Түркі тілді диаспора өкілдерінің бірінші форумы Бакуде өтті

2 Шілде 2013, 12:12

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Түркі кеңесі диаспора ұйымдарының бірінші форумы өтті. Алқалы жиында түркі елдерінің арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті нығайту мәселелері қаралды. Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының сайты хабарлап отыр.  Бакуде өткен форумға түркі тілді диаспораны құраушы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия өкілдері сияқты әлемнің 44 елінен 500-ден астам делегат қатысты. Бұдан өзге қазақ диаспорасы қалыптасқан Өзбекстан, Россия, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, Иран, Қытай, Бельгия, Германия, Голландия, Франция, Дания, Швеция, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Украина, Беларуссия сияқты елдерде тұратын қазақ ағайындар да қатысқан алқалы жиын Әзербайжанның дамуына бірден бір себепкер болған, 1993-2003 жылдары Әзербайжанның президенті болған Гейдар Алиевтің ескерткішіне гүл қоюмен бастады. Форумда Қырғыз Республикасының Еңбек және даму, жастар ісі жөніндегі министрі Алиясбек Алымқұлов, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынж, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық түркі академиясының президенті Шәкір Ибраев және басқа елдерден келген қазақ диаспорасы басшылары, соның ішінде Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы, саясаткер Абдұлқаюм Кесижи де сөз сөйледі. Айта кетейік, Түркі елдерінің өкілдері 1992 жылдан бері бас қосып, жиын өткізуді дәстүрге айналдырған. 2009 жылы Нахчыванда өткен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде тегі бір елдердің арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында Түркі кеңесі құрылған. Ағымдағы жылдың 14 мамырында да Түркияның астанасы Анкарада түркітілдес диаспоралардың дамуы жайлы бірлескен стратегия шешімін тапқан болатын. Бақ.кз

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Түркі кеңесі диаспора ұйымдарының бірінші форумы өтті. Алқалы жиында түркі елдерінің арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті нығайту мәселелері қаралды. Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының сайты хабарлап отыр. 

Бакуде өткен форумға түркі тілді диаспораны құраушы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия өкілдері сияқты әлемнің 44 елінен 500-ден астам делегат қатысты. Бұдан өзге қазақ диаспорасы қалыптасқан Өзбекстан, Россия, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, Иран, Қытай, Бельгия, Германия, Голландия, Франция, Дания, Швеция, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Украина, Беларуссия сияқты елдерде тұратын қазақ ағайындар да қатысқан алқалы жиын Әзербайжанның дамуына бірден бір себепкер болған, 1993-2003 жылдары Әзербайжанның президенті болған Гейдар Алиевтің ескерткішіне гүл қоюмен бастады.
Форумда Қырғыз Республикасының Еңбек және даму, жастар ісі жөніндегі министрі Алиясбек Алымқұлов, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынж, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық түркі академиясының президенті Шәкір Ибраев және басқа елдерден келген қазақ диаспорасы басшылары, соның ішінде Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы, саясаткер Абдұлқаюм Кесижи де сөз сөйледі.
Айта кетейік, Түркі елдерінің өкілдері 1992 жылдан бері бас қосып, жиын өткізуді дәстүрге айналдырған. 2009 жылы Нахчыванда өткен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде тегі бір елдердің арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында Түркі кеңесі құрылған. Ағымдағы жылдың 14 мамырында да Түркияның астанасы Анкарада түркітілдес диаспоралардың дамуы жайлы бірлескен стратегия шешімін тапқан болатын.

Бақ.кз

Бөлісу: