«KAZsport» телеарнасы Қазақстанның 65-70 пайыз көрермендерiн қамтитын болады

1 Шілде 2013, 06:21

«KAZsport» телеарнасы Қазақстанның 65-70 пайыз көрермендерiн қамтитын болады. Бұл туралы бүгiн арнаның ашылу салтанатында «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәрiп мәлiм еттi.  "Бiз бүгiн "Қазақстан" ұлттық ТРК бiр құрамы ретiнде арнайы мамандандырылған спорт арнасын iске қостық. Арна тәулiгiне 20 сағат хабар таратады. Арна бiздiң эфирлiк кестемiзге сай Қазақстанның iшкi жарыстарымен қатар, шетелдiк iрi додалардан тiкелей эфирде толық нұсқада трансляция көрсетемiз. Оның үлесi кестеде 70 пайыз болады, 20 пайызы - жаңалықтар, iшкi өнiм, бағдарламалар, 10 пайызымыз - ол деректi фильмдер", - дедi Диас Ахметшәрiп. Оның айтуынша, арна хабарының 50 пайызын мемлекеттiк тiлде, 50 пайызын ресми тiлде тарататын болады.  "Бiз Интелсат жерсерiгi арқылы "Отау тв" жүйесiмен келiсiмшартқа отырдық. Сонымен қатар жеке 37 кабельдiк арналар тарату операторлары арқылы тараймыз. Бәрін есепке алғанда Қазақстанның 65-70 пайыз көрермендерiн қамтитын болады. Алдағы уақытта кабельдiк операторлардың санын арттыра беретiн боламыз", - деп атап өттi арна директоры. ҚазАқпарат.

«KAZsport» телеарнасы Қазақстанның 65-70 пайыз көрермендерiн қамтитын болады.

Бұл туралы бүгiн арнаның ашылу салтанатында «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәрiп мәлiм еттi.

 "Бiз бүгiн "Қазақстан" ұлттық ТРК бiр құрамы ретiнде арнайы мамандандырылған спорт арнасын iске қостық. Арна тәулiгiне 20 сағат хабар таратады. Арна бiздiң эфирлiк кестемiзге сай Қазақстанның iшкi жарыстарымен қатар, шетелдiк iрi додалардан тiкелей эфирде толық нұсқада трансляция көрсетемiз. Оның үлесi кестеде 70 пайыз болады, 20 пайызы - жаңалықтар, iшкi өнiм, бағдарламалар, 10 пайызымыз - ол деректi фильмдер", - дедi Диас Ахметшәрiп.

Оның айтуынша, арна хабарының 50 пайызын мемлекеттiк тiлде, 50 пайызын ресми тiлде тарататын болады.

 "Бiз Интелсат жерсерiгi арқылы "Отау тв" жүйесiмен келiсiмшартқа отырдық. Сонымен қатар жеке 37 кабельдiк арналар тарату операторлары арқылы тараймыз. Бәрін есепке алғанда Қазақстанның 65-70 пайыз көрермендерiн қамтитын болады. Алдағы уақытта кабельдiк операторлардың санын арттыра беретiн боламыз", - деп атап өттi арна директоры.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: