Өмір сүруді ұзартатын электронды шұлық шықты

1 Шілде 2013, 09:28

АҚШ ғалымдары спортпен шұғылданатын адамдарға арнап ерекше шұлық түрін ойлап тапты. Электронды құрылғы қан айналымды жақсартады дейді дни.ру. "Сиқырлы" шұлық адамның күнделікті жұмсаған калориясын, жүрек соғысы мен оған түскен күшті есептеп отырады. Құрылғыны Heapsylon компаниясының мамандары ойлап тауыпты. Sensoria деген атауға ие болған  шұлықтың матасы табандағы жүйке талшықтарына әсер ету арқылы денсаулықты жақсартатын көрінеді. Ал негізгі жұмысты шұлықтан бөлек орналасқан жеңіл браслет атқарып тұр. Ол тобыққа киюге арналған. Bluetooth-дің көмегімен өзі "жинаған" бүкіл ақпаратты компьютер немесе смартфонға жіберіп отырады.  Сондай-ақ, спортшыларға таптырмайтын бірден-бір "көмекші" құрал артық жарақаттардан сақтану үшін де қажет. Heapsylon компаниясының аталмыш жобасын өркендету үшін еріктілер өз қалталарынан қаржы қосуда. Бүгінгі таңда Sensoriа үшін 87 мың доллар жиналыпты. Бұл сома өнімді нарыққа шығаруға әбден жетеді. Десек те, денсаулыққа пайдасы зор шұлықтың кең таралуына үлес қосамын дегендерге рұқсат деп отыр  оны ойлап шығарушылар. bnews.kz

АҚШ ғалымдары спортпен шұғылданатын адамдарға арнап ерекше шұлық түрін ойлап тапты. Электронды құрылғы қан айналымды жақсартады дейді дни.ру.

"Сиқырлы" шұлық адамның күнделікті жұмсаған калориясын, жүрек соғысы мен оған түскен күшті есептеп отырады. Құрылғыны Heapsylon компаниясының мамандары ойлап тауыпты. Sensoria деген атауға ие болған  шұлықтың матасы табандағы жүйке талшықтарына әсер ету арқылы денсаулықты жақсартатын көрінеді.

Ал негізгі жұмысты шұлықтан бөлек орналасқан жеңіл браслет атқарып тұр. Ол тобыққа киюге арналған. Bluetooth-дің көмегімен өзі "жинаған" бүкіл ақпаратты компьютер немесе смартфонға жіберіп отырады.  Сондай-ақ, спортшыларға таптырмайтын бірден-бір "көмекші" құрал артық жарақаттардан сақтану үшін де қажет.

Heapsylon компаниясының аталмыш жобасын өркендету үшін еріктілер өз қалталарынан қаржы қосуда. Бүгінгі таңда Sensoriа үшін 87 мың доллар жиналыпты. Бұл сома өнімді нарыққа шығаруға әбден жетеді. Десек те, денсаулыққа пайдасы зор шұлықтың кең таралуына үлес қосамын дегендерге рұқсат деп отыр  оны ойлап шығарушылар.

bnews.kz

Бөлісу: