Сабатайұлы Сатылған

1 Шілде 2013, 05:53

Сабатайұлы Сатылған – Алаш қозғалысының қайраткері, аудармашы. 1874 жылы Жетісу облысы Верный уезі Үлкен Алматы болысы жерінде туған. Ата-анасынан ерте айырылып, ағайындарының және қайырымды адамдардың көмегімен оқыған. 1895 жылы Верный ерлер гимназиясын бітіріп, Мәскеудегі Шығыс тілдерінің Лазарев институтына түседі. Аталған оқу орнында 1899 жылға дейін оқиды. Сонымен бірге кейінірек, 1908-1915 жылдары Петров-Разумов атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында білім алады. Алғаш қызметін 1899 жылы Жетісу облысына қарасты Пішкек уезі басқармасының тәржімашысы болып бастайды. 1901 жылы Жаркент қаласы уездік басқармасына қызметке тұрады. Осында жүріп Жаркент приставының міндетін қосымша атқарады. 1906 жылы Егіншілік және жерге орналастыру бас басқармасына жұмысқа қабылданады. Мұнан кейін өз қалауымен Мәскеу ауылшаруашылық академиясына оқуға кетеді. Академияны бітірген соң Семей облысының ауылшаруашылық мекемелерінде түрлі жауапты қызмет атқарады. 1916-1917 жылдары Семей, Үржар, Қарқаралыда жұмыс бабымен тұрған. Ел дүрлігіп, төңкеріс оты шарпығанда ол Алаш қозғалысына иек артады. 1917 жылы наурызда Семей облыстық Қазақ комитетінің жиналысына қатысып, осы ұйымның басқарма мүшесі болып сайланады. Земство сайлауы өткенде, қайраткер бірнеше белгілі тұлғалармен бірге Семей облыстық земствосына мүшелікке енеді. 1917 жылы Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына қатысады. Осы съезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне мүшелікке үміткер, нақты айтсақ мүшенің орынбасары болып сайланады. 1918 жылы қаңтар айында Верный қаласында Жетісу облыстық Алашорданың ІІ съезі өткенде, соның ұйымдастыру және өткізу шараларына қатысады. Елдік бас қосу шешіміне сәйкес, автономия құрылымдарын қалыптастыру және Алаш әскерін жасақтау істеріне қатысады. Осы шақта қалада большевиктер мен казактар да бой көтереді. 9 наурызда О.Әлжанұлы, Ы.Жайнақұлы үшеуі қапияда ұсталып, абақтыға жабылады. 17 сәуірде одан босанып, Семейге аттанады. Мұнда да Алаш полкін жасақтаумен айналысады. Зиялылар оның агрономдық білімін ерекше бағалап, осы салаға байланысты істерді жүктеп отырған. Сатылғанның ел алдындағы үлкен бір еңбегі –Лазарев институтында бірге оқыған жолдасы Н.Рамазанұлымен бірлесіп осы мекеменің 1914 жылы А.Веселовский құрметіне шығарған «Әл-Шархият» жинағына Абай, Міржақып өлеңдерін орысшаға аударып жариялауы еді. Қайраткер мұнан басқа «Этнографиялық жинаққа» да қазақ салт-дәстүрі туралы материал жазып тұрған. Ол 1921 жылы қаскүнемдердің қолынан нақақ қаза тапты.

Бөлісу: