«Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры Мәскеуде «Перспектива – 2050: әлемнің жаңа с

29 Маусым 2013, 17:16

Ертең Мәскеудегі РИА «Новости»-де «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры жаңа халықаралық сараптамалық зерттеу қорытындысы бойынша әзірленген «Перспектива – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» баяндамасын таныстырады, деп хабарланған қор сайтында.  Атақты әлеуметтанушы Зигмунт Бауман «тұрақсыз қазіргі заман» немесе «қиялсыз қазіргі заман» деп сипаттаған біздің заманымыз уақыт кезеңінде болып жатқан оқиғалардың тығыздылығымен ғана ерекшеленбейді. Барлық салада қарқынды өзгерістер орын алуда, кшегі күннің тренді мен аксиомасы бүгін күманды бола қалады, делінген қор баяндамасында. Біздің ғаламшардың болашағы жайында ой қозғай отырып, әлемдік зиялы қауым мүмкіндіктер арнасын іздейді. Постмодернизм дәуірі таңдау көрсеткішін неғұрлым жоғары кеңейтіп және қарама-қарсыны біріктіруге ұмтылып, осы ізденістерге ерекшеліктер енгізеді. «Назарларыңызға ұсынылып отырған зерттеуде біз 2050 жылға дейін адамзат алдында қандай проблемалар пайда болады, оларды шешу мүмкін бе, қалай шешіледі және қаншалықты тиімді шешіледі, қандай елдер мен өңірлер бұл істе көш ілгері болады, қай мемлекеттердің мүмкіндігі аз деген сынды мәселелерге көңіл бөлдік», – деп жазады зертеуді ұйымдастырушылар. Аталған зерттеу аясында 2013 жылғы ақпан-мамыр аралығында жүргізілген халықаралық сауалнамаға әлемнің 63 елінен 300-ден астам сарапшы қатысты. Баяндаманы әзірлеу кезінде БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық экономикалық форум және өзге де халықаралық зерттеу ұйымдарының баяндамалары, ғылыми монографиялар, публицистикалық материалдар, халықаралық рейтингтік агенттіктер мен талдау орталықтарының рейтингтері сынды ақпарат көздерінің кабинеттік зерттеулері жасалды. «Перспектива – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» зерттеу қорытындысы бойынша дайындалған есеп ресми түрде БҰҰ, ХВҚ мен өзге де халықаралық ұйымдарға, G-20 елдерінің үкіметтері мен жаңа индустриалдық елдердің үкіметтеріне жіберіледі. Зерттеу қорытындыларын таныстыру және талқылау үшін «дөңгелек үстел» мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу жоспарланып отыр. Шаралар жөнінде ақпарат институт сайтына орналастырылады. 

Ертең Мәскеудегі РИА «Новости»-де «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры жаңа халықаралық сараптамалық зерттеу қорытындысы бойынша әзірленген «Перспектива – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» баяндамасын таныстырады, деп хабарланған қор сайтында. 

Атақты әлеуметтанушы Зигмунт Бауман «тұрақсыз қазіргі заман» немесе «қиялсыз қазіргі заман» деп сипаттаған біздің заманымыз уақыт кезеңінде болып жатқан оқиғалардың тығыздылығымен ғана ерекшеленбейді. Барлық салада қарқынды өзгерістер орын алуда, кшегі күннің тренді мен аксиомасы бүгін күманды бола қалады, делінген қор баяндамасында.

Біздің ғаламшардың болашағы жайында ой қозғай отырып, әлемдік зиялы қауым мүмкіндіктер арнасын іздейді. Постмодернизм дәуірі таңдау көрсеткішін неғұрлым жоғары кеңейтіп және қарама-қарсыны біріктіруге ұмтылып, осы ізденістерге ерекшеліктер енгізеді.

«Назарларыңызға ұсынылып отырған зерттеуде біз 2050 жылға дейін адамзат алдында қандай проблемалар пайда болады, оларды шешу мүмкін бе, қалай шешіледі және қаншалықты тиімді шешіледі, қандай елдер мен өңірлер бұл істе көш ілгері болады, қай мемлекеттердің мүмкіндігі аз деген сынды мәселелерге көңіл бөлдік», – деп жазады зертеуді ұйымдастырушылар.

Аталған зерттеу аясында 2013 жылғы ақпан-мамыр аралығында жүргізілген халықаралық сауалнамаға әлемнің 63 елінен 300-ден астам сарапшы қатысты. Баяндаманы әзірлеу кезінде БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық экономикалық форум және өзге де халықаралық зерттеу ұйымдарының баяндамалары, ғылыми монографиялар, публицистикалық материалдар, халықаралық рейтингтік агенттіктер мен талдау орталықтарының рейтингтері сынды ақпарат көздерінің кабинеттік зерттеулері жасалды.

«Перспектива – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» зерттеу қорытындысы бойынша дайындалған есеп ресми түрде БҰҰ, ХВҚ мен өзге де халықаралық ұйымдарға, G-20 елдерінің үкіметтері мен жаңа индустриалдық елдердің үкіметтеріне жіберіледі.

Зерттеу қорытындыларын таныстыру және талқылау үшін «дөңгелек үстел» мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу жоспарланып отыр. Шаралар жөнінде ақпарат институт сайтына орналастырылады. 

Бөлісу: