«Қазконтент» өткізген футболда «Хабар» командасы жеңімпаз атанды

29 Маусым 2013, 17:07

Бүгін Астана қаласында Журналистер күніне орай "Алатау" спорт кешенінде "Қазконтент" АҚ ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі футбол турнирінде «Хабар» агенттігінің журналистері Бас жүлдеге ие болды. Ал екінші орынға «Астана ақшамы» газетінің тілшілері еншілесе, «24.kz» телеарнасының командасы үшінші орынды тұрақтады. Аяқ доп додасына «Хабар» агенттігі», «24.kz», «Қазақстан Ұлттық арнасы», «Керекинфо» порталы, «Астана ақшамы» газеті, «Қазақ радиосы», «Қазмедиа» орталығы, «Қазконтент» АҚ секілді 8 команда қатысқан болатын. Турнирдің бірінші кездесуіне «Қазақстан Ұлттық арнасы» мен «Қазақ радиосы» командалары шығып, «Қазақ радиосы» 1:3 есебімен келесі кезеңге өткен еді. Одан кейін алаңға «Астана ақшамы» газеті мен «Керекинфо» порталының құрама командалары арасында өткен сайыста 4:1 есебімен алдыңғы команда басымдық танытты. Теңбіл доп додасында, үшінші болып кездескен «Қазконтент» АҚ жігіттерімен «24.kz» ойыншылары кездесіп, 0:3 есебімен «24.kz» командасы жеңіске жетті. Жалпы турнирдің соңғы кездесуінде "Қазмедиа" мен "Хабар"-дың ала доп шеберлері бақ сынасып, ойын 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти белгіленген болатын. Нәтижесінде, "Хабар" ойыншылары мергендік танытып 3:2 есебімен еселеді. Жартылай финалға жолдама алған "Қазақ " радиосы мен "Астана ақшамының" азаматтары алдымен сайысқа түсті. Тең түскен қос команда пенальти тебісіп, "Астана ақшамы" 3:2 есебімен алға шықты. Жартылай финалда екінші болып кездесу өткізген "Хабар" мен "24.kz" командалары арасында өткен тартысты ойын "Хабар" журналистерінің пайдасына шешілді. Есеп 4:0. Енді үшінші орынға талас "24.kz" пен "Қазақ радиосы" арасында ұйымдастырылды. «Қазақ радиосының» құрама командасын 0-1 есебімен жеңген «24.kz» жігіттері үшінші орынды меншіктеді. Ақтық сынға жолдама алған «Хабар» мен «Астана ақшамы» командалары тартысты ойын өрнегін көрсетті. Белгіленген уақыт аралығында қос команда қақпасы екі-екіден доп қабылдап, кіл мықтыны анықтау пенальти тебуге бағытталды. Мұнда «Хабардың» жігіттері өз мергендіктерін анық байқатып, 3:2 есебімен Бас жүлдені қанжығаларына байлады. Жалпы, барлық команда мүшелеріне турнирдің өтуіне атсалысып, жеңіске деген жігерлілік танытқандары үшін «Қазконтент» АҚ дайындаған арнайы сыйлықтар үлестірілді. Ал ерекше өнер көрсеткен «Үздік ойыншы» ретінде «Хабар» агенттігінің қызметкері Қожатаев Ершат танылса, «Үздік қақпашы» атағы "24.kz" телеарнасының маманы Сламбеков Мақсатқа бұйырды. Baq.kz Майгүл СҰЛТАН  

Бүгін Астана қаласында Журналистер күніне орай "Алатау" спорт кешенінде "Қазконтент" АҚ ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі футбол турнирінде «Хабар» агенттігінің журналистері Бас жүлдеге ие болды. Ал екінші орынға «Астана ақшамы» газетінің тілшілері еншілесе, «24.kz» телеарнасының командасы үшінші орынды тұрақтады.

Аяқ доп додасына «Хабар» агенттігі», «24.kz», «Қазақстан Ұлттық арнасы», «Керекинфо» порталы, «Астана ақшамы» газеті, «Қазақ радиосы», «Қазмедиа» орталығы, «Қазконтент» АҚ секілді 8 команда қатысқан болатын.

Турнирдің бірінші кездесуіне «Қазақстан Ұлттық арнасы» мен «Қазақ радиосы» командалары шығып, «Қазақ радиосы» 1:3 есебімен келесі кезеңге өткен еді.

Одан кейін алаңға «Астана ақшамы» газеті мен «Керекинфо» порталының құрама командалары арасында өткен сайыста 4:1 есебімен алдыңғы команда басымдық танытты.

Теңбіл доп додасында, үшінші болып кездескен «Қазконтент» АҚ жігіттерімен «24.kz» ойыншылары кездесіп, 0:3 есебімен «24.kz» командасы жеңіске жетті.

Жалпы турнирдің соңғы кездесуінде "Қазмедиа" мен "Хабар"-дың ала доп шеберлері бақ сынасып, ойын 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти белгіленген болатын. Нәтижесінде, "Хабар" ойыншылары мергендік танытып 3:2 есебімен еселеді.

Жартылай финалға жолдама алған "Қазақ " радиосы мен "Астана ақшамының" азаматтары алдымен сайысқа түсті. Тең түскен қос команда пенальти тебісіп, "Астана ақшамы" 3:2 есебімен алға шықты. Жартылай финалда екінші болып кездесу өткізген "Хабар" мен "24.kz" командалары арасында өткен тартысты ойын "Хабар" журналистерінің пайдасына шешілді. Есеп 4:0.

Енді үшінші орынға талас "24.kz" пен "Қазақ радиосы" арасында ұйымдастырылды. «Қазақ радиосының» құрама командасын 0-1 есебімен жеңген «24.kz» жігіттері үшінші орынды меншіктеді. Ақтық сынға жолдама алған «Хабар» мен «Астана ақшамы» командалары тартысты ойын өрнегін көрсетті. Белгіленген уақыт аралығында қос команда қақпасы екі-екіден доп қабылдап, кіл мықтыны анықтау пенальти тебуге бағытталды. Мұнда «Хабардың» жігіттері өз мергендіктерін анық байқатып, 3:2 есебімен Бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Жалпы, барлық команда мүшелеріне турнирдің өтуіне атсалысып, жеңіске деген жігерлілік танытқандары үшін «Қазконтент» АҚ дайындаған арнайы сыйлықтар үлестірілді. Ал ерекше өнер көрсеткен «Үздік ойыншы» ретінде «Хабар» агенттігінің қызметкері Қожатаев Ершат танылса, «Үздік қақпашы» атағы "24.kz" телеарнасының маманы Сламбеков Мақсатқа бұйырды.

Baq.kz

Майгүл СҰЛТАН

 

Бөлісу: