Кейде «осы біз серпілістен гөрі сылтау іздеу жолына түскен жоқпыз ба?» деген сұрақтар туады. Әйтпесе, тарихи деректерді жаттап алатын оқушы қайдан шығады?
Олар оқушыларды жаттауға бейімдейтін, машықтайтын ұстаздардан шығатын тәрізді. Мәселен, өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары мектепте мұғалімнің дәрісі кезінде 18-19 ғасырлардағы қоғам, тұлғалар, қазақтардың көш легі және т.б. – бәрі көз алдымызға елестейтін, сол арқылы ұғынатынбыз. Үй тапсырмасын мұғалімнің әңгімесін елестете отырып, орындайтынбыз. Ал қазіргі кезеңде мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстар қаншалықты екені кейде беймәлім. Әрине, көпшілігі өз қызметін мүлтіксіз орындауда. Дегенмен де, жалаң жаттау үрдісінің алдын алу бала-бақша тәрбиешісі, мектеп, орта және жоғары оқу орны деңгейіндегі тарих пәнінің мұғалімдері мен оқытушыларының танымы, сабақ беру тәсіліне, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Жауынгер Отан алдындағы борышын қандай тәртіппен орындаса, Ұстаз да Отан тарихы алдындағы міндетін болашақ ұрпақ тәрбиешісі ретінде мойынына алған жүгін көтере білуі керек.
Заманауи оқулықтардың барлығын жоққа шығарып, сынықтан сылтау іздеп, шәкірттеріне өткен замана лебін сездіре алмаса, бабалар үнін естірте алмаса – Ұстазға сын. Ел тарихы – әрбір қоғам мүшесінің еншісі. Қандай адам еншісінен құр қалғысы келеді. Сондықтан да жаңа ғасыр тарихшыларына жасампаз ұрпақтың ұстаздарына лайықты болатын жүк артылып отыр. Мамандық қасиетін ұғынған ұстаздың үні, тарихи оқиғалар жаңғырығымен үйлесім тауып, шәкірт жүрегіне жетсе, «жаттау» деген жалғаннан құтылар едік.
Құндызай ЕРІМБЕТОВА,
Мемлекет тарихы институты, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты
bnews.kz