Әділбек Жақсыбеков Нұрсұлтан шыңын бағындырды

2 Шілде 2013, 08:20

Астананың 15-жылдығына орай, Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңына өрмеледі. 800-ге тарта адам теңіз деңгейінен 4 376 метр биіктікке көтерілуге талпынды. Альпинистер Нұрсұлтан шыңына жыл сайын жаппай көтерілуді әдетке айнадырған, ал бұл альпиниада дәстүрінің негізін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалаған болатын. - Астана күні қарсаңында өткізілетін барлық мерекелік іс-шаралар жалпыұлттық және бұқаралық сипатқа ие болуы тиіс. Жыл сайын тауға өрмелеушілер санының артуы, қоғамда оң өзгерістердің белең алғанын көрсетеді, дейді ТЖМ республикалық жедел-құтқару отрядының басшысы Владимир Цой. - Біздің міндетіміз – альпинистердің қауіпсіздігін және байланысын қамтамасыз ету, осының арқасында олар өздерінің күшін шамалай алады. Альпинистердің техникалық даярлығы әрқайсысында әртүрлі, ал тауға шығу оңай іс емес. Таңертеңнен бастап ауа-райы жақсы болып тұрды, уақыт өте күн күрт өзгерді – жаңбыр, қар, бұршақ жауып, жел тұрды. Нұрсұлтан шыңының ұшар басына 800 адамнан тек 207-сі ғана көтерілді. Олардың арасында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков те бар. Бақ.кз

Астананың 15-жылдығына орай, Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңына өрмеледі. 800-ге тарта адам теңіз деңгейінен 4 376 метр биіктікке көтерілуге талпынды.

Альпинистер Нұрсұлтан шыңына жыл сайын жаппай көтерілуді әдетке айнадырған, ал бұл альпиниада дәстүрінің негізін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалаған болатын.

- Астана күні қарсаңында өткізілетін барлық мерекелік іс-шаралар жалпыұлттық және бұқаралық сипатқа ие болуы тиіс. Жыл сайын тауға өрмелеушілер санының артуы, қоғамда оң өзгерістердің белең алғанын көрсетеді, дейді ТЖМ республикалық жедел-құтқару отрядының басшысы Владимир Цой.

- Біздің міндетіміз – альпинистердің қауіпсіздігін және байланысын қамтамасыз ету, осының арқасында олар өздерінің күшін шамалай алады. Альпинистердің техникалық даярлығы әрқайсысында әртүрлі, ал тауға шығу оңай іс емес. Таңертеңнен бастап ауа-райы жақсы болып тұрды, уақыт өте күн күрт өзгерді – жаңбыр, қар, бұршақ жауып, жел тұрды. Нұрсұлтан шыңының ұшар басына 800 адамнан тек 207-сі ғана көтерілді. Олардың арасында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков те бар.

Бақ.кз

Бөлісу: