге 4-шілдеде жол тартады. _______________________________________________________________________________________ «Кариб теңізіндегі қарақшылар» фильмін дүниеге алып келген «Оскар» сыйлығының иегері режиссер Гор Вербински мен продюсер Джерри Брукхаймердің «Жалғыз рейнджер» фильмі үндіс Тонтоның көмегімен заңды мүлтіксіз орындайтын бетперде киген кек алушы туралы жаңа вестерн. Фильм әзіл мен серпінді үйлестіре отырып әділдікті қорғау жолында тұрған бір-біріне ұқсамайтын екі кейіпкердің шытырман оқиғалары туралы баяндайды. Олар темір жол пайда болған кездегі билік пен әлемді бағындырушы күш туралы түсініктің өзгерген уақытында болған қараушылық пен жемқорлыққа қарсы тұрады. «Жалғыз рейнджер» - «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші адам» және «Монстрлар университеті» фильмдерінен кейінгі отандық кинотеатрларда мемлекеттік тілде көрсетілетін алтыншы фильм. Бақ.кз  

Астана қаласында қазақ тіліне аударылған «Жалғыз рейнджер» фильмінің премьера алды көрсетілімі өтті. 

2 шілде Астана және Алматы қалаларында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен «Самұрық-Қазына» Қорының қолдауымен қазақ тіліне аударылған «Жалғыз рейнджер» жобасы әлемдік премьерадан бір күн бұрын дубляж жасаған актерлердің, Қазақстанның зиялы, іскер және саяси ортасының қатысуымен фильм алды көрсетілімі өткізілді.
«Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Дастан Аспан: «Жалғыз рейнджер» қазақ тіліне аударылған алтыншы голливудтық жоба. Бұл фильм қазақ тіліне аударылуы қазақ тілді әуесқойлардың аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Голливудтық фильмдерді қазақ тіліне аударатын жоба 2011 жылы бастау алған. Жобаның негізін қалаушы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ».
«Жалғыз рейнджер» жобасына барлығы 35-ке жуық актер қатысқан. Басты рөлдегі рейнджерді Ғ.Мүсірепов атындағы Жас көрермен театрының актері Бейбіт Қараманов сөйлетсе, үндіс Тонтоны «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Берік Айтжанов дубляждаған. Оның даусын Джонни Депптің өзі бекіткен.
Бейбіт Камаран: «Бұл фильмнің дубляжы Алматыдағы Cinema Tone Production студиясында жасалды. Қазақша нұсқасының режиссері Айжан Жәмшитова, редактор-қалыптаушылары – Тұрысбек Сәукетаев пен Салтанат Дүнгенбаева.
«Жалғыз Рейнджер» қазақстандық көрермендерге 4-шілдеде жол тартады.

_______________________________________________________________________________________
«Кариб теңізіндегі қарақшылар» фильмін дүниеге алып келген «Оскар» сыйлығының иегері режиссер Гор Вербински мен продюсер Джерри Брукхаймердің «Жалғыз рейнджер» фильмі үндіс Тонтоның көмегімен заңды мүлтіксіз орындайтын бетперде киген кек алушы туралы жаңа вестерн. Фильм әзіл мен серпінді үйлестіре отырып әділдікті қорғау жолында тұрған бір-біріне ұқсамайтын екі кейіпкердің шытырман оқиғалары туралы баяндайды. Олар темір жол пайда болған кездегі билік пен әлемді бағындырушы күш туралы түсініктің өзгерген уақытында болған қараушылық пен жемқорлыққа қарсы тұрады.
«Жалғыз рейнджер» - «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші адам» және «Монстрлар университеті» фильмдерінен кейінгі отандық кинотеатрларда мемлекеттік тілде көрсетілетін алтыншы фильм.

Бақ.кз

 

Бөлісу: