«Уральскагрореммаш» АҚ 2016 жылға дейін 500 дана арнайы техника шығаруды жоспарлап отыр

30 Маусым 2013, 08:22

«Уральскагрореммаш» АҚ 2016 жылға дейін 500 дана арнайы көлік шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Уральскагрореммаш» АҚ мемлекеттік қолдау аясында екі жобаны жүзеге асырып жатыр: Металл конструкцияларын ыстық цинктеу мен «МАЗ» автомобильінің базасында арнайы техника шығару. Кәсіпорын 140 млн теңгеге мың тоннадай металл конструкцияларын цинктеген. Бұл жобалық қуатының 14%-ын құрайды. Зауытың қуаттылығы жылына 2833 тонна. Жоба аясында 55 жұмыс орны ашылып, цинктелген металл бұйымдары импортының үлесі шамалы азайтылды. Екінші ауқымды жоба-арнайы көліктер шығару. Қазіргі таңда мұнда 1,8 млрд теңгенің 98 арнайы көлігі шығарылды. Бұл жобалық қуаттылығының 52%-ын құрайды. 2016 жылға қарай 4,3 млрд теңгенің 500 арнайы техника шығаруды жоспарлап отыр. «Уральскагрореммаш» АҚ президенті Ғ. Бисеновтың айтуынша, мұнда автоцистерна, қоқыс шығаратын және басқа да арнайы техникалар жасалады. Егер тапсырыс көлемі көбейетін болса өндіріс қарқынын арттыру мүмкіндігі бар. Жыл сайын кәсіпорын жаңғыртылып, станоктар мен осы заманғы құрал-жабдықтарды алады. Зауыттың өніміне елімізде сұраныс жоғары.  

«Уральскагрореммаш» АҚ 2016 жылға дейін 500 дана арнайы көлік шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Уральскагрореммаш» АҚ мемлекеттік қолдау аясында екі жобаны жүзеге асырып жатыр: Металл конструкцияларын ыстық цинктеу мен «МАЗ» автомобильінің базасында арнайы техника шығару.

Кәсіпорын 140 млн теңгеге мың тоннадай металл конструкцияларын цинктеген. Бұл жобалық қуатының 14%-ын құрайды. Зауытың қуаттылығы жылына 2833 тонна. Жоба аясында 55 жұмыс орны ашылып, цинктелген металл бұйымдары импортының үлесі шамалы азайтылды.

Екінші ауқымды жоба-арнайы көліктер шығару.

Қазіргі таңда мұнда 1,8 млрд теңгенің 98 арнайы көлігі шығарылды. Бұл жобалық қуаттылығының 52%-ын құрайды. 2016 жылға қарай 4,3 млрд теңгенің 500 арнайы техника шығаруды жоспарлап отыр.

«Уральскагрореммаш» АҚ президенті Ғ. Бисеновтың айтуынша, мұнда автоцистерна, қоқыс шығаратын және басқа да арнайы техникалар жасалады. Егер тапсырыс көлемі көбейетін болса өндіріс қарқынын арттыру мүмкіндігі бар. Жыл сайын кәсіпорын жаңғыртылып, станоктар мен осы заманғы құрал-жабдықтарды алады. Зауыттың өніміне елімізде сұраныс жоғары.

 

Бөлісу: