«ZHERSU POWER» ЖШС аккумулятор зауыты еуропалық жаңа технологияны меңгеруді жоспарлап отыр. Ол зауыт өнімін еуроодаққа шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.
Бұған қоса зауыт «Evolution» тепловозына арналған гелийлі батареялары өндірісі технологиясы енгізіліп жатыр. Атап өтерлігі, елімізде бұл өнімнің баласы жоқ.
Қазіргі таңда зауыттың өнімдері Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресейге шығарылады. Экспорттық үлесі 65%-ға жетті.
2010 жылы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша несие үстемақысы субсидияланады. Соның нәтижесінде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі артып, өндіріс көлемі 23%-ға көбейді. 30-дан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Қазір зауытта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл аккумулятор өндірісі көлемін 3 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Өткен жылы бірқатар жаңа құрал-жабдықтар алынды.