2 Шілде 2013, 03:58
– Таулы-батпақты қиын жерлермен кідірмей жүретін үш білікті үлкен жүк көліктерін құрастыру желісін құруға жарты жыл уақыт кетті. Миасалық (Ресейдің Челябинск облысы) әріптестермен бірге біз жылына «Еуро-3» стандартына сай келетін 400 автокөлік құрастыра аламыз, – дейді «СемАЗ» зауытының бас директоры Асемхан Досқұжанов.
Оның айтуынша, келісімшартқа сәйкес құрастыруға қажетті барлық қосалқы жабдықтарды зауыт өзі сатып алады, ал Миасадан тек автокөліктің шанағы ғана әкелінеді.
Серік Әбілхан