Елдің индустриалдық өмірінің 7 күні - өңірлер мен адамдар

1 Шілде 2013, 05:07

Елдің индустриалдық өмірінің үшінші күнінің тақырыбы – өңірлер мен адамдар, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың айтуынша, «Индустриаландыру – қара бастың қамы емес. Түпкі мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту». Сондықтан президенттің индустриаландыру бағдарламасы экономикалық саясаттың негізгі бөлігіне және өңірлерді дамытудың маңызды факторына айналды. Бұл бағдарламаның арқасында 119 аудан мен 18 шағын қалаға жаңа даму серпіні беріледі. Өңірлік деңгейдегі 829 жаңа өндіріс ашылып, 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Индустриаландыру бағдарламасы облыстардың дамуына қарқын берді. Жаңа кәсіпорындар іске қосылып, бірқатар аймақтарда өңдеуші өнеркәсіптер саны артты. Мысалы, Ақмола облысында Карта жобаларымен өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 32,7%-ға, Жамбыл облысында 26,6%-ға артты. Жалпы алғанда, өнеркәсіп саласында Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Үш жылда жеткен нәтиже, өңірлердің, ұлттық компаниялардың менеджменті қаншалықты тиімді жұмыс істегенін және отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қаншалықты қабілетті екендігін көрсетті. Экономиканы дамытудың маңызды факторларының бірі – еңбек өнімділігі. Өткен жылы, өңдеуші өнеркәсіптегі өнімділік 2008 жылмен салыстырғанда 1,4 есе өскен. Өнім шығаруда жоғары көрсеткіштерге қол жетті: химия өнеркәсібінде – 1,8 есе, машина жасау, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп саласында – 1,3 есе, өзге де металл емес минералды өнім шығаратын кәсіпорындарда – 1,2 есе артты. ҮИИДМБ әлеуметтік ықпалы: Индустриаландыру картасының енгізілген жобалары есебінен 40 900 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл – 2008-2012 жылдар аралығында өнеркәсіп саласында ашылған жұмыс орындарының жартысына тең. Бақ.кз

Елдің индустриалдық өмірінің үшінші күнінің тақырыбы – өңірлер мен адамдар, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың айтуынша, «Индустриаландыру – қара бастың қамы емес. Түпкі мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту».

Сондықтан президенттің индустриаландыру бағдарламасы экономикалық саясаттың негізгі бөлігіне және өңірлерді дамытудың маңызды факторына айналды.

Бұл бағдарламаның арқасында 119 аудан мен 18 шағын қалаға жаңа даму серпіні беріледі. Өңірлік деңгейдегі 829 жаңа өндіріс ашылып, 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Индустриаландыру бағдарламасы облыстардың дамуына қарқын берді. Жаңа кәсіпорындар іске қосылып, бірқатар аймақтарда өңдеуші өнеркәсіптер саны артты. Мысалы, Ақмола облысында Карта жобаларымен өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 32,7%-ға, Жамбыл облысында 26,6%-ға артты. Жалпы алғанда, өнеркәсіп саласында Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Үш жылда жеткен нәтиже, өңірлердің, ұлттық компаниялардың менеджменті қаншалықты тиімді жұмыс істегенін және отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қаншалықты қабілетті екендігін көрсетті.

Экономиканы дамытудың маңызды факторларының бірі – еңбек өнімділігі. Өткен жылы, өңдеуші өнеркәсіптегі өнімділік 2008 жылмен салыстырғанда 1,4 есе өскен. Өнім шығаруда жоғары көрсеткіштерге қол жетті: химия өнеркәсібінде – 1,8 есе, машина жасау, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп саласында – 1,3 есе, өзге де металл емес минералды өнім шығаратын кәсіпорындарда – 1,2 есе артты.

ҮИИДМБ әлеуметтік ықпалы: Индустриаландыру картасының енгізілген жобалары есебінен 40 900 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл – 2008-2012 жылдар аралығында өнеркәсіп саласында ашылған жұмыс орындарының жартысына тең.

Бақ.кз

Бөлісу: