3 жылда МҮИИДБ аясында 4,2 млрд доллардың тауары экспортталған

29 Маусым 2013, 17:00

Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы қолға алынғаннан бері 4,2 млрд доллардың тауары экспортталған. Бұл туралы BNews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 3 жыл ішінде 4,2 млрд теңгенің дайын тауары экспортталды. Бағдарлама қолға алынғаннан бері Қазақстанда 500 жаңа кәсіпорын ашылып, өндіріс көлемі айтарлықтай артты. Мемлекет басшысы ҮИИД бағдарламасы екі бесжылдықтың ішінде экономиканың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету туралы міндетін қойған болатын. Жасалған жұмыстардың нәтижесі ретінде қазір елімізде экспортты дамытып, оларды қолдаудың кешенді жүйесі жасалды. Шикізаттық емес сектордағы 1500 кәсіпорын мемлекеттік қолдауға ие болды. Бағдарламаның басты міндетінің бірі отандық компаниялардың сыртқы нарыққа шығуын ынталандыру болып табылады. Сол үшін «Экспорттаушы-2020» бағдарламасы дайындалған. 2010-2012 жылдар аралығында 131 экспорттаушы кәсіпорынға 530 млн теңгеден астам қаржыға көмек берілді.

Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы қолға алынғаннан бері 4,2 млрд доллардың тауары экспортталған. Бұл туралы BNews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

3 жыл ішінде 4,2 млрд теңгенің дайын тауары экспортталды. Бағдарлама қолға алынғаннан бері Қазақстанда 500 жаңа кәсіпорын ашылып, өндіріс көлемі айтарлықтай артты. Мемлекет басшысы ҮИИД бағдарламасы екі бесжылдықтың ішінде экономиканың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету туралы міндетін қойған болатын.

Жасалған жұмыстардың нәтижесі ретінде қазір елімізде экспортты дамытып, оларды қолдаудың кешенді жүйесі жасалды. Шикізаттық емес сектордағы 1500 кәсіпорын мемлекеттік қолдауға ие болды.

Бағдарламаның басты міндетінің бірі отандық компаниялардың сыртқы нарыққа шығуын ынталандыру болып табылады. Сол үшін «Экспорттаушы-2020» бағдарламасы дайындалған. 2010-2012 жылдар аралығында 131 экспорттаушы кәсіпорынға 530 млн теңгеден астам қаржыға көмек берілді.

Бөлісу: