Мәрсекұлы Райымжан

27 Маусым 2013, 17:27

Мәрсекұлы Райымжан - көрнекті Алаш қозғалысының қайраткері, қаламгер. 1879 жылы Семей облысы Өскемен уезі Айыртау болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд.) туған. Елдегі мектепті бітірген соң ол Омбы гимназиясына қабылданады. Оны тәмамдаған соң алғаш Қазан университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1899 жылы Санкт-Петербор университетінің аталған факультетіне ауысады. Бірақ сол жылы астанадағы студенттер толқуына қатысып, оқудан шығарылады. Бірақ 3-4 айдан соң ізденіп, білімін қайта жалғастырады. 1902 жылы университетті бітіріп, Семей округтік сотына қызметке тұрады. Кешікпей Омбыға адвокат қызметіне шақырылады. Ол осында 1912 жылға дейін істейді. 1912-1913 жылдары Ж.Сейдалин, М.Қаратайұлы сынды азаматтармен бірігіп жалпықазақ съезін шақыруды жақтайды. 1915 жылы Семейдегі әдеби кеште қазақ әдебиеті туралы баяндама жасап, білікті маман ретінде танытады. «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа» басылымдарында ел, саясат, білім-ғылым, құқықтану жөнінде мақалалар жариялайды. Ақпан төңкерісінен кейін Семей облыстық Қазақ комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің мүшесі, сот төрағасы қызметтерін атқарады. 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. 1918 жылы Семей облыстық земствосының төрағасы болып сайланады. Осы шамада Сібір үкіметінің Алаш милициясына қатысты бұратарушылығына қарсы шығады. Алашорданың 1918 жылы маусымдағы жарлығына сәйкес, Семейде Алаш полкін жасақтауға басшылық жасайды. Қаланы большевиктер алғанда, Зайсанда Алаш бөлімшесін ашып, соған жетекшілік етеді. 1919 жылы мұндағы Алаш полкі 500 солдаты бар Бабенко жасағымен соғысады. Қанды қырғыннан кейін амалсыз бас сауғалайды. 1922 жылы Семей губаткомына нұсқаушы-ревизор болып қызметке тұрады. Сол жылы әліптің аяғын баққан қайраткер Қытайға өтіп кетеді. Мұнда алғаш Алтай аймағында, сонан кейін Тарбағатайдағы Қызыр Үкіртайға қоныс тебеді. Қытай жағындағы Алаш қозғалысының өзіндік тарихы бар. Қайраткер 1918 жылы сәуірде Шәуешекке А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бірге барып, сол жақтың зиялыларымен ел болашағы туралы кеңес өткізген, бұған Аманжолұлы Садық та қатысқан. Енді ол осы жолды қайта жалғастырады. ҰҚК құпия мәліметіне қарағанда, «Р.Мәрсекұлы 30 адамдық қаруланған Алаш отрядымен» Шара-Сумэ, Қабық аталатын жерлердегі бай қазақтарға жолыққан және енді Алтайды бағыттап келеді. Қайраткердің Қытайдағы күрес жолы толық зерттелмеген. Оны 1937 жылы Текес атты жерде сондағы арнаулы қызмет адамдары Ы.Жайнақұлы, Иса төре деген азаматтармен бірге тұтқындап, Құлжа қаласында нақақ өлтірген.

Бөлісу: