Кеше Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп, 32 балуан айқасқан дода да шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров оқ бойы озық шықты. Жарыстан соң, «Қазақстан барысы-2013» жүлдегерлері мен ұйымдастырушылар журналистерге арнап, баспасөз-мәслихатын өткізді.
Пресс-конференция барысында сөз алған «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров өзінің жеңісін ата-анасына, бапкеріне және елордасы Астананың 15 жылдық мерейтойына арнайтынын жеткізді.
Ал, жартылай финалға үлкен дау-дамаймен Бейбіт Ыстыбаевтан айласын асырған Ержан Шынкеев өзінің жеңісін әділ санайтынын тілге тиек етті. Осы мәселеге орай, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев келесі аптада төрешілер мен балуандардың қатысуымен босқосу өтетіндігін және төрешілердің тарапынан жіберілген қателіктің енді қайталанбайтынына сөз берді.
Сондай-ақ, Арман Төлегенұлы «Қазақстан барысына» берілетін алтын «Тайтұйяқ» енді спортшының өзінде қалмайтынын, бас балуан бұл құнды дүниені келесі жылы ұтатын палуанға тапсыратынын атап өтті.
Осылайша, "Қазақстан барысы-2013" атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаровқа 150 мың АҚШ доллары мен «Алтын белбеу», «Тайтұйяқ» және автокөлік сыйға тартылса, күміс жүлдені иеленген Ержан Шынкеевке 30 мың АҚШ доллары, ал қоланы қанағат тұтқан Н.Ерсұлтановқа 10 АҚШ доллары тарту етілді.
Ал қазақ күресінің жанкүйерлері арасында ұйымдастырылған лотерея ойынында «Астана Моторс» ұсынған «Hyundai I30» автокөлігі Қостанай облысының өкіліне бұйырды.
Индира БАЙҚОНЫСОВА
ФОТО: Азат ЕСЕМБЕКОВ