«Саламатты Қазақстан» пойызы

1 Шілде 2013, 05:15

«Саламатты Қазақстан» арнайы медициналық пойызы қазақстанның ірі қалаларын ғана емес, кіші стансалары мен разъездеріне де барып, халыққа медициналық қызметтер көрсетті. «Саламатты Қазақстан» арнайы пойызы Қазақстанда мобильді көліктік медицинаны дамыту шеңберінде Елбасының тапсырмасымен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ, ҚР Төтенше Жағдайлар және ҚР Денсаулық сақтау министрліктерімен құрылған. Пойызда қазіргі заманға сай диагностика мен емдеу қондырғылары, елдің жетекші медициналық орталықтары дәрігерлерінен кәсіби кеңес алу үшін интернетке шығу мүмкіндігі де бар. Медицина қызметкерлері халыққа барлық қызметті ақысыз көрсетеді. 2011 жылдың 26 қыркүйегінен 26 қарашасына дейін созылған 60 күндік бірінші маршрут кезінде пойыздың дәрігер мамандарына 30 стансадан 12 353 адам қаралды. Бірнеше дәрігерге қатар көрінгендердің саны 38 528 адамды құрады. Орта есеппен алғанда, әрбір адам 3 дәрігердің қабылдауында болды. Пойыз бригадасы УДТ, ЭКГ, ЭХО және тағы басқа 14 000 медициналық және лабораториялық зерттеу жүргізген. Хирургияда маманданған ақ халатты абзал жандар 44 кіші операция өткізіп, стоматологтар қауымы 3 192 адамды емдеді. Былтыр «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары 27 күннің ішінде 29 елді мекендерді аралап, медициналық қызметтер көрсетті. Бақ.кз

«Саламатты Қазақстан» арнайы медициналық пойызы қазақстанның ірі қалаларын ғана емес, кіші стансалары мен разъездеріне де барып, халыққа медициналық қызметтер көрсетті.

«Саламатты Қазақстан» арнайы пойызы Қазақстанда мобильді көліктік медицинаны дамыту шеңберінде Елбасының тапсырмасымен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ, ҚР Төтенше Жағдайлар және ҚР Денсаулық сақтау министрліктерімен құрылған.
Пойызда қазіргі заманға сай диагностика мен емдеу қондырғылары, елдің жетекші медициналық орталықтары дәрігерлерінен кәсіби кеңес алу үшін интернетке шығу мүмкіндігі де бар. Медицина қызметкерлері халыққа барлық қызметті ақысыз көрсетеді.
2011 жылдың 26 қыркүйегінен 26 қарашасына дейін созылған 60 күндік бірінші маршрут кезінде пойыздың дәрігер мамандарына 30 стансадан 12 353 адам қаралды. Бірнеше дәрігерге қатар көрінгендердің саны 38 528 адамды құрады. Орта есеппен алғанда, әрбір адам 3 дәрігердің қабылдауында болды. Пойыз бригадасы УДТ, ЭКГ, ЭХО және тағы басқа 14 000 медициналық және лабораториялық зерттеу жүргізген. Хирургияда маманданған ақ халатты абзал жандар 44 кіші операция өткізіп, стоматологтар қауымы 3 192 адамды емдеді.
Былтыр «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары 27 күннің ішінде 29 елді мекендерді аралап, медициналық қызметтер көрсетті.

Бақ.кз

Бөлісу: