Садуақасұлы Смағұл

1 Шілде 2013, 05:52

Садуақасұлы Смағұл – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. 1900 жылы Ақмола облысы, Шарлақ уезі, Қарой болысының (қазір Солтүстік Қазақстан обл., Ақжар ауд.) Жарқын ауылында дүниеге келді. 10 жасқа дейін ол әкесі Садуақас молданың тәрбиесінде болып, хат таниды. 11 жасында Жарқындағы Әбіл молда Қуанышұлының мектебінде оқиды. Осыдан соң 1912-1915 жылдары Полтавкадағы орыс-қырғыз училищесінде білімін толықтырады.. 1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылық училищесінде, политехника институтының кооперация курсында, ауылшаруашылық институтының кооперация факультетінде оқиды. Сонымен бірге қысқаша курстарда дәріс беріп, Ақмола облыстық Жер-су басқармасында (Омбы) қазақ бөлімі оқу ісінің меңгерушісі болады. Саяси күреске 1916 жылдан-ақ араласады. Алғаш алашшыл жастардың "Бірлік" ұйымында, сонан кейін "Жас азамат" ұйымында қайраткерлік шыңдалудан өтеді. 1917-1918 жылдары Ақмола облысында Алаш комитетін құруға атсалысады. 1918-1920 жылдары қазақ экономикасына септігін тигізу мақсатында "Центросибирь" бірлестігінде (Омбы) нұсқаушы болады. 1920 жылы Сібір жастар комитетінің (Омбы) мүшесі, "Жас азамат", "Еңбекшіл жастар", "Кедей сөзі" (Омбы), "¥шқын", "Еңбек туы" (Орынбор) газеттерінің жауапты шығарушысы, алқа мүшесі, Күншығыс жастары кіндік бюросының (Мәскеу) мүшесі, Жалпы қазақ кеңестері I съезінің делегаты, ҚазОАК Төралқа мүшесі, Жастар одағының хатшысы. 1921 жылы Семей губерниясын, 1923-24 жылдары Қазақстан жоспарлау комитетін, 1925-27 жылдары Халық ағарту комиссариатын басқарады. Негізгі қызметімен қабат "Еңбек туы", "Еңбекші қазақ", "Қызыл Қазақстан" басылымдарына редакторлық жасады. Бірнеше танымдық және көркем әдебиет кітаптарын жазды. Саяси қайраткерлігінің елеулі белесі - Мәскеу Қазақстанды басқаруға жіберген Ф.Голощекинмен ашық күресі. Ол қазақ жағдайын мүлде білмейтін большевизм функционеріне қарсы ұлт зиялыларын көтере білді. Қайраткер 1927 жылдан бастап саяси қызметтен қуғындалды. Ол біраз уақыт Ташкенттегі Қазақ пединститутын басқарғаннан кейін тіпті жұмыстан босатылды. Мұнан соң ол 1928 жылы Мәскеу жол құрылысы институтына түседі. Мұны 1932 жылы бітіріп, Мәскеу-Донбасс жолында инженер болады. Қайраткер 1933 жылы Кремль ауруханасында қапыда дүниеден озады. Сүйегінің күлі Мәскеудегі ескі крематорий қабырғасына қойылған. Әдебиеттер: 1. Садуақасұлы С. Таңдамалы: 2 том (даярлаған Б.Дәрімбет). Алматы, 1993 2. Садуақасұлы С. Екі томдық шығармалар жинағы (даярлаған Д.Қамзабекұлы). Алматы, 2003 3. Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлы. Алматы,1996

Бөлісу: