Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға шақырды.
Бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай деді.
Қазақстан мен Ұлыбританияның сауда-экономикалық қарым-қатынастарды әртараптандыруды тереңдетуде зор әлеуетке ие екендігін баса айтқан Елбасы: «Біз жаңаратын энергетика, жасыл экономика салаларын дамытудағы ынтымақтастықты белсендіре түсуге уағадаластық. Бұған Қазақстанда болашақ энергиясы тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі жақсы негіз болады. Британ компанияларын оны ұйымдастыруға қатысуға шақырамын»,-деді.
ҚазАқпарат.